Кафедра меңгерушісі

IMG_3796

Дюсупов Алмас Ахметкалиевич

м.ғ.д, доцент,  жоғары санаттағы травматолог-ортопед. 250 ден артық ғылыми жұмыс, 17 өнертабыс және  32 рационалдық ұсыныс авторы, оның басшылығымен 1 кандидаттық, магистрлік және 2 докторлық  PhD диссертациялар қорғалған.  2 монография жарияланған. Медицинадағы «Ауыр жағдайдағы науқас организміндегі полиорганды жетіспеушілік пен орталық венозды қысым өзгерісі арасыдағы байланыс» атты жаңалық авторларының бірі.

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Шұғыл медицина кафедрасы 2017 жылы апат медицинасы кафедрасының базасында құрылған. 1993 жылдан бастап кафедраны жоғары санаттағы травматолог-ортопед (1993), ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1994) Дюсупов Ахметқали Зайнолдаевич басқарды.

Кафедра қызметкерлерінің медициналық-консультациялық жұмыстары жедел медициналық көмек бөлімінде, кардиология, пульмонология, жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімшелерінде, Семей медициналық университетінің Университеттік ауруханасында жүргізіледі. Қазіргі кезде шұғыл медицина кафедрасында жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері, 6 курс интерн- терапевттері, 7 курс интерн- педиатрлары, резидент -педиатрлар  білім алып жатыр.

Шұғыл медицина кафедрасының негізі қаланғаннан бері қызметкерлер университеттің әдістемелік, ғылыми және медициналық жұмыстарына белсене араласты. Әдістемелік материалдар дайындалды және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің 400-ден астам дәрігері мен медбикелері стационарлық кезеңде науқастарды медициналық іріктеу жүйесінде ЖОО-ның білім беру және клиникалық орталығына негізделген шұғыл жағдайдың ауырлық көрсеткіші (ESI) және шұғыл көмек алгоритмдері бойынша дайындықтан өтті. Қазақстанда алғаш рет 26 дәрігер дайындықтан өтіп, «Жедел және шұғыл медициналық көмек» дәрігері сертификатын алды. Кафедра қызметкерлері 2018-2019 жылдарға арналған жедел медициналық көмек көрсетудің жол картасын құрды.Госпитальдық кезеңде төтенше жағдайларға шалдыққан науқастарды триаж жүйесі бойынша тасымалдаудың стандартталған операциялық процедуралары жасалды. Кафедра қызметкерлері жыл сайын ғылыми жұмыстарға жетекшілік жасайды, университеттің ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыруға қатысады, магистранттар мен PhD докторанттарын дайындайды, Scopus және Web of Science деректер базасында индекстелген халықаралық рецензияланған журналдарда ғылыми нәтижелерді жариялайды, Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдердегі халықаралық конференцияларға қатысады, университетті дамыту жобасының шеңберінде оқытушылар құрамының ғылыми құзыреттілігін арттыру курстарын өткізеді.

Кафедраның барлық қызметкерлері мамандықтары бойынша АҚШ, Түркия, Израиль, Ұлыбритания клиникаларында оқу курстарынан өткен. Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап шұғыл медицина мамандығы бойынша резиденттер дайындау жоспарланып отыр. «Клинико-патогенетикалық механизмдердің ғылыми- негізденген концепциясын кұру және политравмада кешенді реабилитацияны жандандыру» жобасында зерттеу жұмысы.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

Дюсупов

Дюсупов Ахметкали Зайнолдаевич

медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор. 350-ден астам ғылыми еңбектері бар, оның iшінде 21 импакт-фактормен, 20 оқулық, 2 монография, 80-тан астам өнертабыстар мен 23 халықаралық патенттің авторы, кандидаттық диссертациялар мен PhD диссертациялардың жетекшісі. 2013 жылдың 28 қарашасында ғылыми жаңалықтар және өнертабыстар авторларының халықаралық академиясының дипломын алған, №457  медицинадағы «Ауыр жағдайдағы науқас организміндегі полиорганды жетіспеушілік пен орталық венозды қысым өзгерісі арасыдағы байланыс» атты жаңалығы бойынша.

no-photo-female

Пивина Людмила Михайловна

ассоцирленген  профессор м.ғ.к. бірінші санатты дәрігер-терапевт. Пульмонология бөлімінде емдеу жұмысын атқарады. 250ден астам ғылыми жұмыс авторы, 4,7  импакт-фактормен, 15тен артық  методикалық ұсыным, 6 авторлық құқыққа куәгерлік, 3 PhD.докторант жетекшісі.

no-photo-female

Месова Асылжан Махмутбаевна

доцент міндетін орындаушы, м.ғ.к., бірінші санатты педиатр. Семей медициналық университетінің Университеттік ауруханасында Педиатрия бөлімшесінде емдеу жұмысын атқарады. 40 тан астам ғылыми еңбек авторы.

no-photo-female

Батенова Гульнара Баяхметовна

ассистент, кафедра оқу ісі меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-кардиолог. №2 кардиология бөлімшесінде емдеу жұмысын атқарады. 25 ғылыми еңбек авторы,  2 методикалық ұсыным бар.

IMG_7316 (2)

Токбулатова Мейрамгүл Орынбекқызы

ассистент, м.ғ.к, кафедра завучы, жоғары санатты дәрігер-кардиолог. Семей медициналық университетінің Университеттік ауруханасында ЖКС  бөлімшесінде емдеу жұмысын атқарады. 44 ғылыми еңбек авторы, 1 өнертабыс, 5  методикалық ұсыным, 1 монографиясы бар.

no-photo-female

Козыкенов Аскар Абенович

ассистент, м.ғ.к. жоғары санатты дәрігер травматолог. ЖМКА қабылдау бөлімінде емдеу жұмысын атқарады. 47 ғылыми еңбек авторы.

IMG_7337 (2)

Уразалина Жанар Маратовна  

ассистент, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер-терапевт, Семей қаласының бас пульмонологы. Пульмонология бөлімшесінде емдеу жұмысын атқарады.  25тен астам ғылыми еңбек авторы, 2 методикалық ұсыным бар.

no-photo-female

Байбусинова Жанар Тюлутаевна

ассистент, м.ғ.к, жоғары санатты дәрігер гинеколог. Гинекология бөлімінде емдеу жұмысын атқарады, эксперттік кеңестің кеңесшісі. 25 ғылыми еңбек авторы, методикалық ұсынымдардың авторларының бірі.

no-photo-female

Манарбеков Елжан Манарбекович

ассистент, доктор РhD, бірінші санатты травматолог дәрігер (балалар).  ЖМКА политравма бөлімінде емдеу жұмысын атқарады.  12 ғылыми еңбек авторы, 2 өнертабыс авторы.

no-photo-female

Акимжанова Асель Кажымуканкызы

ассистент, доктор PhD, жоғары санатты дәрігер-невропатолог (балалар). Семей медициналық университетінің Университеттік ауруханасында балалар неврологиясы бөлімшесінде емдеу жұмысын атқарады. 13 ғылыми еңбек авторы.

IMG_7356 (2)

Хакимов Мирлан Кайртаевич

ассистент, жоғары санатты дәрігер  хирург. ЖМКА шұғыл медицина бөлімінде емдеу жұмысын атқарады. 12 ғылыми еңбек авторы.

IMG_7318

Серикбаев Аскар Сейткабылович

ассистент,  жоғары санатты дәрігер травматолог. ЖМКА қабылдау бөлімінде емдеу жұмысын атқарады.  25 ғылыми еңбек авторы.

IMG_7321 (2)

Бекбулатов Ринат Равильевич

ассистент, дәрігер терапевт, Семей медициналық университетінің Университеттік ауруханасында қабылдау бөлімінде емдеу жұмысын атқарады.

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Абайская область, город Семей, улица Мичурина, 140-а

Больница скорой медицинской помощи

Клиническая база: БСМП , УГ НАО “МУС”

Автобусные маршруты: 9,12,24,35, 37,39

Телефон

Қабылдау бөлімінің байланыс телефоны: 8 (7222) 777-334

Эл. пошта

Жұмыс уақыты

Пн. – Пт. 09:00 – 18:00

Фотогалерея