18-ші желтоқсанда ZOOM платформасы негізінде ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында 2204, 2217, 2218 топ студенттері мен топ кураторлары Г.Р. Ибраева, А.С. Төлеухан, Н.Г. Разаковалардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өтті. Кездесу барысында 2218 топ студенттері «Қазақстанның Тәуелсіздік күні» тақырыбында презентация дайындап, желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы ақпараттармен таныстырды. 2204-ші және 2217-ші топ студенттері Ақбота Кабитова мен Ұлпан Рымбаева ақындар М. Шаханов пен Қ. Саринның өлеңдерін оқыды. Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу