Әлемде емдеуге келмейтін аурулардың сансыз түрі бар. Бұл тек белгілі обыр мен ЖИТС ғана емес, сонымен қатар өлімге әкелетін жүзден астам аурулар бар. Мұндай көмек көрсетілетін мекемелердің негізгі нысаны хоспис. Хосписте науқастарды емдеумен емес, олардың жағдайын, өмір сүру сапасын қолдаумен, ауыр аурудан туындаған азап шегуден арылумен, сондай-ақ осындай пациенттердің туыстарына көмек көрсету бойынша іс-шаралар кешенімен айналысады. Біздің қаламызда осындай жағдайы ауыр науқастарға арнап Ирландиялық хоспис салынған.
Ақпан айының 1-ші жұлдызында 4328-топтың студенттері факультеттік терапия кафедрасының оқытушысы – кураторы Майгул Бектуровнамен Ирландиялық хосписте волонтерлік шара өткізді.
Студенттер хоспистағы жандарға демеу болып, әрқайсысы қолдарынан келгенше көмектерін көрсетті.
Факультеттік терапия кафедрасының ассистенті Селгазина М.Б.