“Жалпы медицина” мамандығының 1223 топ студенттері 24 қараша күні өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараға қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасымен бірге жүргізілді. Басқосу барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов дәріс оқыды. Яғни, бұл дәрісте көрсетілген мұрағат құжаттары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның конституциялық және құқықтық негіздерінің қалыптасуындағы рөлін терең көрсетуге мүмкіндік берді. Топ студенттері Елбасы туралы тың деректермен танысты. Дәріс терең мағыналы болып, студенттер жаңа ақпаратпен танысты.
Куратор Б.А. Жоргатаева
Топ студенті А.Б. Терлікбаев