29 қазанда сағат «FAMS» студенттік жастар клубы Дүниежүзілік инсульт күні аясында Семей медицина университетінің жоғары санатты невропатолог, неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті Дмитрий Павлович Брыжахиннің мастер-классын өткізді.
Бұл іс-шарада студенттер: инсульттің жалпы түсінігін, инсультты ерте сатысында қалай тануға болатындығын, инсульттің алдын алу қалай жүзеге асырылатындығын, бүкіл әлем бойынша және біздің аймақтағы статистиканы, Дмитрий Павловичтің өмірі туралы қызықты фактілерді білді. Студенттер дәріске белсенді қатысып, түрлі қызықты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, инсульт кезінде алғашқы медициналық көмек, екінші инсульттің алдын-алу туралы ақпарат алды.
Сондай-ақ, кездесуде ұйым мүшелері жасаған, инсульт факторларын түсіндіретін бейнефильм көрсетілді. Мастер-класс Google Meet ашық алаңында өтіп, іс-шараға барлығы 100 адам қатысты.