Қамқорлық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Жас ұрпаққа қамқорлық жасап, қайырымдылық пен ізгілікті бойларына сіңіре білдіру үлкендердің парызы. Сондай бастамамен университетте іске асырылып жатқан жұмыстардың бірі – әрбір кафедра қамқорлығындағы студенттер.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары стоматология мамандығының студентін қамқорлығына алып, ай сайын шәкіртақы тағайындады. Жасалып жатқан қамқорлықтарда тек қаржылай көмек емес, студенттің терең білім алуы мен рухани-мәдени қалыптасуына да ықпал жасауда.
Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған, айналамыздағыларға қолымыздан келген көмегімізді көрсету – адамгершілік міндетіміз.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары