Құрметті әріптестер!
2021 жылдың 28 тамызында «Семей медицина университеті» КеАҚ Сізді Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған «Экология. Радиация. Денсаулық» атты XV халықаралық ғылыми–тәжірибелік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдары мен клиницистері қатысады. Конференцияға қатысу үшін мына сілтеме бойынша онлайн тіркелу арқылы өтінім беру қажет.
Конференцияның секциялары:
1. Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік
2. Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері
3. Экологиялық қолайсыз аумақтардағы тұрғындардың ауруларын диагностикалау,
емдеу, алдын алу және оңалту
4. Жас ғалымдар секциясы
5. Стендтік баяндамалар (poster walk)
Тезистер және баяндамалар 2021 жылы 10 тамызға дейін мына электрондық
мекенжай бойынша қабылданады: theses@nao-mus.kz.
Ғылыми-зерттеу бөлімі: ҒЗБ маманы
Музапарханов Гайса Бауыржанович +7 (775) 369 36 09