Біз 3328 топ студенттері Мұхаметали Қосанов пен Санжар Сейтбеков 26.05-23.06.2021 жылы ШҚО, Ұлан ауданы Ново-Канайка ауылында орналасқан Психиатриалық ауруханада мейірбикелік іс бойынша оқу практикасын өттік. Алғашқы күні Жүйке ауруханасының бас дәрігері А.Е. Рағызбаевамен жолығып бізге Ерлер-4 бөлімшесін тағайындап берді. Сағат 8-де жұмысқа келіп, жұмыс күнімізді киім ауыстырудан бастадық. Халат, қалпағымызды және аяқ киімімізді ауыстырып, қолымызды тазалап жудық. 4 бөлімшенің бас медбикесі Мукатаева К.О бізге жетекшілік етті. Жетекшіміз бізге Емшара кабинеттерінің (СанЕмН) күтімі туралы қолданыстағы нұсқаулықтармен және нормалармен таныстырды. Іске кірісіп, ауысымды қабылдадық. Ауысымды қабылдай отырып, құжатты ретке келтірдік. Бұдан кейін ТБ01 құжатына сәйкес жұмыс жасап үйрендік. Ол жерде әр науқасқа қажетті дәрі-дәрмек, емдеу түрлері және салмағы көрсетілген. Дәрі-дәрмекті науқастардың бөлмесіне апарып, қолдан-қолға тараттық. Дәріні тамақтан кейін 30 минут өткен соң ішеді. Дәрінің міндетті түрде ішілуін қатты қадағаладық. Қабылдағаннан кейін кері әсерін тигізіп-тигізбей жатқандығын сұрадық. Дәрілерді таратып болған соң орнымызға қайта оралып, науқастарды анализге немесе басқа емге бағыттаймыз. Науқастар барлық емге дәрігермен бірге барып отырды. Сонымен қатар дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету; ауруханалардағы науқастарды күту; дәрі егу және артериалдық қысымды өлшеу, ауруларға дәрі беру сияқты медициналық ем-шараларды орындау; медициналық құжаттамалармен жұмыс істеу (рецепттер, анықтамалар, қаралуға жолдамалар беру) сияқты біршама жұмыстарды атқара отырып күнделікті өзіміздің қоржынымызға салып отырдық. Медбике мамандығына берілген құрғақ қана анықтама. Қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, медбикелер атақаратын жұмысы асқан жауапкершілікті қажет етеді. Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Дәрігердің мамандығы – ерлік. Адал қызметкер болу – бұл құрметке, беделге жеткізетін мінездеменің сипаты. Жақсы мейірбике – адамдардың арасындағы жақсы мен жаманның арасын айыра білуі және білімді, іскер, шыдамды, қайырымды, алдына қойған мақсатына жете білуі қажет. Науқастарға көмек көрсете отырып, мейірбике өзінің жеке басының барлық жақсы қасиеттері мен артықшылықтарын толық пайдалануы тиіс екенің ұғындық.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу