Медициналық білім беру кафедрасы 2020 жылдың тамыз айында құрылды. Кафедра функционалына кафедралық жұмыстың барлық түрлері, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам әлеуетін дамытумен және олардың құзыреттерінің даму деңгейіне мониторинг жүргізумен байланысты HR бөлімі орындайтын бірқатар міндеттер кіреді.
Оқытушылық қызмет тек бакалавриат пәндеріне ғана емес, сонымен қатар дипломнан кейінгі және қосымша білім беру деңгейінде жүзеге асырылады. Пәндердің мазмұны психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерді, сондай-ақ тиімді қарым-қатынас пен клиникалық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
ПОҚ біліктілігін арттыруды “Медициналық білім және ғылым ұйымдарының оқытушысы” ҚББМС іске асыру шеңберінде кафедраның тәжірибелі педагогтары жүргізеді. Оқыту топтары кафедралардың өтінімдері негізінде құрылады: бес жыл ішінде 216 сағат көлемінде ҚББМС модульдері бойынша оқудан өту қажеттілігі ескеріледі. Біліктілікті арттыру циклдерінің тыңдаушылары ақылы негізде басқа білім беру ұйымдарының ПОҚ-ы бола алады.
Жас оқытушылар мектебінің қызметін жоспарлау және жүзеге асыру да медициналық білім беру кафедрасына бекітілген. Кафедра меңгерушісі ЖОМ жетекшісі болып табылады.
“Үздік оқытушы” конкурсының ЖОО ішіндегі кезеңін ұйымдастыру мен өткізуді кафедраның жауапты тұлғасы жүзеге асырады.
Кафедра меңгерушісінің міндетін Н. А. Балашкевич атқарады. Кафедраның штаттық қызметкерлері: Нұрғалиева С. Ж. (оқу ісінің
меңгерушісі), Гизатуллина А. Г., Кунслямова Т.К., Орынбасарова Б. А., Ван О.Т., Асылбекова А.М.