Кафедра меңгерушісі

daa

Ажар Ахметкалиевна Дюсупова

1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының емдеу ісі факультетін үздік бітірді.

1997 жылдан 1999 жж. аралығында эндокринология бойынша клиникалық ординатураны өтті. Клиникалық ординатурада оқу процесінде терапияның, эндокринологияның маңызды сұрақтарына қызығушылығын білдірді.

2001 жылы Астана қ. ММА да «Диабеттік нефропатияның ерте диагностикасы және оның рациональды коррекциясының жолдары» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады.

2000 ж. – Семей қ. ММА жанұялық медицина кафедрасының қызметкері.

01.09.2003 жылдан 30.07.2004 жж. аралығында Қырғыз Мемлекеттік қайта дайындау және квалификацияны жоғарылату мед. институтының жанұялық медицинасының оқу орталығының базасында «Жанұялық медицина бойынша дәрігер-маман» мамандығы бойынша дайындықтан өтті.

2005 жылдың 1 қарашасынан 2009 жылдан 1 қарашасы аралығында докторантурада өтті.

2010 ж. ЖТД кафедрасының доценті.

2010 жылы Астана қ. АО «МУА» докторлық диссертациясын мына тақырып бойынша қорғады: «Критикалық жағдайлардағы инфузионды-трансфузиялық терапияның асқынуларының гемодинамикалық механизмдері».

2012 жылдың 13 қаңтарында медицина ғылымдарының докторы. 100-ге жуық ғылыми еңбектерінің, соның ішінде 6 жаңалықтың, 2 рационализаторлық ұсыныстың, 8 әдістемелік құралдың авторы және авторласы: «Жанұялық дәрігерлерді даярлау жүйесінде объективті структураланған клиникалық емтиханы» (2007, 2009), «Гериатрияның маңызды сұрақтары» қазақ және орыс тілдерінде (2009, 2012), «Семіздік» (2010), «Семіздік» (2011), «Пульмонологияның маңызды сұрақтары» қазақ және орыс тілдерінде (2012).

Квалификацияны жоғарылату курстарынан өтеді. Жоғары квалификациялы категориялы терапевт дәрігері. Қазіргі таңда ЖТД бойынша кафедра доценті болып жұмыс істейді, кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеулік жұмысына жауапты және резидентура бойынша завуч.

2011-2012 жж. оқу жылдарында кафедралар және ПОҚ арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік доцент» номинациясында мақтау қағазымен марапатталды.

2018 жылдың тамыз айында Республикалық конкурстық комиссия отырысы шешімі нәтижесінде дербестелген медицина кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап дербестендірілген медицина кафедрасы м.ғ.д., профессор А. А. Дюсупованың жетекшілігімен отбасылық медицина кафедрасымен бірігу жолымен Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасы болып өзгертілді.

Эл. пошта

azha.dyusupova@nao-mus.kz

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Кафедра девизі:

Жұмыс жасап барлығы,

командамен жұмыла

Ол біздің кафедра!

Табыс келер ұдайы –

«Біріміз бәріміз үшін және бәріміз біріміз үшін».

Дербестелген медицина кафедрасы 2018 жылдың маусым айында жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура кафедрасында қалыптасқан. Ол «СМУ» КеАҚ УГ (университеттік госпиталь) базасында орналасқан.

Кафедраның қалыптасу тарихы 1997 жылдан бастау алады, Қазақстанда отбасылық медицинаны енгізудегі денсаулық сақтау жүйесін реформалау басталды, ол алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің экономикалық және тиімді әдісі болып табылады. Реформа емханалық жүйені қайта құруды және ересектер мен балалардың бірыңғай медициналық көмек көрсетушіден қажетті алғашқы медициналық көмек ала алатын отбасылық дәрігерлік амбулаторияларды құруды қарастырды.

Емханалық терапия кафедрасының жанұялық медицина кафедраға қайта ұйымдастырылуы Денсаулық сақтау комитетінің 1998 ж. қыркүйегінде шыққан № 484 «Оқу-клиникалық, дәрігерлік амбулаториялардың құрылуы» бойынша бұйрығы негізінде жасалды. Жанұялық медицина кафедрасының құрылуымен қатар оның негізгі клиникалық базасы құрылды – БМСКО №12.

Сонымен, 1998 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Халық денсаулығы» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша медициналық академияларда клиникалардың ашылуы заңдастырылды. Осы Жарлық негізінде біздің ЖОО-да еліміз бойынша бірінші рет жеке клиника – ШҚО КОО құрылды, оның құрамына 1998ж. 23 қыркүйегінде шыққан № 500 бұйрығына сәйкес өздігінен Тренингтік жанұялық дәрігерлік амбулатория №12 «Медициналық Академия», қазіргіде БМСКО №12 деп аталатын заңды тұлға кірді.

Семей мемлекеттік медицина академиясы негізінде Қазақстан Республикасында жекеменшік медициналық клиникасы – КУЦ ВКО ЦРН құрылды. Оның құрамына 1998ж 5 желтоқсаннан бастап заңды тұлға ретінде № 12 «Медициналық академия» тренингті жанұялық дәрігерлік амбулаториясы мекемесі құрылды. СММА медициналық клиникасын құруда Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Семей қаласының әкімі зор көмек көрсетті. Семей қаласының Шығыс Қазақстан Денсаулық басқармасының және қалалық басқаруының тұрақты назарда және қолдауымен Клиникалық Оқу орталығы құрылды. Онымен Қазақстан Республикасының кез келген медициналық академиясы мақтана алады. Оқу-клиникалық ОДА қызметкерлері – емханалық, педиатриялық, акушерлік, хирургиялық қызмет еткен ассистенттер құрамынан жасалған. Уақыт өте келе ОДА атауы БМСККО №12 ауыстырылды (біріншілік медико-санитарлық көмек көрсету орталығы). БМСККО көмек ретінде кафедраның жоғары санатты мамандары келген, олар емдік, кеңестік көмек көрсетуде.

Жанұялық медицина кафедрасының құрылуы біздің мемлекетіміздегі қиын кезеңдеріне тікелей байланысты. Кафедраның бай және қызықты тарихы бар.

Жанұялық медицина кафедрасы Семей мемлекеттік медициналық институтында 1998 жылы құрылды.

Кафедраны құру мақсатына жанұялық дәрігерлерді даярлау және қайта даярлау жатады. Кафедра алдында келесі сұрақтар тұрды:

  1. Жанұялық дәрігерлерді дипломға дейінгі даярлау (ЖТД)
  2. Жанұялық дәрігерлерді дипломнан кейінгі даярлау (интернатура, ФПК)
  3. Жанұялық медицина бойынша жоғары квалификацияланған мамандарды даярлау (клиникалық ординатура, клиникалық резидентура)
  4. Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын, жаңа емдеу әдістерін енгізу.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор Еспенбетова Майра Жаксимановна (1998-2018 жж.) болған. Жоғары санатты дәрігер, м.ғ.д., профессор. Көптеген халықаралық конгресс, съезд, конференция қатысушысы (жақын және алыс шетелде және Қазақстанда).

Мадақтамалар: «Денсаулықсақтау үздігі» 2011ж. 280-нен астам мақалалар, жақын және алыс шетелдегі ғылыми басылымдарда (импакт фактормен) және цитирлену индексі – 176. Патенттер – 15. Монографиялар – 9.

Майра Жаксимановнаның біліктілігіне ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеті, жоғары іскерлік, жұмыс орнында қолайлы жағдай жасалуының арқасы.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты: “Семей ядролық полигоны аймағындағы тұрғындарда қалқанша безі аурулары скринингін зерттеу”.

Жыл сайын кафедра оқытушылары Қазақстанның мед. ЖОО қзінің біліктілігін жоғарылатып, халықаралық конференцияларға белсенді қатысады.

Кафедра қызметкерлерінің DFID проектісіне қатысуы денсаулық сақтау саласына жанұялық медицинаны енгізуі бойынша үлкен жетістік болды.

1998 жылдан бастап Қазақстанда (DFID) халықаралық даму бойынша Департамент қаржыландыратын және Британдық Кеңеспен басқарылатын біріншілік медико-санитарлық көмекті дамыту бойынша проектіге кафедра қатысады. Қатысушылардың құрамы арнайы комиссиямен іріктеледі. Қазақстанның 5 жоғарғы оқу орындарындағы әріптестерімен бірге (Семей, Алматы, Астана, Карағанды, Ақтөбе) біздің академияның қызметкерлері осы проектіні жүзеге асрыуға белсенді түрде қатысты. Бұл проект еліміз бен біздің аумағымыздағы медициналық жоғары оқу орындарындағы оқыту бағдарламаларын ары қарай дамыту және жетілдіруге өзінің бағасыз үлесін енгізді. Осы оқыту барысында алынған тәжірибе енгізіліп, біздің кафедра қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарындары осы күнге дейін қолданып келеді.

Шет елдік әріптестерімен бірге алынған тәжірибені енгізу бойынша нәтижелеріне Орталық Азия ректорлары Кеңесінің халықаралық конференциясына кафедра мүшелерінің қатысуы жатады (Бішкек, Қырғызстан, 2003) және осында жұмысы бағаланып, медициналық жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесіне инновациялық әдістемелерін енгізу бойынша үздік баяндама ретінде І орын берілді.

Кейіннен кафедра жұмысы басқа халықаралық бағдарламаларға қатысуға бағытталды. Сонымен, біріншілік медико-санитарлық көмекті дамыту бойынша халықаралық бағдарламалар жиегінде кафедра қызметкерлері оқудан өтті: Израильде жанұялық медицина бойынша жылдық специализация, 2002-2003 жж.; «Жанұялық медицинаны оқыту» Бішкек қ.

Кафедра қызметкерлері тәжірибелік дәрігерлер жіне медициналық оқу орны оқытушылары үнемі дәлелді медицина бойынша оқытушы тренингтерге тартылған.

Академиялық ұтқырлық аясында алыс шетелдерден визитинг-профессорлар тұрақты түрде шақырылады.

 ЖТД бойынша интернатура кафедрасының жұмыс бағыттарының бірі мектеп түлектерімен, сондай-ақ мектепте химия-биологиялық бағыттағы ерекше дарынды балалар қатарынан болашақ талапкерлермен белсенді кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу болды.

Дербестелген медицина кафедрасы жоғарғы оқу орны тарихында теңдесі жоқ, сондықтан оның басымдықтары өзгерді. 2018-2019 оқу жылының басынан бастап дербестелген медицинаны дамыту перспективсын қалыптастыруда белгілі бір қадамдар жүзеге асырылуда. Осы мақсатта медициналық білім берудің дербестелген бағытын ілгерілетуде аралас кафедралар арасында пәнаралық интеграцияны жүргізу басталды.

Алғашқы қадамдар жасалды: 2018 жылдың қараша айынан бастап мастер-класс түрінде біздің кафедрамызбен ҚР ҰҒА академигі Т. Раисова атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасымен оқытылды. Мастер-класты профессор М.Р. Мынжанов өткізді.

Соңғы 3 жыл ішінде кафедра ҚР Жол картасына сәйкес КН (коммуникативтік дағдылар) бойынша университеттің ПОҚ (профессорлық-оқытушылар құрамы), соның ішінде Павлодар қ.және Қарағанды қ. “Клиникалық пәндерде білім алушылардың коммуникативтік дағдылары” циклы бойынша оқытады. Кафедра құрамында КН бойынша 4 тренер бар, осы кезеңде басқа тренерлермен бірге 260 ПОҚ оқытылды. Қараша айында КЕАҚ МУС интерндерінің тәлімгерлеріне мастер-класс өткізілді.

Кафедраның бірегейлігі, оның ұйымдастырылуынан бастап кафедрада әр түрлі профильдегі мамандар жұмыс істейді: жоғарғы және бірінші санаттағы ЖТД (жалпы практика дәрігерлері), терапевтер, педиатрлар, эндокринологтар, дерматовенеролог, хирург, акушер-гинеколог дәрігерлер.

Кафедрада құрылғаннан бері үнемі жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ШҚО дәрігерлеріне ҚД (қайта даярлау) және БА (біліктілікті арттыру) курстары өткізілді.

Сондай-ақ, Семей қаласының дәрігерлері мен медбикелері үшін ДДҰ бағдарламалары бойынша “Ерте жастағы балалардың өсуі мен дамуы”, “БЖАИЖ”, “Патронаждық бақылау” ДДҰ бағдарламалары бойынша тренингтер тұрақты түрде өткізіледі.

2017 жылы желтоқсан айында мультидисплинарлы бригада құрамында Абай районына барды, мұнда Район дәрігерлеріне консультативті көмек көрсетілді және БДҰ бағдарламасы бойынша «БЖАИЖ»: Жаңа туған нәрестенің өсуі мен дамуы; Жаңа туған нәрестенің тамақтануы бойынша кеңес беру бойынша тренинг өткізілді.

Тәжірибелік денсаулық с сақтаумен тығыз байланыста жұмыс істейтін кафедраның басымдылығы болып қазіргі күнге дейін мына берілгендер болып табылады:

  • мультидисциплинарлы бағыт: түрлі профильдегі мамандармен бір мезетте науқастарға кеңес беру (мысалы, дерматолог-терапевт, дерматолог-педиатр және т.б.);
  • кафедра ұжымы мен отбасылық дәрігер арасындағы өзара тығыз байланыс;
  • халыққа қызмет көрсетуге жақындау;
  • науқастарға тегін медициналық көмек көрсету;
  • халықтың өздігінен дәрігер таңдау;
  • жаңа клиникалық және қаржылық ақпараттық жүйені құру: 2018 жылдың шілде айынан КМАЖ (комплексті медициналық ақпараттық жүйе) белсенді еңгізу басталды.

Қазіргі таңда дербестелген медицина кафедрасының ұжымын келесі құрам құрайды: кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дюсупова А. А., м. ғ. к., доцент Беляева Т. М., м. ғ. к., профессордың м. а. Юрковская О. А., ассистенттер: м. ғ. к., доценттің м. а. Фаизова Р. И., (кафедра меңгерушісі) Хисметова А. М. (кафедра меңгерушісі), м. ғ. к, доценттің м. а. Камашева Г. Т., Терехова Т. И., Досбаева А. М., Ахметова В. Т., Джармухаметова А. С. Сонымен қатар кафедра жұмыстарына өз үлестерін қосуда лаборанттар – Тойынбаева М.Ш., Шабалдина С.В.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап дербестендірілген медицина кафедрасы М.ғ. д., профессор А. А. Дюсупованың жетекшілігімен отбасылық медицина кафедрасымен бірігу жолымен Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедра Денсаулық сақтау жүйесін қайта құруда Қазақстан Үкіметінің таңдаған стратегиясының жолсерігі бола отырып, біздің аймақта медицинаны одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ете отырып, біртұтас топ ретінде жұмыс істейді.

Тапсырмалар, функциялар

  • білім беру қызметі
  • Оқу-әдістемелік қызмет
  • PPS, NIRS ғылыми-зерттеу қызметі
  • білім беру, әлеуметтік қызмет
  • дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру жүргізу
  • Қызметтің барлық салаларында инновациялық технологияларды енгізу
  • Академиялық ұтқырлық

Кафедрада оқытылатын негізгі пәндер:

5 курс:

  1. Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері

6 курс, мамандығы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»:

  1. Балалық шақ ауруының кешенді аурулары/ иммунопрофилактика
  2. АМСК деңгейіндегі денсаулық сақтау саласындағы менеджмент
  3. АМСК деңгейінде әмбебап прогрессивті патронаттық модель (ӘППМ)
  4. Халыққа қосымшаны ұсынудың жеке мәселелері
  5. Біршама коммуникативті дағдылар

 

6 курс, «Педиатрия» мамандығы:

  1. Амбулаториялық-дәрігерлікпедаиатрлар-1

7 курс, мамандығы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»:

  1. Жалпыдәрігерліктәжірибедегіішкіаурулар
  2. Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі балалар аурулары

7 курс «Педиатрия» мамандығы:

  1. Педиатрия-2-дәрігерлік амбулатория-2

«Отбасылық медицина» мамандығы бойынша резидентура:

1 курс:

  1. Отбасылық медицина
  2. Ішкі аурулардың дифференциалды диагнозы
  3. Педиатрия
  4. Дерматовенерология

2 курс:

  1. Ішкі аурулар
  2. Педиатрия
  3. Акушерлік және гинекология
  4. Паллиативті медицина

Кафедраның әртүрлі жылдардағы ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары: қалқанша безінің патологиясы, метаболикалық синдром, қант диабеті, коммуникативті дағдылар және т.б.

Кафедра қызметкерлері келесі қалалық медициналық мекемелерде амбулаториялық әдістер мен кеңестер өткізеді:

  1. КМКК БМСКО №12 Семей каласы ДБ ШҚО
  2. КМКК «БМСКО №7 Семей қаласы»
  3. Емхана №6 мекемесі Семей қаласы
  4. КМКК «Емхана №1» Семей каласы ДБ ШҚО
  5. ШЖҚ МКК Семей қ. №4 емханасы

 

Кафедра бірнеше рет ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыс және медициналық білім берудегі оқытудың инновациялық әдістерін енгізу бойынша жоғары орындарды иеленді.

Тапсырмалар, функциялар

  • білім беру қызметі
  • Оқу-әдістемелік қызмет
  • PPS, NIRS ғылыми-зерттеу қызметі
  • білім беру, әлеуметтік қызмет
  • дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру жүргізу
  • Қызметтің барлық салаларында инновациялық технологияларды енгізу
  • Академиялық ұтқырлық

Кафедра бірнеше рет ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыс және медициналық білім берудегі оқытудың инновациялық әдістерін енгізу бойынша жоғары орындарды иеленді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

img_9992

Татьяна Михайловна Беляева

Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті

М.ғ.к., доцент, «Арнайы қарым-қатынас дағдылары» пәніне жауапты – 6 курс, KEYPS-қа ОӘПК, блюпринттерді орналастыруға жауапты, кафедраның ғылыми жұмысына жауапты, гранттарды рәсімдеуге жауапты, куратор.

Беляева Татьяна Михайловна 1981 жылы Семей медицина институтының емдеу ісі факультетін үздік бітірді. 1981 жылдың желтоқсан айынан СММИ дерматовенерология кафедрасында ассистент, 2001-2008 жж. – доцент атанды. 2008 . – жанұялық медицина кафедрасының доценты. 1991 ж. Орталық тері –венерологиялық институтында кандидаттық диссертациясын қорғады ( Москва қ.). 100ден артық баспа жұмыстарының, 2 жаңалықтың (үшіншісіне приоритетті анықтама алды) және 6 рацұсыныстардың авторы (на третье получена приоритетная справка) 1995жылдан бастап дәрігер-дерматовенерологтың жоғары квалификациялық категориясына ие. Ұзақ жылдар бойы СММА КООның дерматовенеролог-консультанты болып қызмет атқарады.2009 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін кафедрада қызмет атқарады. 2012-2013ж.ж. үздік доцент. Денсаулық сақтау үздігі (2017ж). 2016 жылдан бастап КД бойынша тренер-сараптаушы.

Эл. пошта

tatyana.belyaeva@nao-mus.kz
kurumbaev-r.r

Руслан Рашидович Курумбаев

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедрада студенттердің ғылыми біліміне жауапты.

Институтты бітіргеннен кейін 1981 жылы ішкі аурулар кафедрасына клиникалық ординатураға қабылданды. 1983 жылы ординатураны бітіріп, Ішкі аурулар кафедрасына ассистент болып қабылданды. 1991 жылы “НВУ-инфекциясына байланысты созылмалы прогрессивті және прогрессивті емес аурулардағы Тамырлы және иммундық бұзылуларды салыстырмалы бағалау” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, 1994 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық терапия, ішкі, жұқпалы аурулар, факультеттік және госпитальдық терапия, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доценті, терапия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары дәрігерлік санаттарға ие. Клиницист, науқастардың, әріптестердің және студенттердің құрметіне лайық. “Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісімен, “СММА-ға 60 жыл” медалімен, “Денсаулық сақтау саласындағы ерекше еңбегі үшін” медалімен, “Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына” медалімен, облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармасының, дәрігерлер кәсіподағының грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған. Жүзден астам ғылыми еңбектер мен рационализаторлық ұсыныстардың авторы.

Эл. пошта

ruslan.kurumbayev@nao-mus.kz
shalgumbaeva-g.m

Гульнар Металловна Шалгумбаева

PhD, доцент

Кафедраның оқу ісінің меңгерушісі, ағылшын бөліміне жауапты.

5 курста сабақ жүргізеді, “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттардың клиникалық, ғылыми жетекшісі болып табылады, шетелдік клиникалық тағылымдамадан өтті (Австрия, Израиль), 70-тен астам ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде Scopus, Web of science дерекқорына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдармен жұмыс істейді.

Эл. пошта

gulnar.shalgumbayeva@nao-mus.kz
kazymov-m.s

Максут Советұлы Казымов

Семей қаласының жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасының профессорының м. а., медицина ғылымдарының докторы

Профбағдарлық жұмысқа жауапты.

Терапия мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, “Жалпы дәрігерлік практика” мамандығы бойынша сертификаты бар. Соңғы 5 жылда 75-тен астам ғылыми еңбектердің авторы. 01.09.2015 жылдан 01.09.2022 жылға дейін “СМУ” КеАҚ отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі. Аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың заманауи әдістерін енгізу, емханалық көмекті одан әрі дамыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Эл. пошта

maxut.kazymov@nao-mus.kz
oksana_aleksandrovna_yurkovskaya

Оксана Александровна Юрковская

М.ғ.к., профессор міндетін атқарушы

Кафедра мәжілістерінің хатшысы, «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша 6-курстың үйлестірушісі, КҚКО ПО төрағасы, кафедраның медициналық жұмысына жауапты, клиникалар мектебіне, профилактикалық медицина мектебіне жауапты, шақырылған профессорларды шақыру, қыс мектептерін өткізуге, «БЖАЫЖ/иммундау» пәніне жауапты – 6 курс, KEYPS-қа екі тілде блюпринттерді орналастыруға жауапты, Академиялық комитет мүшесі, куратор.

1998 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының педиатрия факультетін бітіріп, жалпы тәжірибе дәрігері бойынша клиникалық ординатураны өтті. Клиникалық ординатураны бітірген соң жанұялық медицина кафедрасының ассистенті. 2009 жылы Алматы қ. ішкі аурулардың НИИ медицина ғылымдарының кандидаты атағына мынадай тақырыпта диссертация қорғады: «Семей аумағындағы балалар мен жасөспірімдердегі қалқанша бездің патологиясы». 2007 жылы ЖМФ және педиатрия факультетінің деканының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2009-2010, 2010-2011, 2011-2012, 2012-2013 жж. Семей қ. ММУ үздік ассистенті, ұстазы. 2016 жылдан бастап КД бойынша тренер. 2016 жылдан бастап коммуникативті дағдылар бойынша сарапшы-тренер. 2019 жылдан бастап кафедра доценті.

Эл. пошта

oksana.yurkovskaya@nao-mus.kz
guliya_tuleutaevna_kamasheva

Гулия Тулеутаевна Камашева

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м. а.

«ЖТД балалар аурулары» пәніне жауапты – 7 курс, KEYPS-қа екі тілде блюпринттерді орналастыруға жауапты, ОӘКП орналастыру, СҒЗЖ жауапты, олимпиадаларды өткізуге жауапты, куратор.

Камашева Г. Т. 1985 жылы Семей медициналық институтын бітіргеннен кейін 1986-1987 жж. Жаңасемей аудандық ауруханасында педиатрия мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. Бөкенші ауылдық дәрігерлік амбулаториясында педиатр, 1988 жылдан Жаңасемей аудандық емханасында педиатр болып жұмыс істеді. 1989 жылдың қыркүйегінен 1991 жылдың қыркүйегіне дейін СММИ балалар аурулары пропедевтикасы курсы бойынша педиатрия факультетінің клиникалық ординатурасында оқыды, 1991 жылдың қыркүйегінен 1994 жылдың қазан айына дейін кафедра ассистенті, 1994 жылдың қазан айынан бастап – ретінде жұмыс істеді. госпитальдық педиатрия кафедрасының ассистенті, 2010 жылдың 4 қарашасынан 2017 жылдың 13 ақпанына дейін – Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің балалар пәндері кафедрасының доцент м. а. 2017 жылдың 16 ақпанынан 2020 жылдың тамыз айына дейін ШҚО Семей қаласының № 4 және № 7 емханаларында дәрігер-педиатр-кеңесші болып жұмыс істеді. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап «СМУ» КеАҚ дербестелген медицина кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді.

2009 жылы «Семей қаласындағы жиі ауыратын балалардың клиникалық-иммунологиялық сипаттамасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Баспада 129 мақала мен тезистер, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде 12 әдістемелік құрал шығарды, бір рационализаторлық ұсыныстың авторы. Педиатр мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, сонымен қатар жалпы тәжірибелік дәрігер сертификаты бар.

Эл. пошта

guliya.kamasheva@nao-mus.kz
temirtasova-zh.o

Жанна Омархановна Темиртасова

Семей қаласының ЖТД кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы, медицина ғылымдарының кандидаты

Кафедрада біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жауапты.

“Жалпы практика дәрігері” мамандығы бойынша сертификаты бар. 40-тан астам ғылыми еңбектердің және бір әдістемелік құралдың авторы. 2017 жылы СМУ КеАҚ басқармасының еңбек қызметі үшін грамотамен марапатталды.

Эл. пошта

zhanna.temirtassova@nao-mus.kz
fri

Раида Ильдусовна Фаизова

Доцент м.а., м.ғ.к., Семей қ. жалпы дәрігерлік практика кафедрасының бас оқытушысы

М.ғ.к, оқу ісінің меңгерушісі, “БМСККО деңгейінде патронаждық бақылаудың әмбебап-үдемелі үлгі”пәні бойынша жауапты – 6 курс, KEYPS-қа екі тілде блюпринттерді орналастыру; «ЖТД ішкі аурулары» пәніне координатор – 7 курс, «ПО» ҚОП жұмыс тобының мүшесі, академиялық кеңес мүшесі, куратор.

1992 жылы Семипалатинск қ. ММИ бітірген., м.ғ.к., Жоғары санатты балалар жұқпалы аурулар дәрігері. ЖТД сертификаты бар. 2018 жылдан кафедра завучы. 2016 жылдан бастап КД тренері

2019жылдан бастап жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларды патронаждық бақылаудың әмбебап прогрессивті моделі бағдарламасы бойынша медицина қызметкерлерін оқыту жөніндегі жаттықтырушы.

Эл. пошта

raida.faizova@nao-mus.kz
izobrazhenie_2022-11-21_115952528

Салтанат Мұратбекқызы Адилгожина

Доценттің міндетін атқарушы, медицина ғылымдарының кандидаты, РАЕ профессоры

«Жанұялық медицина» мамандығы бойынша резидентураға жауапты

Дерматовенерология және ЖТД (жалпы тәжірибе дәрігері) бойынша жоғары санатты дәрігер, “Отбасылық медицина” мамандығы бойынша ҚР ЖБТ комитетінің мүшесі, резидентурада Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалаудың емтихан материалына сараптама жүргізу үшін сарапшы.

1994 жылы СММУ емдеу факультетін бітірді. ЖОО аяқтағаннан кейін, Семей қаласының ТВД-де дерматовенеролог болып жұмыс істеген, бірнеше жыл бойы ТВД КМҚК дерматовенерологиялық бөлімшесінің меңгерушісі болды. 2009 жылы “Псориазбен ауыратын науқастардағы иммунологиялық және биохимиялық бұзылулар және оларды жүйелі түзету” тақырыбында диссертация қорғады. 2010 жылдан «ЖТД» кафедрасының ассистенті. Жалпы медицина факультетінің студенттері мен “Отбасылық медицина” мамандығы бойынша резиденттерге арналған ішкі аурулар, акушерия-гинекология, дерматовенерология бойынша қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды. Адильгожина С. М. – съездердің, конгресстердің және халықаралық ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы. Қаланың, аудандардың және облыстардың емдеу-профилактикалық мекемелерінде консультациялық көмек көрсетеді. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклін жүргізеді. 60-тан астам ғылыми жарияланымдардың, 2 патенттің және 3 рационализаторлық ұсыныстың авторы. Еңбегі үшін марапаттар

2013 ж. ҚР Тәуелсіздік күніне орай ШҚО білім департаментінің алғыс хатымен марапатталды. 2016 ж. “РАЕ ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қызметкері” құрметті атағы берілді. 2016 ж. “PRIMUSINTERPARES” РАЕ орденімен-теңдер арасында бірінші. 2017ж. – ҚР ДСМ министрінің грамотасы

2020 ж. – ҚР “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгімен марапатталды.

Эл. пошта

saltanat.adilgozhina@nao-mus.kz
apsalikov-b.a

Бакытбек Асылбекович Апсаликов

Семей қ. ЖТД кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы, PhD

Кафедраның тәрбие жұмысына жауапты.

“Хирургия” мамандығы бойынша сертификаты бар. 40-тан астам ғылыми еңбектердің және бір әдістемелік құралдың авторы. 2018 жылы еңбек қызметі үшін Семей қаласы әкімінің грамотасымен марапатталған.

Эл. пошта

bakytbek.apsalikov@nao-mus.kz
img_9971

Татьяна Ивановна Терехова

Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, Семей қ.

Ассистент, БЖФ (ПК және ПП) бойынша жауапты, куратор, «СМУ» КеАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің мүшесі, «Амбулаториялық-емханалық педиатрия-2» пәні бойынша жауапты, куратор.

1980 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтына педиатриялық факультетке оқуға түсіп, оны 1986 үздік бітіреді. 2012-2013 жж. Семей қ. ММУ үздік ассистенті, ұстазы.1986 жылы клиникалық ординатураны оқытуға институт Кеңесі тағайындады. 1986-1988 жж. – Семей медицина институтының госпитальды педиатрия кафедрасында клиникалық ординатураны оқыды. Оқу облыстық балалар клиникалық ауруханасында өтті және мұнда өзінің дәрігерлік және ғылыми жұмысын бастады. 1998 ж. – ЖТД бойынша интернатура кафедрасы ассистенті және осында қазіргі таңға дейін қызмет атқарады. 1999 жылдан бастап «ИВБДВ» оқу курсының ВОЗ ұстазы сертификаты бар. 2000 – 2003 жж. аралығында Британдық Кеңес, Қазақстанда медико-санитарлық көмекті дамыту бойынша (DFID) халықаралық даму Департаменті проектісі бойынша 3 жылдық ішкі дистанциялық оқудан өтті. Ұлыбританияның клиникалары мен оқу мекемелерінде стажировкадан өтті. Жанұялық медицина бойынша мастер-жаттықтырушы халықарарлық деңгейдегі дипломы бар. Денсаулық сақтау үздігі (2015ж). СММУ үздік оқытушысы 2011-2012, 2012-2013, 2014-2015, 2015-2016 жж. 2016 жылдан бастап КД бойынша тренер.

Эл. пошта

tatyana.terekhova@nao-mus.kz
img_9996

Амина Мухамедоллаевна Хисметова

Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының бас оқытушысы, Семей қ.

Оқу ісінің меңгерушісі, кафедраның инновациялық қызметіне жауапты, «БМСККО деңгейінде денсаулық сақтауды ұйымдастыру» пәніне жауапты «ПО» ҚОП жұмыс тобының мүшесі – 6 курс, KEYPS-қа екі тілде блюпринттерді орналастыру; куратор.

1988 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтына емдеу ісі факультетіне оқуға түсіп, оны 1994 жылы бітіреді. Жоғары категориялы дәрігер. 2000 ж. ЖТД бойынша интернатура кафедрасының ассистенті. 2012-2013 жж. Семей қ. ММУ үздік ассистенті, ұстазы.

Эл. пошта

amina.khismetova@nao-mus.kz
bna

Наталья Александровна Балашкевич

Кафедра ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты.

Медициналық ЖОО-да үздіксіз жұмыс өтілі 17 жыл. Дәрігер-терапевт, ЖПД. “Психиатрия” мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен (2015). Коммуникативтік дағдыларды оқыған (2018, 2020). 2018 жылы “Медицина” PhD-докторантурасын бітірген. Ғылыми қызығушылық саласы-психосоматикалық аурулар, халықтың психологиялық әл-ауқатын зерттеу және арттыру.

Эл. пошта

natalya.balashkevich@nao-mus.kz
img_9976

Айнагуль Муратовна Досбаева

Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, Семей қ.

МСЖ, іс қағаздары мен мемлекеттік тілге аударуға жауапты көмекші, бейнедәрістер, жеке жоспарлар құруға жауапты, куратор.

Досбаева Айнагуль Муратовна Семей Мемлекеттік медицина академиясына педиатриялық факультетке 2000 ж. оқуға түсіп, оны 2006 ж. үздік бітіреді.

2008 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Семей қаласының ММУ ЖТД бойынша интернатура кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді. 20 ғылыми және басқа баспаға шығарылған жұмыстардың авторы және авторласы. 2010-2011 жж., 2011-2012 жж. Семей қ. ММУ үздік ұстазы атанды. Магистр дәрежесі бар. ЖТД мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер.

Эл. пошта

ainagul.dosbayeva@nao-mus.kz
nurzhanova-a.e

Аида Ермековна Нуржанова

Кафедра ассистенті

Коммитти/клеркшип директоры, профорг.

2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «СМУ» ҚеАҚ жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді. Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізеді. «СМУ» ҚеАҚ жұмыс істеген аз уақытына қарамастан ассистент Нұржанова Аида Ермекқызы өзін көптеген салаларда белсенділікпен көрсетті, әсіресе студенттерге оқыту үдерісінде инновациялық білім беру әдістерін енгізуде. Кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады, ғылыми қызметпен айналысады.

Эл. пошта

aida.nurzhanova@nao-mus.kz
saydualiev-d.n

Дастан Насыржанович Сайдуалиев

Денсаулық сақтау магистрі

Қазақ бөліміне жауапты, кафедраның клиникалық жұмысына жауапты, хатшы.

Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттерінде практикалық сабақтар жүргізеді. Жалпы дәрігерлік практика мамандығы бойынша екінші санатты дәрігер. 20-дан астам ғылыми еңбектердің және бір әдістемелік құралдың авторы.

Эл. пошта

dastan.saidualiev@nao-mus.kz
img_9984

Венера Турсыновна Ахметова

Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, Семей қ.

Ассистент, тәрбие жұмысына, кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты, «ЖДТ ішкі аурулары» пәніне жауапты – 7 курс, KEYPS-қа екі тілде блюпринттерді орналастыруға жауапты, құжаттарды рәсімдеу және оны қазақ тіліне аударуға жауапты, әлеуметтік желілерде кафедра жүргізетін шараларды ақпараттандыруға жауапты, куратор.

2004 жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Семей медициналық академиясына оқуға түсті. Ал 2010 жылдың шілде айында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді.

2010 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың шілдесіне дейін Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінде «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша резидентурада оқыды.

2013 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін «СМУ» КеАҚ жанұялық медицина кафедрасының ассистенті қызметін атқарды.

2018 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «СМУ» КеАҚ докторантурада оқиды. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «СМУ» КеАҚ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді. Дәрігер-терапевт. «Жалпы тәжірибе» мамандығы бойынша клиникалық тәжірибеге жіберілген маман сертификаты бар. 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторы.

Эл. пошта

venera.akhmetova@nao-mus.kz
img_9990

Анастасия Сергеевна Джармухаметова

Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, Семей қ.

Ассистент, тұрғындарға АЕК көрстеудің дара сұрақтары” – 6 курс бойынша пәнге жауапты, KEYPS-қа ОӘПК, блюпринттерді орналастыруға жауапты, кафедра профоргы, куратор.

2012 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін бітірді, 2012-2014 жж. «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2014-2020 жж. ШЖҚ Семей қалалық мемлекеттік кәсіпорнының №5 емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істеді. 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың қыркүйегі ЖШС «Жан-Ер» емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істеді. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «СМУ» КеАҚ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді.. ЖТД мамандығы бойынша клиникалық тәжірибеге жіберілген маман сертификаты бар.

Эл. пошта

anastasiya.dzharmukhametova@nao-mus.kz

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

071403, Абай облысы, Семей қ., Сеченов к-сі, 1, “СМУ” КеАҚ УГ, 2 қабат

Телефон

Эл. пошта

p.medicine@nao-mus.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 08:00 – 15:15

Фотогалерея