2021 жылғы 6-шы қыркүйек күні жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында 5434 топ студенттерімен дөңгелек үстел жүргізілді. Дөңгелек үстел тақырыбы “ҚР президентінің “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты жолдауы”. Дөңгелек үстел барысында 5434 топ студенті Айдана Назарбекова президенттің алға қойған XI жоспарын және маңызды деген мәселелерге тоқталды. Іс-шараны нәтижелей келе студенттер арасында талқылау жүргізілді. Әр студент өзінің пікірін білдіріп, сұрақтар қойды. Қорытындылай келе 5434 топ студенттері президент жолдауына толықтай қолдау білдірді.
Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы