Хайдарова Нуржанат Бидахметовна
м.ғ.к., доцент
1991 жылдың қаңтар айында білім Министрлігінің «Стоматологиялық факультеттің ұйымдастырылуы жөнінде» 01.01. 91 жылғы № 128 бұйрығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтында стоматологиялық факультет құрылды. Факультет құрылуына СММИ ректоры Раисов Т.К., ҚР бас балалар тіс-дәрігері, профессор Супиев Т.К., АММИ стоматологиялық факультетінің декан орынбасары, доцент Курмангалиев З.К., профессор., м.ғ.д. Копбаева М.Т. белсене қатысты.
1991 жылы қыркүйекте м.ғ.к., доцент Копбаева М.Т. басшылығымен терапиялық стоматология кафедрасы құрылды, кейіннен Алматы қ. пародонтологтар мен эндодонтисттардың ассоциациясының төрағасы, м.ғ.к., 1998 жылдан кафедраны басқарды.
Факультет деканы болып профессор, м.ғ.д. Жаныбеков Д.Е. (қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), факульетті 10 жыл көлемінде басқарды.
1996 жылдан 2010 жылдар аралығында терапиялық стоматология кафедрасын доцент, м.ғ.к. Сулейменева Д.М. басқарды. Осы күннен қафедраның негізін қалаушылар: доцент Хайдарова Н.Б.- 1992 жылдан – 2010 жылдар аралығында кафедраның оқу ісінің меңгерушісі. Ассистенттер: Тайбагарова Г.Ш., Сыздыкаева С.М..
2011 жылдан 2018 жылдар аралығында кафедралардың біріктірілуіне байланысты стоматологиялық пәндер кафедрасы құрылды, басшысы доцент Абралина Ш.Ш.. Студенттердіңкөбейіп ұлғаюына байланысты стоматологиялық пәндер кафедрасы үш кафедра бөлінді: терапиялық стоматология кафедрасы, балалар стоматология кафедрасы және бет – жақ және пластикалық хирургия кафедрасы.
01.09. 2018 ж. бастап терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі болып доцент, м.ғ.к., Хайдарова Н.Б. тағайындалды.
Автобусные маршруты: 12, 33, 41, 9, 4 (Остановка “ЦГБ”)