1995 жылдан бастап 2017 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Қаражанова Людмила Құсаиновна басқарды.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап госпитальды терапия кафедрасының меңгерушісі PhD доктор Жұмағалиева Ардақ Нәзілқызы.
Кафедрада келесі пәндер оқытылады:
7 курста:
- Пульмонология
- Гематология
- Гастроэнтерология
- Нефрология
6 курста:
- ІА модулі: Клиникалық–зертханалық диагностика;
- Ішкі ағзалар ауруларының диф. терапиясының гериатриялық аспектілері;
- Жүктілердің экстрагениталды патологиясының диагностикасы мен терапиясы;
- Жасөспірімдік кезеңнің терапевттік патологиясы
Әрбір пән бойынша барлық интерн терапевттердің қатысуымен өтетін клиникалық конференциялар (симпозиумдар) жүргізіледі.
- Сондай-ақ кафедрада «Интернисттің пікірталас клубы» атты СҒҚ бар, онда оқу жылы ішінде қызықты болған клиникалық жағдайларды, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін талдау жүзеге асырылады.
- 2018-2019 оқу жылында Семей қаласының ЖМЖА базасында медициналық университеттің шағын кітапханасы ашылды.
- Шағын кітапханада кесте бойынша ай сайын 6 мен 7 курс интерн терапевттерімен Journal club өткізіледі, онда заманауи журналдар жарияланымдары талқыланады.
Кафедрада Астма-мектебі жұмыс атқарады, ол 1996 жылы м.ғ.д., профессор Л.Қ. Қаражановамен құрылған.
Жыл сайын кафедрада кафедраішілік «Үздік интерн – терапевт» олимпиадасы жүргізіледі. Конкурс жеңімпазы ЖОО ішілік олимпиадаға, кейін республикалық конкурсқа қатысады.
Кафедра профессор-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежелілігі жоғары – 83,6%.
Кафедраның клиникалық базасы жалпы төсек қоры 300 орындық ЖМЖАболып табылады. Клиникалық база төсектер саны мен бөлімдердің профилі бойынша медициналық кадрларды даярлаудың мақсаттары мен міндеттеріне толық сай келеді. Базада 2 қарқынды терапия бөлімдері, бақылау палаталары, пульмонология, гематология, 2 кардиология бөлімдері мен хирургиялық корпус бар. Сонымен қатар СМУ МО, БОМ (Нефрология бөлімі Семей қ. БОМ орналасқан) клиникалық базалар қатарына кіреді.