2021 жылдың 7 қазан айында СМУ гистология кафедрасында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” жолдамасын «Жалпы медицина» мамандығының 2209, 2215, 2318 кураторлық топтарымен кураторлық сағат өткізіп, талқылады.
Ел Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Бірінші байлық –денсаулық» деп халқымыз бекер айтпағандығына және коронавирус індеті еліміздің денсаулық саласы үшін өте үлкен сынақ болғанын айтты. Қазақстан короновирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі және біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқтығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қазір QazVac–қа өзге мемлекеттер де сұраныс жасап жатқандығына назар аударды. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана өте қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек екендігін нақтылап айтты. Қазіргі кезеңде «бустерлік вакцинаны», Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет екендігін тапсырды. Сонымен бірге, еліміздің бүкіл денсаулық саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындап, биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс екендігін қадап айтты. Сондай-ақ, Президент медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханаларымыз халықаралық стандартқа сай еместігін айта келіп, кемінде 12 зертхананы жоғарғы технологиялық құралдармен жабдықтау қажеттігіне ерекше назар аударды. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықтың талапқа сай жұмыс істейтін болатындығын еске салды.
Медицина саласына қомақты қаржы құю керектігін айта келіп, бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етуге жұмсалу керектігін қадап айтты. Фармацевтика өнер кәсібіне ерекше көңіл бөліп, жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру керектігін ерекше атап өтті. Президент «денсаулық кепілі-дене шынықтыру» екендігіне еске сала келіп, жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екендігін тағы да қайталап айтты.
Гистология кафедрасы