24-25 қазан күндері клубымызға биыл қадам басқан жас буындар үшін арнайы университетішілік онлайн Halloween стилінде пікірсайыс турнирі өтті.
Пікірсайыс турниріне клубымыздың дебатқа алғашқы жыл қадам басқан жас буындары мен аға буындардан құралған аралас фракциялары қатысты.
Бұл турнирдің басты мақсаты пікірсайысқа алғаш келген жас буындарды клубымыздың аға буындарымен бірге ойнатып, тәжірибе алмастыру болып табылады.
Турнир қорытындысы бойынша:
“ҮЗДІК СПИКЕР” – 1 курс студенті Серікбекова Әлия;
Финалист – 6 курс дәрігер-интерн Қыдырмолдин Елдар, 1 курс студенті Ашимова Еркежан
3 орын – 4 курс студенті Қайрғазы Темірлан, 1 курс студенті Жұматай Жангүл
2 орын – 4 курс студенті Насырова Еркежан, 1 курс студенті Серікбекова Әлия
1 орын – 5 курс студенті Исахан Нұрбақыт, 2 курс студенті Бөкешова Гүлназ иеленді.
Жеңімпаздар, арнайы дипломмен марапатталып, 1 орынға кубок табысталды.
Жас пікірсайысшыларымызды алғашқы жеңісімен құттықтай отырып, алда жетістіктерге жете беруге тілектес екенімізді білдіргіміз келеді.