Тұңғыш президент күні қарсаңында университетіміздің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Рүстем Екібаев «Semei» телеарнасының «Бағдар мен белес» бағдарламасына қатысты. Сұхбат барысында Рүстем Жақсыбекұлы тәуелсіз елдің қалыптасуындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі жайлы пікірін білдірді. Университет оқытушысы атап өткендей, 1991 жылдың 1 желтоқсаны – Қазақстанның Тәуелсіздік тарихындағы ерекше дата. Өйткені дәл осы күні Қазақстан халқы жалпыұлттық сайлау барысында ел тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолына сеніп тапсырған еді. Қазақстан Республикасындағы тұңғыш рет демократиялық негізде жүзеге асқан бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды.
