Бұл күндері университетіміздің түлегі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Кравцов Владимир Иванович өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. В.И. Кравцов 1964-1967 жылдары аспирант болды, кейін ассистент лауазымына ауыстырылды. Ол 1975 жылдан бастап доцент лауазымында жұмыс істеді. Кандидаттық диссертациясын профессор Т.А. Назарованың жетекшілігімен 1969 жылы аяқтады. 1993 жылы Владимир Иванович медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1994 жылдан бастап патофизиология кафедрасының профессоры және сонымен қатар институттың ҒЗЗО меңгерушісі болды.
В.И. Кравцов 1994 – 1999 жылдар аралығында оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болып қызмет атқарды. 1997 жылы конкурс бойынша патофизиология, қалыпты физиология, жалпы гигиена және нутрициология, әлеуметтік медицина және менеджмент курстары бар физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. Владимир Иванович Қазақстан Республикасындағы патофизиологтар Мектебінің қалыптасуының бастауында тұрды.
Университетті дамытуға көпжылдық және жемісті еңбегі үшін В.И. Кравцов Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1985 ж.), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (1996 ж.) және «Отличник образования Республики Казахстан» төсбелгісімен (1998 ж.) марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының халқын қорғау ісіндегі ерекше еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды (2000 ж.).
Бірнеше ондаған жылдар бойы Владимир Иванович біздің университет қабырғасында жас ұрпақты оқытумен және тәрбиелеумен айналысты. Ол студенттерге өз білімімен жомарттықпен бөлісіп, ғылыми зерттеулердің қыр-сырын үйретті. Медициналық білім берудегі заманауи талаптарға қадам баса отырып, В.И. Кравцов оқытудың жаңа технологияларын және жоғары мектеп оқытушысының құзыреттіліктерін меңгерді. Владимир Ивановичтің тәжірибелік сабақтары мен дәрістері жоғары педагогикалық шеберліктің үлгісі болды және студенттерге патологиялық физиологияның мәнін дұрыс түсінуге көмектесті. Ол әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысты, патологиялық физиология бойынша оқытушылар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдарды шығарды.
Мейірімділік, жоғары жауапкершілік, табиғи қарапайымдылық пен парасаттылықпен үйлесетін эрудиция мен кәсібилік -міне осы қасиеттер Владимир Иванович Кравцовты ерекшелейді.
Құрметті Владимир Иванович! Біз үшін сіз үлгі боласыз! Сізге мықты денсаулық, белсенді ұзақ өмір және жаныңызға үйлесімділік тілейміз! Сіздің өміріңізде мүмкіндігінше қызықты оқиғалар, қуанышты кездесулер, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, бақыт пен сәттілік болсын!
Мерейтойыңызбен, құрметті Владимир Иванович!
Т. А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының ұжымы