Биология кафедрасы 1953 жылы құрылған. Алғашқы кезеңде кафедра құрамында меңгеруші, үш ассистент, үш лаборант және бір препарат даярлаушы болды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі б.ғ.д., профессор Е.А. Финкельштейн. 1940 ж. докторлық диссертация қорғап шықты. Семейге тағайындалар алдында қырықтан астам ғылыми жұмыстың, оқулық, монографиялардың авторы болған.
1956 жылы биология және генетика кафедрасының доценті ретінде Люся Владимировна Кельштейн қызметін бастады.
1962 жылы профессор Е.А. Финкельштейн зейнеткерлікке шыққан соң, Л.В. Кельштейн кафедра меңгерушілігін қабылдап, 1973 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін осы қызметті атқарды.
1973 – 1974 жж. кафедра меңгерушісінің міндетін доцент Леонид Иванович Виноградов атқарды.
1974 – 1978 жж. кафедрада доцент Макс Валентинович Северин меңгеруші болды.
1978 жылдан кафедраны Қазақстанның еңбегі сіңген Ғылым және техника қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА, ҚР ЖҒҰА, ҚР МҒА, Мәскеу қ. ақпарттандыру Академиясының академигі, Мәскеу қ. (Ресей) П.Г. Сергиев атындағы премиясының лауреаты, ШҚО-ның құрметті азаматы Төлеген Қазезұлы Раисов басқарды. 240-ден астам ғылыми жұмыстың, 6 монографияның авторы. Т.К.Раисов ұзақ жылдар бойы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры (1978-1987жж.), сонымен қатар СММИ (1987-2001ж.) ректоры, облыс маслихатының депутаты, көптеген қағамдық кеңестер және комиссиялардың төрағасы болды.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраға биология ғылымдарының докторы Масығұт Рахымұлы Мынжанов жетекшілік етеді. Жаратылыстану ғылымдарының Ұлттық Академиясының мүшесі. Мәскеу қаласының ВИГИС 1998 жылы докторлық жұмысын қорғап шықты. 3 монографиясы, 90 жуық шетелдік және отандық басылымдары бар, өнертабыстық 2 патенті бар.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Оразалина Айнаш Сапарқызы болды.
Әр жылдардағы биология кафедрасында ұзақ уақыт жемісті жұмыс атқарған: доцент М.К. Жумабаев, профессор Ш.Б.Садыков, профессор Л.Н. Маусунбаева, доцент О.Т.Акишпаева, м.ғ.д О.З. Ильдербаев, доцент О.А. Заворохина, аға оқытушылар Н.Д. Беляева, С.А. Рахвалова, Ф.С. Бектемирова, аға лаборант И.П. Шушакова.
Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс PBL, TBL, «миға шабуыл» сияқты инновациялық әдістер және формалармен байытылған, шағын топтарда жұмыс, сабақтар мультимедиялық және интерактивті технологияларды қолдану арқылы өткізіледі. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап стратегиялық серіктес Ташкент университетімен (Анкара, Түркия) KEYPS электронды платформасын қолдана отырып, жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы енгізілді.
18 жыл бойы профоринтациялық жұмыс мақсатында, кафедра қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған биология пәні бойынша Қалалық және Облыстық Олимпиадалар өткізілуде.
2018 жылдың 2 наурыз күнінде кафедра салтанатты түрде ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атымен аталды.
Қазіргі кезде ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымында профессор М.Р. Мынжанов, доцент А.С. Оразалина, аға оқытушылар Г.Р.Ибраева, Э.С. Темекбаева, оқытушылар Н.Г.Разакова, А.С. Толеухан, Л.А. Мухамедиярова, Е.Е. Өртбаев, А.М.Есентаева, А.Б.Мусапирова, лаборант М.М. Жусупова қызмет атқарады.
Студенттердің ғылыми жобалары кафедра оқытушыларының басшылығымен жоспарланып, жүзеге асырылады. ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында, «Молекулалық генетика зерттеушілері» ғылыми үйірмесі табысты жұмыс істейді. Үйірме студенттері университетішілік, республикалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысады, жүлделі орындарға ие болды, сертификаттармен және дипломдармен марапатталады. Кафедра негізінде «Студент-донор» студенттік жастар ұйымы жұмыс істейді, оның мақсаты студенттер мен тұрғындар арасындағы еріктілер донорлық қозғалысын жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Болашақта дамудың жоспары: медициналық білім беру барысын дамытып, заманауи тенденцияларды зерттеу кіреді; интеграцияланған оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, білім беру бағдарламаларын зерттеу және бағалау, қашықтықтан оқыту, молекулалық биология, медициналық генетика, гендік инженерия, «Мегалаб» ғылыми зертханасының мүмкіндіктері арқылы адам геномын зерттеу саласындағы арнайы білімді кеңейту жоспарланған.
Қызмет саласы: молекулалық биология, медициналық генетика, медициналық білім беру, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу.