Қазан айының 5-6 күні «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығынын 4 курс студенттеріне арналған Басқарушылық олимпиада – 2021 өтті. Олимпиада бағдарламасы 2 турдан тұрды. 1-ші турда барлық топ студенттері қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент бойынша жеке тестілеуден өтті. Екінші турда әрбір топтан 5 адамнан команда құрылды. Топтық кезеңнің тапсырмалары ретінде басқару дағдылары бойынша сөзжұмбақтар, тәжірибелік есептер және шығармашылық тапсырмалар берілді.
Басқарушылық олимпиаданың нәтижесінде 1 турдың жеңімпазы Томирис Канапина (401 топ ҚДС) атанды. 2 турда 1 орынға – «Номер один» командасы; 2 орынға – «Гиппократ» командасы; 3 орынға – «Лаванда» командасы ие болды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлақтар берілді.
Қоғамдық денсаулық кафедрасы Семей медицина университетінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.С. Советов мырзаға демеушілік қолдау білдіргені үшін ерекше алғысын білдіреді.