2020 жылдың қараша айының 26-сында Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс 2116 топ студенттерінің қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат Zoom платформасында өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұматты білу, жастар жүрегінде Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз тарихын білу.
Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов). Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді. Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева
2116 топ студенті Дильназ Зарыпханова