Қыркүйектің 16-сы күні жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Садыкова Лиза Кәдірханқызына бекітілген «Педиатрия» мамандығының 1330 кураторлық тобымен алғашқы тәрбие сағаты өткізілді. Топпен жан-жақты танысу жүргізілген соң, топ белсенділерін тағайындап, кураторлық топпен жүргізілетін тәрбие жұмысы жоспары таныстырылды. Топ студенттерінің көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелер мен сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы таныстырылды.
Жолдауда көрсетілген халық жағдайын жақсартуға бағытталған игі істер мен бастамаларды топ студенттерінің назарына ұсыну арқылы, олардың еліміздің қоғамдық және саяси өмірінен хабардар болуын қамтамасыз ету, соның ішінде қоғамның дамуындағы экономика, өнеркәсіп, білім, денсаулық сақтау сияқты т.б. басты салалардағы басым бағыттарға тоқтала отырып, келер жылы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудағы негізгі 5 бастамаға ерекше назар аударылды.
Қазақстан азаматы ретінде қоғамдық мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз президентіміздің алға қойған міндеттерін, сонымен қоса, топтың алға қойған тәрбие жұмысы жоспары бойынша атқарылатын шараларды бірігіп жүзеге асыру біздің басты міндетіміз деп танып, белсенді түрде атсалысуымыз қажеттілігі айтылды.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы оқытушысы Л.К. Садыкова