1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні аталып өтілді. Кафедра меңгерушісі Эфенддиев Имдат Муса Оглы Елбасының Тәуелсіздік жолындағы сындарлы саясаты мен ел экономикасын көтерудегі еңбектеріне тоқталды. Мерекелік іс шара ағымдағы 4 курс ЖМФ 4306, 4305, 4327 топтарының студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.