Кафедра меңгерушісі

IMG_9289

МУСАТАЕВА ИЮНГУЛЬ СУЛЖАНОВНА

13.00.02 «Оқыту және тәрбиелеу теориясы» (білім жүйесінде ақпараттандыру) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 25 жыл. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Семей мемлекеттік медицина университетінде (КеАҚ «Семей медицина университеті» медицинадағы IT технологиялар кафедрасының меңгерушісі лауазымына конкурс бойынша сайланды.

Білім беру мен қоғамды ақпараттандыру саласында үнемі зерттеулер жүргізеді. 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде 3 мақала нөл емес импакт-факторы бар журналдарда, екі оқу құралы, сандық ресурстарға арналған 4 авторлық куәлік бар. «Информатика» мамандығы бойынша 30-дан аса дипломдық жұмыстардың және 10 магистрлік диссертациялардың жетекшісі болған.

Қызмет саласы: білім беруді, қоғам мен денсаулық сақтауды  ақпараттандыру, «Медициналық ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндерін оқыту.

 

E-mail: iuyngul.mussatayeva@nao-mus.kz

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Кафедраның пайда болу тарихы

Кафедра 1953 жылы физика кафедрасы ретінде құрылды. Кафедра меңгерушілері әр жылдары болды: Карпов Борис Александрович, Колбин Николай Михайлович, Козинцев Владимир Григорьевич, Дихамбеков Женис Какенович, Коньшин Юрий Николаевич, Барташ Лидия Пантелеевна, Бектурова Алмагуль Шакербаевна, Иксымбаева Жаныл Саркытбаевна, Базарбек Жеңісбек Базарбекұлы, Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна, Сергазина Гульжан Максутовна.

Кафедраны және университетті құру мен дамытуға зор үлесін қосқан Дихамбеков Ж.К. болды. 1967 жылы Семей медициналық институтында физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Ректордың көмекшісі,  кибернетика және математика курсы, медициналық физика және математика курсы, физика кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Ақпараттық-есептеу орталығының меңгерушісі қызметін атқарды. 30 жыл бойы емтихан қабылдаушы, атқарушы хатшының орынбасары, жауапты хатшы ретінде қабылдау комиссиясының жұмысына қатысты.

Ж.К.Дихамбеков медициналық жоғарғы оқу орындары үшін физика және информатика бойынша 6 оқулықтың және 30-дан астам ғылыми – зерттеу  мақалалардың авторы.

Дихамбеков Жеңіс Какенұлының Семей мемлекеттік медицина университетінде оқу-әдістемелік және әкімшілік қызметтер үшін келесі марапаттар мен ынталандыруларға ие болған: Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты (2001 ж.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен университеттің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары (1996, 2005, 2008, 2013 жж.), «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (1998), «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» (2013), «Адал еңбегі үшін» (2016) төс белгісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚР денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаль (2016).

2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін кафедра «Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика» кафедрасының, 2015 жылдан 2018 жылға дейін – «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер» кафедрасының құрамында болған. 2018 жылдың қыркүйек айында кафедра «Медицинадағы IT-технологиялар» кафедрасы ретінде қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. Мусатаева Июньгуль Сулжанқызы конкурс бойынша сайланды.

 

Кафедраның жетістіктері, қызметі, жұмыс бағыттары, әрі қарай дамыту жоспарлары

Барлық кезең кафедрасының оқытушылары медициналық биофизика, математика және физика, информатика пәндері бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқу-әдістемелік материалдар дайындап шығарды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медициналық информатика бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Барлық материалдар оқу үрдісінде білім алушылармен сәтті қолданылады.

«Information and communication technologies» және «Медициналық ақпараттық жүйелер / Сандық медицина негіздері» пәндеріндегі оқу нәтижелерінің бірі білім алушылардың АКТ-құзыреттілік деңгейін арттыру, сондай-ақ болашақ медицина мамандарының кәсіби қызметінде медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Кафедра компьютерлік жабдықтармен, заманауи медициналық жабдықтармен және құрылғылармен жабдықталған.

Педагогикалық қызметпен қатар кафедра оқытушылары кафедраның ғылыми-әдістемелік базасын дамытуға бағытталған және жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады және келесі ғылыми жұмыстардың түрлерін жүзеге асырады: ғылыми мақалаларды жазуға және жариялауға дайындау; студенттік топтарда ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру; ғылыми конференцияларға қатысу. Кафедра оқытушылары жыл сайын республиканың ғылыми-тәжірибелік конференцияларына, сондай-ақ алыс және жақын шет елдерге қатысады. Зерттеу нәтижелері оқытушылардың ғылыми еңбектерінде және жарияланымдарында көрсетіледі. Барлық кезеңнің оқытушылары түрлі ғылыми журналдарда 150-ден астам ғылыми мақалаларды жариялады.

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту іске асыру аясында денсаулық сақтау және IT-технологиялар саласында пәнаралық құзыреттілікке ие білікті IT-мамандарын даярлау қажеттілігі артады. 2018 жылдың қыркүйегінде Медицинадағы IT-технологиялар кафедрасы КазГЮИУ-мен бірлесе әзірленген «Ақпараттық жүйелер. Денсаулық сақтау саласындағы IT» интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізе бастады. Бағдарламаны іске асыру медицина саласындағы медициналық техниканы және ақпараттық жүйелерді және технологияларды қолдану үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуде білікті және бәсекеге қабілетті IT-мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кафедраның негізгі бағыты – “Сандық Қазақстан”, “Денсаулық сақтауды цифрландыру” мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру.». Профессорлық-оқытушылық құрам өз қызметінде қағазсыз медицинаға көшу кезеңінде білім алушылардың денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу барысында құзыреттілікті дамытуға баса назар аударады.

Қазіргі уақытта кафедраның негізгі бағыты – электронды денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Профессор-оқытушылар құрамы өз қызметінде қағазсыз медицинаға көшу кезеңінде білім алушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға баса назар аударады. 2019 жылдан бастап кафедра “Жалпы медицина” мамандығының 4 курс студенттері үшін “Медициналық ақпараттық жүйелер” элективті курсын, 2020-2021 оқу жылынан бастап “Сандық медицина негіздері” элективті курсын өткізеді.

Қазіргі уақытта кафедра штатын кафедра меңгерушісі И.С. Мусатаева, аға оқытушы К.Т. Кусаинова, оқытушылар Ә.Д. Ғалымова, Г.К. Токабаева, А.Б. Букатаева, Ә.Н. Масалимова , лаборант Г.А.Тастанова құрайды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

IMG_9294

КУСАИНОВА КУЛЬСАРА ТУРСУНГАЛИҚЫЗЫ

Аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Кусаинова К.Т. ТМД және республика деңгейінде 20-дан астам публикациялардың және 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік тілде жазылған «Медициналық биофизика» атты оқу құралының авторы. «Фармация мамандығы бойынша физика пәнінен 1 курс студенттеріне арналған дәрістер жинағы» оқу құралының қосалқы авторы.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қ. ММУ ректоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Кафедраның барлық қызмет түрлеріне белсене қатысады.

 

E-mail: kulsara.kussainova@nao-mus.kz

IMG_9292

БУКАТАЕВА АЛМАГУЛЬ БЕКЕНҚЫЗЫ

Оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Қызмет саласы: «Медициналық ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндерін оқыту.

Әр түрлі ғылыми басылымдарда 10-нан астам жарияланымның авторы. Кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. 2019 жылы медицина қызметкерінің күніне орай  «СМУ» КеАҚ Басқармасы атынан алғыс хатпен марапатталды. Кафедраның тәрбие жұмысына жауапты.

E-mail: almagul.bukataeva@nao-mus.kz

IMG_9304

Масалимова Әнел Нұржанқызы

Медицинадағы IT кафедрасында биофизика оқытушысы, физика магистрі

Әнел Нұржанқызы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 2019 жылы “физика” мамандығы бойынша магистратураға, “МИФИ” ұлттық зерттеу ядролық университетіне (Мәскеу инженерлік-физикалық институты) түсіп, 2021 жылы “ядролық медицинадағы, медициналық физика”мамандығы бойынша бітірді.  2021 жылы Швейцарияда ЦЕРН (CERN) Ядролық зерттеулер бойынша еуропалық ұйымда тағылымдамадан өткен. Тағылымдама кезінде “CARA, Covid Airborne Risk Assessment” мобильді және веб-қосымшасын жасау бойынша ғылыми жобалармен айналысты. Жоғары оқу орнында оқыған кезінде Әнел Нұржанқызы 2 ғылыми мақала жариялады және Астана ЖОО базасында өткен ғылыми конференциялар жұмысына қатыстықан. Оқу үрдісінде Әнел Нұржанқызы лайықты құрметке және жоғары ғылыми әлеуетке ие. Өз ісіне жауапты, өзіне және студенттерге талапшыл жан. Бойында мейірімділік пен бауырмалдық және ынталы қасиеті бар адам.

IMG_9299

ҒАЛЫМОВА ӘСЕМ ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

Оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Қызмет саласы: “Медициналық ақпараттық жүйелер / Сандық медицина негіздері”, “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” пәндерін оқыту. Сабақтарды үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде еркін жүргізеді. ТМД елдері мен Республика басылымдарында 10-нан астам жарияланымның авторы. Университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. 2019 жылдан кафедра оқу ісі меңгерушісі.

E-mail: galymova.assem@nao-mus.kz

IMG_9298

ТОҚАБАЕВА ГУЛЬМИРА КАДЫРБОЛАТҚЫЗЫ

Оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Бірнеше кітаптардың, мақалалардың авторы.

Қызмет саласы: «Медициналық ақпараттық жүйелер / Сандық медицина негіздері», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Медициналық биофизика» пәндерін оқыту. Кафедраның ҒЗЖ бойынша жұмысқа жауапты.

E-mail: gulmira.tokabayeva@nao-mus.kz

IMG_9301

ТАСТАНОВА ГУЛЬНАРА АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Лаборант.

2004 жылы Семей Бизнес коледжін «Маркетинг (салалар бойынша)»  мамандығы  бойынша аяқтады.  2007 жылы  жоғарғы  оқу орны  «Мұхтар Ауезов» атындағы университетті   «Бухгалтерлік есеп және аудит»  мамандығы бойынша бітірді.  2013-2016 жылдары банк және сауда жүйелерінде жұмыс істеді. 2019 жылдың қыркүйек айынын бастап «Семей медицина университетінде»  лаборант қызметінде  жұмыс істейді.

E-mail: gulnara.tastanova@nao-mus.kz

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Абайская область, город Семей, ул. Абая Кунанбаева, 103, каб №213

Телефон

8-7222-56-28-90 (іш. 1053)

Эл. пошта

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі – Жұма. 09:00 – 18:00

Фотогалерея