29 қараша күні Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 201 тобында ЖИТС-ке қарсы күніне арналған кураторлық сағат өткізілді. Топ кураторы, оқытушы Н. Искакова ауру туралы жалпы ақпарат және біздің елдегі статистикасын, сондай-ақ, бұл аурудың таралуы және алдын-алу туралы ақпараттар ұсынды. Дәріс соңында барлық студенттерге ЖИТС туралы ақпараттық брошюралар таратылды.
Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні 1988 жылы 1 желтоқсанда әлеуметтік толеранттылыққа және АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат алмасудың ұлғаюына байланысты барлық елдердің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесінде айтылды және Д.В. Бунн ұсынды. Ұйымдастырылған күш АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау жөніндегі бағдарламаларға мемлекеттік қолдауды күшейтуге, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның барлық аспектілері бойынша оқыту мен ақпарат беруді ұйымдастыруға бағытталған.