Құрметті талапкерлер және олардың ата-аналары! Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілдеден басталады.
Толық ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшасынан және электрондық үкімет порталынан алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022 оқу жылына Денсаулық сақтау саласындағы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына 2700 грант бөлінген, оның ішінде 1575 – «Жалпы медицина» мамандығына, 500 – «Педиатрия» мамандығына, 150 – «Қоғамдық денсаулық» мамандығына, 50 – «Фармация» мамандығына, 20 – «Мейіргер ісі» мамандығына, 20 – «Стоматология» мамандығына, 20 – халықаралық келісімдер бойынша шетел азаматтарын оқытуға. Сондай-ақ, 27 квота – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін (1 %), 27 квота – I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін (1 %), 14 квота – жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін (0,5 %), 108 квота – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға (4 %), 135 квота – кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін (5%), 27 квота кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін (1%), 27 квота -бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін (1%).