Кафедра жетекшісі (меңгерушісі)

IMG_9261

Орынбасаров Шынгыс Оразмухаметович

медицина қызметінің полковнигі

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Әскери кафедра 1956 жылы Семей Медициналық университетінде (СМУ) құрылған. Алғашқыда ол жалпыәскери дайындық оқытушыларымен ұсынылды. Әскери кафедраның іргетасын құраған алғашқы офицерлер: подполковник Матиаш А.А., полковник  Соболев А.В., подполковник Науменко С.А., м/қ подполковнигі  Гатаулин А.Ш.

1956-1957 оқу жылынан бастап әскери кафедра әскери-медициналық пәндер бойынша жоғары курстарда сабақтар өткізе бастады, сабақ жүргізуді бастағандар: м/қ подполковнигі Кравцов Н.С., м/қ подполковнигі Петров К.А.

1957 жылдың наурыз айынан бастап 1973 жылға дейін кафедраны  Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚазССР еңбегі сіңген дәрігер м/қ полковнигі Шейнин Давид Абрамович басқарды. 1973 – 23.09.1981 жылдары аралығында кафедраны Ұлы Отан соғысының ардагері, денсаулық сақтау ісінің үздігі м/қ полковнигі Корсунский И.Ш. басқарды. 1981 жылдың желтоқсан айынан – 1990 жыл аралығында  әскери кафедраның бастығы – денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина қызметінің полковнигі Яцко Ф.В. болды. 1991-1992 ж.ж. – м/қ  полковнигі Степанов С.В.; 1993-1994 ж.ж. – м/қ подполковнигі Петрук А.Н.; 1994-1999 ж.ж. – м/қ полковнигі Кипчакбаев А.К., 1999-2001 ж.ж. – м/қ подполковнигі  Копашев Е.С.; 2002 -2004 ж.ж. – м/қ подполковнигі Абишев М.Д.; 2004 -2012 ж.ж. – м.ғ.к. м/қ полковнигі Исабаев Ж.Т.; 2012 жылдан – 2017 жылдың желтоқсанына дейін отставкадағы м/қ  подполковнигі Абишев М.Д. кафедраны басқарды.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін әскери кафедра бастығы – медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынғыс Оразмухаметович.

Әскери кафедраның басты қызметі болып әскери уақыттағы тағайындалуына сәйкес міндеттерінің орындалуына қажетті көлемдегі медицина қызметін ұйымдастыру, медицина қызметі тактикасының теориялық және тәжірибелік мәселелері бойынша жоғары білікті запастағы офицерлерді дайындау болып табылады. Осыған байланысты, студенттерге медициналық тасымалдау кезеңдерінде жаралылар мен науқастарға медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ, бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда жұмыс істей білу дағдыларын ендіруге кафедра ерекше көңіл бөледі.

Әскери дайындық бойынша оқу бағдарламасын орындағаннан кейін студенттер кешенді бітіру емтиханын тапсырады және запастағы офицерлер құрамына куәләндырылады. 1956-2018ж.ж. аралығының өзінде 24000 аса запастағы медицина қызметінің офицерлері дайындалған, олардың басым көпшілігі қазіргі уақытта әскери қызметтерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында  және таяу шетелдерде өтеп жүр.

2004 жылдан бастап әскери кафедра запастағы медицина қызметі офицерлерінің дайындығын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  тапсырысы бойынша іске асырады.

СМУ әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мамандарды екі әскери-есептік мамандықтар бойынша дайындайды:

– «Жерүсті әскерлеріндегі емдеу ісі»;

– «Жалпы стоматология»;

– «Жұқпалы аурулар»;

– «Запастағы медицина сержанттар».

Студенттердің әскери дайындығы әскери кафедрада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Денсаулық сақтау министрлігі басшы құжаттарының талаптарына және мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылған және өткізіледі.

ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ:    

Әскери дайындықты оқыту мақсаты – әскери уақытта келесідей  лауазымдардағы міндеттерді орындауға қабілетті ҚР Қарулы Күштерінің запастағы медицина қызметінің офицерлерін дайындау:

а) «Жерүсті әскерлеріндегі емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген студенттерді – медицина ротасының дәрігері; медицина бөлімінің, мекемесінің дәрігері;

б) «Жалпы стоматология» мамандығы бойынша бітірген студенттерді – медицина ротасының дәрігері, медициналық бөлім, мекеме дәрігері;

Студенттерді әскери уақыттағы тағайындалуына байланысты функционалдық міндеттерін орындауға қажетті теоретикалық және тәжірибелік мәселелер бойынша дайындау;«Әскери дайындық» пәнін оқыту міндеттері:

  • студенттерге офицерге қажетті кәсіптік-жауынгерлік, моральды –психологиялық және дене дайындығы қасиеттерін ендіру;
  • әскери жағдайда әскери-медициналық қызмет және медициналық мүлікпен қамтамасыз ету жүйесін басқаруға қажетті командирлік дағдыларды машықтандыру.

Қазіргі уақытта әскери кафедраның бастығы – медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмухаметович. 1995 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтын бітірді. Қызметін бөлімнің медициналық пункт бастығы, бригаданың медицина қызметінің бастығы, госпитальдың тері-венерологиялық бөлімінің бастығы, Семей қаласы Әскери госпиталі бастығының орынбасары – медициналық бөлімінің бастығы, Семей қаласы ММУ әскери кафедрасы оқу бөлімінің бастығы лауазымдарында өткерді.Әскери кафедрада әскери дайындық бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру оқыту жұмыстарын; оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруды; әдістемелікжұмысты; әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстарды; оқу үрдісінің оқу-материалдық базасын дамыту мен жетілдіру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша шараларды; студенттердің әскекри-патриоттық тәрбиесін; ішкі тәртіпті сақтау бойынша шараларды; студенттердің әскери бөлімдердегі оқу-жаттығу жиындарын; сынақтарды және бітіру емтихандарын қамтиды.

Қазіргі уақытта кафедрада негізінен әскерде және емдеу мекемелерінде қызмет атқарған, тәжірибелері мол запастағы офицерлер жұмыс істейді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

IMG_9269

Мамыканов Ринат Толеутаевич

Аға оқытушы, әскери кафедра жетекшісінің орынбасары, запастағы полковник

IMG_9272

Аманов Марат Шамилович

Аға оқытушы, әскери кафедра циклының бастығы, запастағы полковник

IMG_9259

Шерстобитов Игорь Николаевич

Әскери кафедра оқытушысы, запастағы медицина қызметінің  подполковнигі

IMG_9267

Смагулов Ардабек Тулеубекович

Әскери кафедраның оқытушысы, запастағы медицина қызметінің  подполковнигі

IMG_9266

Матыцин Александр Викторович

Әскери кафедраның оқытушысы, запастағы медицина қызметінің  подполковнигі

IMG_9263

Смаилов Нурбек Саденович 

Әскери кафедраның оқытушысы, запастағы медицина қызметінің  подполковнигі

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Абайская область, город Семей, ул. Абая Кунанбаева, 103

Телефон

8 (7222) 52-54-13 (ішкі 1132)

Эл. пошта

vk@nao-mus.kz

Жұмыс уақыты

Дс. – Жм. 09:00 – 18:00

Фотогалерея