2020 жылдың 30 қаңтарында Басқарма Төрағасы – Ректор Жүнісов Е.Т. медицина мектебінің шетел бөліміндегі 1-5 курс студенттерімен кездесу өткізді. Аталған шараға Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Фазыл Сердар Гюрель (Fazıl Serdar Gürel), академиялық жұмыс департаментінің директоры Жүнісова А.Б., медицина мектебінің деканы Пак Л.А., декан орынбасары Уристемова А.К., әдіскер Омарова А.Е., медициналық білім сапасын бақылау бөлімінің әдіскері Проказюк А.А. қатысты.
Басқарма Төрағасы – Ректор Жүнісов Е.Т. студенттермен осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, 2019 жылы желтоқсан айында шетел бөлімінің алдыңғы оқу жылының 27 түлегі MCI емтиханын бірінші реттен тапсырғанын қуанышпен хабарлады. Сөз соныңда 2020-2021 оқу жылына жоспармен бөлісті.
Фазыл Сердар Гюрель (Fazıl Serdar Gürel) Түркия еліндегі білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Медициналық білім сапасын бақылау бөлімінің әдіскері Проказюк А.А. KEYPS жаңа бағалау жүйесінің басымдылығы мен ерекшеліктері туралы айтып өтті. Медицина мектебінің деканы Пак Л.А. көші-қон туралы заң, атап айтқанда 6 бабы «Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттарына» енгізілген өзгерістер туралы айтты. Басты назар 5 курс студенттеріне аударылды. Декан бітіру емтихандарының кестесі туралы ақпарат берді. Студенттер өз сұрақтарына толық жауаптар алды.
Іс-шара бүгінгі күнде өзекті болып отырған коронавирус туралы жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының ассистенті Токаева А.З. берілген ақпаратты кездесудің соңына қамтыды. Лектор осы вирустың шығу тегіне, ауру белгілеріне, емдеу жолына қатысты студенттердің сұрақтарына жауап берді.