Әскери кафедрада оқу-жаттығу жиындары өтуде. Бұдан бөлек, кафедрада тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарына ерекше назар аударылады. 3 взвод курсанттары әскери кафедра оқытушысы м/қ подполковнигі Смагулов А.Т. жетекшілігінде онлайн форматта тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» Абай үй-мұражайына барып қайтты. Этнографиялық қызығушылық тудыратын экспонаттар курсанттарды Абай дәуірімен таныстырды. Үй-мұражай экспозициясы ұлы жазушы мен ғалымның өмірі мен шығармашылығымен таныстырады.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу