Семей медицина университетінің тарихы 1953 жылдың 1 қыркүйегінде емдеу ісі факультетіне 320 студенттің қабылдаумен басталды. Университеттің қызмет ету барысында 25 000 түлек бітіріп, олар Қазақстан және алыс-жақын шетелдерде қызмет атқарып келеді. Олардың арасында ҰҒА 3 академигі, Қазақстан республикасының парламентінің депутаттары, 6 адам медициналық ЖООда ректорлық қызмет атқарып, Облыстық денсаулық сақтау департаментінде 14 басшы және басқада ғылым және тәжірибе саласында қайраткер жұмыс жасауда

Соңғы жылдары оқу үдерісін жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылып, ғылыми медициналық әлует дамып, материалдық-техникалық база бекемделді. ЖОО елде және әлемде танымал болып, қарқынды түрде дамуда. 2009 жылдан бастап оған Университет мәртебесі берілді. Қазіргі танда бұл Шығыс Қазақстан облысы және Павлодарда аймақтарында көп профильді медициналық университет, білім және мәдени орталық болып табылады.

Жоғарғы мақсатқа жету үшін университетте 1500 астам профессор, оқытушылар, қызметкерлер мен дәрігерлер еңбек етуде. Жыл сайын 600-ден астам талапкер университеттің студенттер қатарына қосылуда, студенттердің жалпы құрамы 4 000 адамнан асуда. Университетте Үндістаннан, Пакистаннан, Ресейден, Монғолиядан келген шетелдік студенттер білім алуда.

Университеттің қысқаша тарихы:

1953 жылдың 2 қыркүйегіндегі КСРО Министрлер Кеңесі қаулысы негізінде денсаулық сақтау Министрлігінің № 22611-Р бұйрығымен Қазақ Социалистік Республикасы Семей облысының орталығында медициналық институт ашылды.

1953 – Семей мемлекеттік медицина институты алғашқы 320 студентті қабылдады. Алғашқы ашылған жылдары институт құрамында барлығы 10 кафедра болды: марксизм- ленинизм негіздері, биология, анатомия, гистология, неорганикалық химия, физика, шет тілдері, латын тілі, дене тәрбиесі, биохимия және органикалық химия.

1953 – институт директоры болып Қазақ СРО еңбегі сіңген дәрігер Бобов Василий Сергеевич тағайындалды.

1956 – институт ректоры болып доцент Чуваков Кожахмет Чувакович тағайындалды. 1957 – КСРО жоғары және арнайы орта білім беру Министрлігінің шешімімен институт ІІ санатты ЖОО-дарға жатқызылды.

1959 – алғашқы түлектер бітірді. 275 түлек дәрігер дипломын алды.

1960 – Т.К. Раисов, Б. Жұмабаев, Ж.Б. Базарбеков, А. Кӛрпешов, Г. Канафиянов және басқа студенттер Бекен Жұмановтың басшылығымен «Жасдәурен» жастар театрын құрды. 1963 – институт ректоры болып Қазақ СРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Назарова Тамара Александровна тағайындалды.

1963 – институтта педиатрия факультеті ашылды. И.М. Турецкий факультеттің алғашқы деканы болды.

1964 – институттың бас ғимараты ӛз жұмысын бастады. Бас ғимаратпен бірге 400 орынға

№4 жатақхана пайдалануға берілді.

1971    – 6 курсты бітіргеннен кейін түлектердің алғашқы мамандануы басталды (интернатура).

1974 – институт ректоры болып доцент Усов Дмитрий Васильевич тағайындалды.

1976 – ғылыми жұмыстар кӛлемінің кеңеюіне байланысты кафедрааралық эксперименталды зертхана ұйымдастырылды және ашылды, Е.Н. Шатский оның бірінші жетекшісі болды.

1976 – ғылыми жұмыс жӛніндегі проректор, профессор Б.Х. Хабижановтың бастамасы бойынша патенттік бӛлім ашылды.

1976 – институт ректоры болып Қазақ СРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Хлопов Николай Архипович тағайындалды.

1982 – СОКП тарих кафедрасы доценті Анна Лукьяновна Птущенконың басшылығымен М. Мәметова атындағы мұражай ашылды.

1984 – Павлодар қаласында дәрігерлер біліктілігін жетілдіру факультеті ашылды.

1985 – институт ректоры болып профессор Белозеров Евгений Степанович тағайындалды.

1986 – Мемлекеттік медицина университетінде бастапқы ардагерлер ұйымы құрылды.

1987 – институт ректоры болып ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылым және техникаға еңбегі  сіңген қайраткер, профессор Раисов Тӛлеген Қазезұлы тағайындалды.

1993 – университет қызметкерлері үшін 156-пәтерлік тұрғын үй салынды. Бӛлімдерде, қызметтерде және кафедраларда компьютеризация жүргізілді. 4 компьютерлік сынып ашылып, жабдықталды. Соның ішінде, бір класста 33 компьютер интернет желісіне қосылды.

1993 – тұңғыш рет «Экология. Радиация. Денсаулық» халықаралық ғылыми конференциясы ӛткізілді. Аталған конференцияның бас тақырыбы – радиациялық аймақтар тұрғындарының денсаулығы.

1998 – Қазақстан Республикасында алғашқы рет ағылшын тілінде шетелдік студенттерді оқыту басталды. Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Суданнан келген студенттер Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінде ағылшын тілінде оқу мүмкіндігіне ие болды.

1998 – облыстық аурухана университет құрамына кірді. Оның клиникалық базасына 510 орынға кӛпбейінді аурухана, стоматологиялық емхана, 10 мың адамға қызмет кӛрсететін тренингтік отбасылық емхана; академия студенттерінің алған теориялық білімін іс жүзінде нығайту мүмкіндігі күшейді.

1999 – республикалық «Семейный врач» журналы және «Медицина для всех» газеті шыға бастады.

2001 – академия ректоры қызметіне медицина ғылымдарының докторы, профессор Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы тағайындалды.

2001 – қала және аудан оқушылары үшін университетте биология пәні бойынша бірінші олимпиада ӛткізілді.

2003 – ЖОО оқытуға лицензия алды.

2005 – ЖОО SGS (Казахстан) «Медеу консалтинг» сертификациялық органы арқылы сапа менеджменті жүйесі бірінші сертификациядан ӛтті.

2007 – ректоры болып ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті,  медицина  ғылымдарының  докторы, профессор Рахыпбеков Тӛлебай Қосиябекұлы тағайындалды.

2007 – «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина» жаңа мамандықтары енгізілді.

2007 – офис тіркеуші, оқу-әдістемелік орталық, оқу-клиникалық орталық ашылды.

2008 – «Ғылым және денсаулық сақтау» журналын халықаралық тіркеу бойынша жұмыс басталды.

2009 – Сертификациялық орган «Total Quality Certification Services International» (KAZAKHSTAN) ИСО 9001:2008 халықаралық стандартының барлық талаптарын сақтауға ЖОО менеджменті жүйесінің сәйкестігін растады.

2009 – «Ииновациялық технологияларды қолдану арқылы жоғары білімді дамыту» бағдарламасы бойынша 10 оқытушы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасы бойынша шетелде оқып келді. Осы жылдары практикалық дағдыларды бекіту және тексеру мақсаттарында әрбір клиниканың базасында (медициналық орталықта, жедел кӛмек ауруханасында, №2 перзентханада) 3 симуляциялық кабинет ашылды.

2009 – күрделі практикалық дағдыларды дамытатын робот симулятор сатып алынды; ондай робот ТМД мемлекеттері арасында бірінші рет сатып алынды.

2009 – республикада ғылымды дамыту мен реформалау концепциясын жүргізу рейтингі бойынша университет 1 орын алды.

2010 – университет ректоры Тӛлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков Болон декларациясына қол қойды.

2011 – ҚР VI жазғы Универсиадада спорттың 15 түрі бойынша біздің мемлекеттің 85 жоғары оқу орны арасында Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті жалпыкомандалық есепте үздік ондық командалар сапында, ал жоғары медициналық оқу орындары арасында жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алды.

2011 – университет сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Моделін енгізді (EFQM) және сапа менеджменті Еуропалық қорын «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне ауысу бойынша жұмысты ӛткізді.

2011 – «Паталогиялық анатомия және соттық медицина» кафедрасына Ю.В. Пруглоның аты берілді. Кафедраның үздік студентіне атаулы жыл сайынғы шәкіртақы тағайындалды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ.Н. Мұқанов атаулы шәкіртақы демеушісі болып табылады.

2012 – университет сапа менеджменті Еуропалық қорының «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне сертификат алды. Валидация нәтижелері бойынша университет «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне сәйкестікке сертификат алды.

2012 – жалпы медициналық факультеттің бірінші түлектер легі оқуды аяқтады – 349 түлек диплом алды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 48 түлек. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының ағылшын топтары ашылды.

2012 – ардагерлер ұйымы қасында «Ардагер» клубы құрылды. «Ардагер» клубы мүшелері Ұлы Отан соғысына қатысушылармен, қаланың белгілі қоғамдық және мәдени қайраткерлерімен студенттердің  кездесуін  ұйымдастырады,  жағдайы  тӛмен отбасыларға әлеуметтік   кӛмек   кӛрсетеді,   студенттерге   кеңес   береді, университеттің қоғамдық жұмысына қатысады.

2012 – шетелдік баспаларда монграфиялар тұңғыш рет шығарылды: «Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент» (Т.Қ. Рахыпбеков), «Адрено-тиреоидты жүйе және әсер етуші ағзаға тӛмен дозалық радиациялық» (С.О. Тапбергенов), «Ми инсультының этникалық ерекшеліктері» (Т.Н. Хайбуллин), «Медициналық білім және кәсіби дамуы» (Арнайы шығарылым, Ресей медициналық оқытушылары қоғамдастықтары журналы).

2012 – Сапа Азиаттық жүйесі 10-Конгрессінің (ANQ) шеңберінде, Қазақстан жоо-дары арасында алғашқы рет Университет номинацияда жеңімпаз болып танылды сертификат берілді.

2012 – «Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметова» мұражайының ашылуына 30- жылдық мерейтойымен белгіленді (1982-1912 жж.)

2012 – сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Моделін (EFQM) енгізгеннен кейін университет оны бар сапа менеджменті жүйесімен ықпалдастырды.

2012 – «Денсаулық сақтау саласындағы үздік оқу орны» номианциясында Asian Education leadership awards бірлестігінен марапат, Дубай, БАӘ.

2012 – «Мэрлар бейбітшілік үшін» делегациясының оқу –клиникалық орталыққа сапары. 2013 – «Центр сертификации Inter Cert» ЖШС инспекциялық аудит ӛткізді, оның нәтижелері бойынша № KZ.7500207.07.03.00077 25.06.2013 ж. сертификат алды.

2013– валидация бойынша есепті талдаудан кейін қабылданған университеттің сапа менеджменті жүйесін дамытудың келесі қадамы 4- жұлдыз деңгейіне универитеттің жетуі болды. Сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Модельдері (EFQM).

2013 – Семей қ. тарихында бірінші рет Университеттің Медициналық орталығы базасында Кардиохирургиялық бӛлімше және Эндоваскулярлы зертхана ашылды, ӛздігінен ашық жүрекке бірінші оталар жасалды, коронарография, стенттеу. Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

2013 – Ӛскемен қаласында университеттің филиалы ашылды.

2013 – «Жырдауа» мектебінің басшылығымен Бірінші Республикалық студенттік айтыс ӛткізілді.

2013 – ҚР VIІ жазғы Универсиадада спорттың 15 түрі бойынша біздің мемлекеттің 139 жоғары оқу орындары арасында Семей қ. мемлекеттік медицина университеті жалпыкомандалық есепте мықты бестік командалар сапында, 135 жоо пьедесталдан қалтырып, олардың 35 дене тәрбиесі кафедрасы бар; жоғары медициналық оқу орындары арасында жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алды; ҚР VIІ жазғы Универсиада қорытындылары бойынша Семей қ. ММУ Дипломмен, ҚР Білім Министрлігінің Медалімен және Кубогымен марапатталды.

2013 – Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойын атып ӛтті. 2013   –   Қазақстан   экономикасы   ӛнеркәсіптері    кӛшбасшыларын    марапаттау Жалпы мемлекеттік   Республикалық   рейтингілік   бағдарламасына   сәйкес «Қазақстанның кӛшбасшысы    2013»    «Активтер    мен     міндеттемелер кӛрсеткіштері», «Түсімділік кӛрсеткіштері» және «Ӛтімділік кӛрсеткіштері» номинацияларында 2011-2012 жылдар

қортындылары бойынша Семей қ. ММУ Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-дары арасында 3-ші орын және еліміздің медициналық ЖОО-дары арасында 1-ші орын алды.

2013-2014 – Абай облысы палуандары екінші жыл қатарынан жеңіске жетті, «Қазақ Барысы – 2013» Республикалық турнирде – Айбек Нұғымаров, «Қазақстан Барысы – 2014» – Тұрсынов Мұхит.

2013-2014 – Білім сапасын Бағалау Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігі Республикалық рейтингінде жоо-дар рейтингінде Семей қ. ММУ бакалавриат бағдарламалары бойынша екінші орын алды.

2014 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті «Қазақстан Барысы» ІҮ – Республикалық турнирі жеңімпазы, дене тәрбиесі кафедрасы оқытушысы Тұрсынов Мұхитты ұлықтады.

2014 – IREG Observatоry толыққұқықты қатысушысы, ТМД мемлекеттері үздік жоо-дары тізіміне Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің кіруі туралы куәлік, «РА сарапшысы» Халықаралық рейтингілік агенттігінен ЖОО-мен алынған ЖОО табысты және тиімді менеджментінің кӛрсеткіші болып табылады.

2014 – Аккредиттеу және рейтинг Ұлттық агенттігінде (АРҰА) Институционалды ұлттық аккредиттеумен университет 5 жыл мерзімге аккредиттеу ӛткізілді.

2014 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

2014 – Аккредиттеу және рейтинг Ұлттық агенттігінде (АРҰА) институционалды ұлттық аккредиттеу.

2014 – Университет «Республикалық жооаралық электронды кітапханаға» кірді. http://lib.kazrena.kz. «Springer Link» және Web of Knowledge (Thomson Reuters) мәліметтер базаларының толық мәтіндік ресурсымен бірыңғай электронды кітапхана құру туралы «НЦНТИ» АҚ келісім шарт бекітілді.

2015 – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен қаржыландыратын 2015-2017    жж.    5    грант    бар,    жалпы    сомасы    87    млн     теңгеден     астам.     2015 – рейтингілік дүниежүзілік цитат келтіру базаларына «Ғылым және денсаулық сақтау» журналын алға жылжыту» жобасы жүзеге асырылуда, соның ішінде «Scopus». «Ғылым және денсаулық сақтау» журналы ғылыми цитат келтіру Ресейлік индексіне және E-library, Ulrich’s Periodicals Directory, Global Health, CAB Abstracts халықаралық мәліметтер базаларына енді.

2015 – Үндістан ЖОО-дар Қоғамдастығына енді.

2015 – Мамандандырылған ұлттық аккредиттеу 5 бакалавриат білім беру бағдарламасы, 7 резидентура, 4 магистратура, 2 докторантура білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (НКАОКО).

2015 – «Қазақстан Республикасындағы отбасылық медицинаның қалыптасыуының 20 жылдығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

2016 – фармакология және дәлелді медицина кафедрасына профессор М.Н. Мусинның аты берілді.

2016 – оқытушылар мен студенттер үшін заманауи интерактив үстелдермен Астана бӛлмесі ашылды.

2016 – Семей қ. ММУ ОКО СЛР ӛтеу үшін Сипиарлен манекені және жүрек-ӛкпе реанимациясы үшін оқыту робот-манекені сатып алынды.

2016 – «Ғылым және денсаулық» атты жас ғалымдар Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының аясында FRCS, MRCGP, DLS Виджай Кумардың (Ұлыбритания) семинары.

2016 – Saint Louis University-мен әріптестік туралы шартқа қол қойылды.

2016 – 9 мамандық бойынша білім беру бағдарламалары Халықаралық аккредиттеу.

2016 – «Травматологиядағы-ортопедиядағы диагностика және емдеудің инновациялық технологиялары» атты проф. Д.М. Кульджановтың шебер-классы.

2016 – Семей қ. ММУ стратегиялық әріптесі Saint Louis University (АҚШ) сарапшылар тобының сапары.

2016 – Қазақстандағы Канаданың елшісі Шон Стайл мырзаның сапары.

2016 – «Біз ядролық қарусыз әлем үшін» атты флеш-моб.

2016 – «Жастар арасында салауатты ӛмір салтын насихаттау және жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындауды қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік аспектілері» атты А.К. Кульназаровтың 70-жылдығына арналған Бірінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

2016 – Қазақстандағы Швеция Тӛтенше және Ӛкілетті елшісі Христиан Камиллдың сапары.

2016 – Қазақ күресі бойынша Қазақстан чемпионатындағы 2 орын.

2016 – Қазақстан Респуликасында алғашқы рет Семей медицина университеті ата-аналар съезі ӛткізілді.

2016 – алғашқы рет Барселонаға шетелдік академиялық мобильділік ұйымдастырылды.

2017 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Өңірлік Онкологиялық диспансер  және  жедел  медициналық  кӛмек  ауруханасы  арасындағы  үш  жақты келісім шартқа қол қою.

2017   – қалалар мен аудандар оқушылары үшін Семей қ. мемлекеттік медицина университетінде химия пәнінен бірінші олимпиада.

2017 – м.ғ.д. Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлының Семей қ. ММУ ректоры лауазымына тағайындалуы.

2017 – Үндістаннан талапкерлерді бірінші ӛздігінен қабылдау.

2017 – қарусыздандыру бағдарламасы бойынша БҰҰ делегациясының сапары.

2017 – биохимия және химиялық пәндер кафедрасына профессор Тапбергенов Салават Оразұлының атын беру.

2017 – қаланың Жастар мәслихаты депутаттары қатарына университет студенттерінің сайлануы.

2017 – Ӛскемен қаласында Семей мемлекеттік медицина университетінің филиалы және университеттік госпиталі ұйымдастырылды.

2017 – Saint Louis University hospital, Семей қ. ММУ Павлодар филиалы және Павлодар облысы ДСБ арасында әріптестік туралы келісім шартқа қол қойылды.

2017 – Қазақстан Республикасында алғаш рет «Қазақстан Республикасының денсалуық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламысың аясында Тарбағатай, Бородулиха, Абай, Бесқарағай, Үржар, Кӛкпекті аудандарына және Риддер мен Курчатов қалаларына мультидисциплинарлы командаларының шығуы ұйымдастырылған.

2017 – Вильнюс университетіне студенттер академиялық мобильділігі.

2017 – Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен әріптестік туралы келісім шартқа қол қою.

2017 – Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен әріптестік туралы келісім шартқа қол қою.

2017 – стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде Saint Louis University Hospital Семей қ. ММУ профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық мобильділігі.

2017 – жаңа құрылымдық бӛлімшелер ашылды: ішкі аудит қызметі, қоғаммен байланыс қызметі, мемлекеттік сатып алулар бӛлімі, стратегиялық даму бӛлімі, халықаралық ынтымықтастық және академиялық мобильділік бӛлімі, PR-технологиялары және маркетинг бӛлімі, бухгалтерлік есеп және есептілік, жоспарлау және экономикалық талдау бөлімі.

2017 – «Medical Foundation» дайындық бӛлімі ашылды. Дайындық бӛлімінің аясында ЖОО талапкерлері үшін ағылшын тілі, биология, химия пәндерінен курстар ұйымдастырылды.

2017 – профессорлық-оқытушылық құрамның 39 мүшесі үшін шетелдік тағылымдамағы бару ұйымдастырылды.

2018 – «Семей қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ филиалымен және Қазақ Гуманитарлық-Заң Инновациялық университетімен әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

2018 – Семей қ. ММУ мен Башкент университеті (Түркия) арасындағы стратегиялық әріптестік жӛніндегі меморандумға қол қойылды.

2018 – Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің коррупцияға қарсы саясатын жүзеге асыру тәжірибесі елімізде үздік деп табылды.

2018 – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде саябақтар Маршы акциясы ӛтіп, аллеяда 200 шырша отырғызылды.

2018 – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан Республикасының 3 үздік ЖОО қатарына кірді.

2018 – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан Республикасының ең үздік 20 ЖОО қатарына кірді.

2018 – Тәуелсіз агенттігі рейтингінің нәтижесі бойынша білім беру сапасын қамтамасыз етуі бойынша II орынға ие болды.

2018 – Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттінің «Студенттерді оқыту нәтижесі бойынша кӛшбасшы» номинациясында I орын иегері.

2018 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті өзінің 65-жылдығын атап өтті. Мерейтой аясында «Медициналық білімді, ғылымды және практиканы модернизациялаудағы заманауи инновациялық әдістер» атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

2019 – 5 ақпанда университет “Семей медициналық университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.

2019 – Башкент университетімен стратегиялық серіктестік аясында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу.

2019 – Профессор Фазыл Сердар Гюрель Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (Провост) қызметіне тағайындалды.

2019 – “Семей медициналық университеті” КеАҚ мен Абай облысы Семей қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2020 – Қазақстанның 2020 жылғы үздік университеттерінің ұлттық рейтингі бойынша «Үздік медициналық университет».