Құрметті Азат Әнуарбекұлы!
Сізді 75 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жетпісінші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ұстаздық, ғалымдықты бірдей ұштастырып, білікті басшы, шебер ұйымдастырушы, зерделі ғалым екендігіңізді таныттыңыз. Хирургия және травматология ғылымдарының ауыр жолдарындағы баспалдақтармен көтеріліп, көптеген шәкірттер тәрбилей алдыңыз, сол шәкірттеріңіз бүгінгі күнде республиканың түкпір-түкпірінде еңбек етуде, яғни бұл сіздің мақтанышпен айта алатын қажырлы еңбегіңіздің жемісі.
Сізді қоғамдық, мемлекеттік деңгейдегі мәні зор маңызды істердің ешқайсысына да бейтарап қарамайтын, қайта азаматтық ұстанымын айқын танытатын, ойларын ашық айта білетін, көпшілік назарына ұсынатын тұлға ретінде танып білдік.
Бүгінгі 75 жасқа келген мерейтойыңызбен құттықтай отырып, ақыл-парасаттың кемеліне толған осы бір бақытты шағыңыз, алдағы өмірде де мазмұнды да, мәнді жалғасын табатынына кәміл сенеміз!
Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, өміріңізге бақыт, қайраткерлік еңбегіңізге мол табыс тілейміз!
Көрініп көктемдейін өміріңіз
Қуанышқа толы боп тұр пейіліңіз.
75-ке толдыңыз халқың білер
Жалындап, жадырап тұр көңіліңіз.
Жүрегін жұртыңыздың емдедіңіз,
Көрініп адал іспен өр-көгіңіз.
Жемісін жақсылықпен бере берсін,
Ел үшін етіп жатқан еңбегіңіз!
Тәрбие, тәліміңіз ғажап тіпті,
Ұмытпай жүрген жансыз қазақтықты.
АЗАТ боп аталған соң есіміңіз
Жаныңыз жақсы көред азаттықты!
Шайқалмасын ешқашан тұғырыңыз,
Ұлт үшін өзгермесін ұғымыңыз.
Қызығы таусылмасын адамдықтың,
Өмірде ұзақ болып ғұмырыңыз!
Ізгі тілекпен,
Балалар хирургиясы, ортопедия және Д.М.Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының ұжымы
17.11.2020 жыл