Кафедра 1957 жылы қыркүйек айында құрылған. Оның алғашқы меңгерушісі болып профессор Спивак Ривекка Яковлевна (1957-60 жж.) тағайындалған және ол Харьков қаласындағы медициналық институттың түлегі болатын.
1960-62 жылдары кафедраны доцент Серебряная Софья Павловна басқарды, ол да Харьковтың медициналық институтының түлегі еді.
Келесі он жыл арасында (1962-71 жылдары) кафедра меңгерушісі қызметіне Одесса қаласындағы медициналық институтының түлегі профессор Лащевкер Матвей Вениаминович тағайындалған болатын.
1971-76 жылдары арасында кафедраны Томск қаласының медицина институтын бітірген профессор Савина Полина Николаевна басқарды.
1976-83 жылдары кафедраны профессор Бененсон Ефим Владимирович басқарды және ол Свердловск қаласының медицина институтының түлегі болатын. Осы кезеңде кафедраның қызметкерлері клиникалық иммунология мен ревматология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді бастады. Профессор Е.В. Бененсонның басқаруымен 1 докторлық және 4 кандидаттық диссертация қорғалған болатын.
1983 жылдан 2003 жылға дейін, яғни 20 жылдан астам уақыт кафедраның меңгерушісі болып Семейдің медицина институтының алғашқы түлектерінің бірі профессор Иванова Райфа Латыфовна істеді. Ол адамның басқаруымен 4 докторлық және 26 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Әлі күнге дейін белсенді түрде шығармашылық еңбекке араласуда. Семей қаласының ММУ Еңбегі сіңген профессоры атағы берілген.
2003 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымдарының дәрігері, профессор Жумадилова Зауреш Кенжекановна басқарды және ол Семей медициналық институттың түлегі. 1989 жылы кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін госпиталды терапия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 1993 жыл оқу доценті атағын алды. 1995-98 жж. «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша доктарантурада болды. 2004 жылы «ревматология»мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. 2006 жылы профессор атағы берілді. Қазіргі күнде университет госпиталінің кардиоревматология, гастроэнтерология, реанимация бөлімдерінде кеңес беру қызметін жүргізуде. 2014-16 жж. «Медицина» мамандығы бойынша Ph-докторлық диссертация төрайымы болды. Жумадилова З.К. жеткшілігімен 1 докторлық, 3 кандидаттық және 3 магистерлік диссертация қорғалынды. 2018 жылдан – факультеттік терапия кафедрасының профессоры.
Дәрігерлерді дайындау саласына ерекше үлес қосқан кафедраның доценттері: Пищагина Л.А., Романова Э.В., Овсянникова Р.С., Уалиева Т.М., Оспанова Ш.Н., Немцов Б.Ф., Мальцев В.Г., Вайнцвайг П.М., Алибекова Р.И., Курумбаев Р.Р., Пивина Л.М., ассистенты: Гейликман Е.М., Драбкина Э.М., Виноградов Н.И., Корниенкова А.А., Визе-Хрипунова М., Поряков А.Н., Лялюкова Е.А., Омарбекова Ж.Е., Уразалина Ж.М., Батенова Г.Б.
Факультеттік терапия кафедрасы алғаш құрылған кезінен бастап осы жоғарғы оқу орнындағы жетекші кафедра ретінде саналды. Студенттер арасында клиникалық дәрістері мен тәжірибелік сабақтары жоғары бағаланды.Сабақ берудің жаңадан инновациялық әдістері кеңінен қолданылады:стандартты пациентпен жұмыс істеу, мини-клиникалық емтихан, интеграциялық сабақтар, Симуляциялық сыныптарда коммуникативті дағдылар қалыптастырылып үйретіледі.Кафедрада кардиология, ревматология, нефрология, клиникалық иммунология мен гастроэнтерология салалары өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде, олардың нәтижелері тезистер мен мақалаларда басылып отырылады.Кафедрада студенттік ғылыми үйірме дәстүрлі түрде жұмыс жасайды.Студенттердің қорытынды ғылыми конференцияларында жеңістеге жетіп мақтау қағаздар мен арнайы дипломдар алынған.Көптеген жылдар бойы әр жыл сайын кафедра қызметкерлері университеттің қорытынды рейтингтерінде жүлделі орындарға ие болып келеді. Кафедра қызметкерлері тек аурухана деңгейінде ғана емес, сол секілді қала мен аудандар көлемінде де ірі емдік-кеңес беру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Кафедрада қазіргі кезде мына адамдар қызмет етеді: кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Жұмаділова З.К., доценттер, медицина ғылымдарының кандидаттары: Шаханов Т.Е., Капанова Г.К., Каскабаева А.Ш., сол сияқты тәжірибелі оқытушы ұстаздар, медицина ғылымдарының кандидаттары: Мұздыбаева Ж.Е., Барқыбаева Н.Р., Ботабаева А.С., Селғазина М.Б, ассистент Хайбуллина А.И., Қалимолдина Г.К., лаборанттар: Дауенова Р.С., Кездікбаева А.М.