19-23 сәуір аралығында Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасында оқытушылар мен студенттерге арналған «Эволюция және артериялық гипертензия мәселелерінің қазіргі жағдайы» тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-класс өткізу үшін кафедраға медицина ғылымдарының кандидаты, Астана медицина университетінің № 2 отбасылық медицина кафедрасының профессоры Керимкулова Айман Сайлаубекқызы шақырылды. Мастер-класс бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтыды:
1. Артериялық гипертензия мәселелерінің өзектілігі. Қан қысымының жоғарылау себептері мен механизмдері.
2. Артериялық гипертензия диагнозын коюдағы диагностикалық мүмкіндіктер. Артериялық гипертензия жіктелулерінің сұрақтары.
3. Артериялық қан қысымының төмендеуіне әсер ету мүмкіндіктері. Дәрілік затты таңдау.
4. COVID-19 кезіндегі артерияялық гипертензия емінің ерекшеліктері.
5. Жүрек-қан тамырлары асқынуларының алдын-алуға байланысты алдын-алу шараларының заманауи мүмкіндіктері.
Мастер-класстың басты мақсаты – артериялық гипертензия мәселелері бойынша білімді тереңдету және оларды оқытуда қолдану. Спикер Айман Сайлаубекқызы кардиологтар, терапевтер, жалпы тәжірибелік дәрігерінің тәжірибесінде жиі кездесетін жүрек ауруларының бірі болып табылатын артериялық гипертензия туралы ақпарат берді. Бізге, патофизиологтар ретінде, артериялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі қызықты болды. Бағдарламаны игеру барысында біз эссенциалды және симптоматикалық артериялық гипертензияларды анықтауда және салыстырмалы диагностикалау тәсілдерін білуге мүмкіндік алдық. Артериялық гипертензия түрлерін, қосымша патологиялық жағдайларды, жедел гипертониялық жағдай белгілерінің болуын ескере отырып, науқастарды дербес емдеу бойынша кәсіби дағдылар ұсынылды. Тәжірибе көрсеткендей, артериялық гипертензиямен күресте сәттілікке жетелейтін бірқатар шаралар бар. Ең алдымен алдын алу шаралары. Содан кейін – заманауи ұсыныстар бойынша тиімді емдеу. Спикер бүгінде гипертензияға қарсы дәрі-дәрмектерді қолдануда күрт өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Қан қысымының жоғарылауының нақты механизміне осы дәрі-дәрмектердің тиімділігі, қауіпсіздігі және нақты бағытталғандығы артты. А.С. Керімқұлова COVID-19 кезіндегі артериялық гипертензияны емдеу ерекшеліктеріне тоқталды.
Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының атынан Айман Сайлаубекқызы Керімқұловаға ақпараттық мастер-класс үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы