2020 жылғы қазанның 23-і күні Семей медицина университеті студенттерінің «Дариға-ай» жастар театрының әртістері Әділжан Серікқалиұлы және Ислам Азизовпен кездесуі өтті. Басқосу барысында студенттер театр әлемі жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Актерлер сұрақтарға жауап бере отырып, театр саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Әртістер студенттік «Кемел» театрының жас өнерпаздарымен өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Өнер жолының қызығы мен қиыншылығы сөз етілді. Студенттер мен актерлер арасында орнаған кері байланыс арқылы қоғамдағы театрдың маңыздылығы айтылды. Ұйымдастырылған кездесу нәтижесінде студенттердің театр өнеріне деген қызығушылығы арта түсті. Театр – қоғамдық ой сананың бірден-бір формасы. Бұл өнер жолының өсіп-өркендеуі халқымыздың мәдениеті мен әдет-ғұрпының дамуына зор үлесін қосады. Мұхтар Әуезов «Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі» деп бекер айтпаса керек.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу