Рахыжанова Сауле Орынғазықызы
медицина ғылымдарының кандидаты, м.а. доценті, РЖА профессоры.
1991ж. Семей мемлекеттік медицина институтынның «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы қалыпты физиология кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 1994 жылы аға оқытушы лауазымына ауыстырылды.
2010 ж. Алматы қаласында ҚР ЦБИ КН МОН Адам және жануарлар институнда «Изменения иммунологических и биохимических процессов при умственной и физической нагрузке и способы их коррекции» атты тақырыпқа, шифр 03.00.13-физиология кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.
2014 жылдан бүгінгі күнде дейін қалыпты физиология кафедрасының м.а.доценті.
2016-2018 оқу жылында физиологиялық пәндер кафедрасында патологиялық физиология пәндері бойынша оқу ісіне жауапты. 2018 жылы «Қалыпты физиология» кафедрасынан кафедра меңгерушісі лауазымы бойынша конкурстан өтті. «СМУ»КеАҚ ғылыми кеңестің мүшесі, Академиялық кеңестің мүшесі, университетте терминологиялық комитеттің мүшесі, ҚР денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясының мүшесі.
Физиология пәнінен тәжірибелік сабақтардыы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Барлық мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде физиология пәнінен толық курстық дәріс оқиды. 2014-2015 оқу жылында мамандығы «Анестезиология және реанимация, оның ішінде балалар» резиденттерге арналған «Клиникалық физиология» пәні бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтарды жүргізді. Интеграциялық дәрістерді «Физиология-2» келесі «Анатомия-2», «Гистология-2», «Биохимия», «Медбиофизика», «Патофизиология-2» пәндерімен бірігіп және «Урология» клиникалық кафедрасымен бірігіп оқыды.
ҚР ТОБ ұсынған физиологиялық пәндерден қолданылатын қазақ тіліндегі «Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар» (2006) және «Физиологиядан тәжірибелік сабақтарға нұсқаулар» (2017 жылы қайта басылған) атты практикумның авторы. «Физиология анатомия негіздерімен» (2013) атты оқу-әдістемелік құралдарының автор және «Медициналық терминологиялық сөздік» авторы.
100 шақты ғылыми және ғылыми – әдістемелік жұмыстың, 1 монография, 1 ойланып табудағы авторлық куәліктің авторы. Импакт-факторлы халықаралық және ҚР МОН ККСОН журналдарда мақаласы жарық көрген. Ғылыми халықаралық конференцияларының қатысушысы. Кафедрада қызмет ету барысында университетте және Республикада өткен студенттік ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда жүлделі орындарға ие болған студенттік ғылыми жұмыстардың ғылыми жетекшісі болды. ҚР басқа ЖОО үнемі дипломдық және магистрлік ғылыми жұмыстарының рецензенті боып табылады.
2013 жылдан Семей ММУ терминологиялық комиссиясының мүшесі және үнемі оқу құралы жұмыстарына рецензент болып табылады.
2017 жылдан ҚР денсаулық сақтау аясында медициналық терминологиялық комиссиясының мүшесі.
2014-2015 жылғы университет ПОҚ рейтингісі бойынша «Үздік доцент, аға оқытушысы», «2014 жылғы үздік ғалым» номинанты. 2015-2016 оқу жылында «ЖОО үздік оқытушысы» иегері. 2018-2019 оқу жылы «Үздік ғалым куратор» номинанты.
Ғылыми және педагогикалық жұмыстары үшін Ресей Жаратылыстану Академиясының Президиумының шешімі бойынша 2015жылы «Первый среди равных» орденімен, «Заслужный работник науки и образования» төс белгісімен және 2013 ж. «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» медальімен марапатталды. 2015 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры.
2019 ж. С.О. Рахыжанова ҚР ДСМ “Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісімен марапатталды.