2021 жылдың 21 шілдесі мен 24 тамызы аралығында Семей медицина университетінің әскери кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған оқу сабақтары өткізіледі.
Оқу-жаттығу жиынының басшылығы қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери жолдастықты, әскери намысты, батылдықты, батырлық пен әскери борышын өтеуге дайындық, тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөледі.
Оқу-жаттығу бөлімінің курсанттарымен тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарына сәйкес Семей қаласындағы мұражайларды онлайн режимінде тамашалады. 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және батырлар Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетов өмірбаяндары және Ауғанстан Республикасындағы соғыс кезінде әскери борышын өтеген жауынгер интернационалистер туралы деректі фильмдер көрсетілді.
7 тамызда жеке құрам 1979-1989 жылдардағы Ауғанстан Республикасындағы оқиғалар мен ауған халқының бейбіт өмірін қорғау үшін әскери борышын абыроймен атқарған интернационалист сарбаздар туралы «80 – Отдельная разведывательная рота» деректі фильмін тамашалады.