Кафедра меңгерушісі

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Тарихта облыстық клиникалық аурухана (ОКА) 1952 жылы 4 қаңтарда Семей губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің №2 бұйрығы бойынша  физинститут негізінде, хирургиялық және көз ауруханасы ретінде құрылды.

Оның бірінші басшысы және сонымен бір мезгілде Семей қаласының мемлекеттік медицина институтының бірінші ректоры болып денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Василий Сергеевич Бобов тағайындалды.

70-ші жылдары облыстық аурухана облыстың ірі көпсалалы мамандандырылған клиникасына айналды. Осы уақытта кардиохирургия бөлімі ашылды, оның жетекшісі Ю.П. Фоняков, ал бөлім меңгерушісі Казанцев Юрий Артемьевич болды. Юрий Артемьевич Семей мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін 1961 жылы Семей облысы Үржар ауданының Науалы ауруханасына жіберілді, онда 1963 жылға дейін дәрігер хирург болып жұмыс істеді. Кейін ол Семей облыстық клиникалық ауруханасына хирургиялық бөлімге ординатор лауазымына ауыстырылды. Кардиохирургиялық бөлімшені ашуға дайындық кезеңінде ол Ленинград қаласында кардиохирургия, анестезиология-реанимация бойынша мамандандырудан өткен жас мамандар тобына түседі. Бастапқы кезеңде жүрекке операциялар А.Н. Сызганов атындағы МҒО,  жүрек-тамыр хирургиясы бөлімін басқарған профессор Сергиевский В.С. қатысуымен жүргізілді. Өкінішке орай, кардиохирургия сол жылдары тиісті деңгейде дамымады және 1973 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен жабылды.

Қазақ КСР ДСМ 29.08.1972 ж. №561 бұйрығына сәйкес 25 төсек кардиохирургиясы бөлімшесінің негізінде қантамыр хирургиясы бөлімшесі ашылды. Әрі қарай дамудың өтпелі кезеңі болды. Осы кезеңде жұмыс істеген белсенді мамандар кардиохирург, м.ғ.к. госпитальдық хирургия кафедрасының доценті А. М. Бессонов, доцент м. ғ. к. хирург А. М. Ягудин 1975 жылдан бастап хирургия бойынша интернатурадан өткеннен кейін ординатор, содан кейін 1984 жылдан бастап тамырлы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген Масалимов Есен Омарханович болды. Осы кезеңде тамырлы хирургияның түпкілікті қалыптасуы болды, қолқа, экстракраниальды тамырларға операциялар, қайталанған реконструктивті операциялар және қолқаның висцеральды бұтақтарына операциялар, күрделі флебологиялық операциялар жасалды, сол кезеңдегі жүрекке соңғы операция, митральды комиссуротомия 1996 жылы Масалимов Е.О. Бессонов А.М. бірлесіп жасалды. Негізгі тамырлардың туа біткен ақаулары, ашық артериялық канал және аорта коарктациясы коронарлық хирургияның ашылу кезеңіне дейін жасалған болатын.

1994 жылы Е.О. Масалимовтың Семей қ. ОКА директорының орынбасары болып тағайындалуына байланысты бөлімді Сагандыков Ирлан Нигметжанович басқарды. Осы сәттен бастап тамырлы хирургияны дамытумен қатар, ауруханада кардиохирургияны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді – 90-жылдардың аяғы мен 2000-жылдардың ортасына дейін, жүрекке ашық операциялар жасау және материалдық базаны дайындау бойынша шеберлік сыныптары өткізілген кезде, жасанды қан айналымы аппараты мен құрал-саймандар жабдықтарын сатып алуға өтінімдер жүзеге асырылды. 2006 жылы денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, денсаулық сақтау министрлігінің қолдаухаты және ШҚО әкімінің қаулысы негізінде, ОКА Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің (ММУ) құрылымдық бөлімшесі ретінде коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілді. ОКА Семей қ. ММУ медициналық орталығы (МО) болып өзгертілді.

Семей қ. ММУ ректоры Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбековтың (2007 жылдан 2017 жылға дейін ректор) тапсырмасы бойынша 2009 жылдан бастап Семей қ. ММУ МО кардиохирургияны дамыту бойынша жоба іске асырыла бастады, жоба жетекшісі болып Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов тағайындалды, сол уақытта даму және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректор, м. ғ. д., профессор, 2005 жылдан бастап тамыр хирургиясы бөлімінде жұмыс істейтін жоғары санатты ангиохирург. Кардиохирургияны дамыту үшін Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығынан Семей қ. ММУ түлегі, өз жұмысын Семей қ. ММУ МО тамырлы хирургия бөлімінің ординаторы болып бастаған Буланов Бекжан Серікбосынұлы шақырылды. 2009 жылдан бастап И. Н. Сағандықовтың Астана қаласына көшуіне байланысты тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Б. С. Буланов болды.

А.А. Дюсуповтың жетекшілігімен кардиохирургияны дамыту бойынша жоба шеңберінде денсаулық сақтау министрлігімен және ШҚО әкімдігімен хат алмасудан бастап, кадрларды оқытуға, барлық қажетті жабдықтарды сатып алуға, Семей қ. ММУ МО сервистік бөлімшесін кардиохирургиялық операциялық бөлмеге, реанимацияға қайта құруға дейінгі үлкен әдіснамалық және практикалық жұмыс жүргізілді. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының желісі бойынша ангиограф алу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, және  рентгенэндоваскулярлық зертхана қайта құрылып, ашылды. Рентгенэндоваскулярлық зертхананың меңгерушісі болып Астана қ. Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығынан шақытылған, сондай-ақ Семей қ. ММУ түлегі және өз жұмысын Семей қ. ММУ МО тамырлы хирургия бөлімінің ординаторы болып бастаған Сабитов Ерсін Тюлютевич тағайындалды.

2013 жылғы 4 сәуірде Семей қ. ММУ МО кардиохирургияны дамыту бойынша жоба сәтті жүзеге асырылды, Семей қаласы мен университет тарихында алғаш рет жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесі, эндоваскулярлық зертхана ашылды, жасанды қан айналым жағдайында ашық жүрекке аорто – коронарлық шунттау, коронарография, коронарлық және перифериялық артерияларды стенттеу операциялары дербес орындалды, тәулік бойы “жіті коронарлық синдром”қызметі жұмыс істей бастады. Жобаны дамыту университет ректоры, М.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбековтің, университет Медициналық орталығының директоры Серік Нұрибекұлы Әлжановтың, университет медициналық орталығы директорының хирургиялық бөлім жөніндегі орынбасары Есен Омарханұлы Масалимовтың қолдауынсыз мүмкін болмас еді. Ашық жүрекке алғашқы дербес операция, аортокоронарлық шунттау, жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, кафедраның PhD докторанты Буланов Б.С. орындады, аортокоронарлық шунттау операциясы кезінде алғашқы экстракорпоралдық қанайналымын жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімінің ординаторы Сальменбаев Ерлан Ауельгазиевич жүргізді, коронарлық артерияларды стенттеумен бірінші коронарографияны рентгенэндоваскулярлық зертхана меңгерушісі, PhD докторы Сабитов Ерсін Тюлютович орындады.

2013 жылғы 4 сәуірде “Қазақстанның Еңбек Ері” ҰҒКО “АҚ Басқарма төрағасы Пя Юрий Владимирович бастаған Астана қаласының “Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы ” АҚ-мен (ҰҒКО) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ҰҒКО АҚ ұжымы Семей қ.ММУ МО базасында жобаны іске қосу және кардиохирургиялық қызметті ашу бойынша үлкен практикалық және әдіснамалық көмек көрсетті.

Осылайша, 2013 жылдың сәуір айында ауруханада жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімі құрылды, оның құрамында 32 төсектік ангиохирургия және 8 төсектік коронарлық хирургия үшін кардиохирургия, 36 төсектік кардиология, рентгенэндоваскулярлық зертхана бар, онда аортография, ангиография, флебография, соннография, коронарография, стенттеу, кардиостимуляторлардың барлық түрлерін орнату жүргізіледі.

2017 жылдың қыркүйегінде университеттің медициналық орталығы университеттік госпиталь болып өзгертілді.

2019 жылдың қыркүйек айында университет тарихында алғаш рет басқарма төрағасы-ректор Е.Т. Жүнісовтың бұйрығымен жүрек-қантамыр және торакальды хирургия кафедрасы құрылды. Жаңа кафедраның ашылуы Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын жүзеге асыру, Түркияның Анкара қаласындағы Башкент университетімен стратегиялық серіктестік негізінде оқытудың жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізу арқасында мүмкін болды.

Жүрек-қан тамырлары және торакальды хирургия кафедрасының бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы болды. Жүрек-қан тамырлар хирургиясы пәні 4 курс студенттеріне бакалавриат деңгейінде оқытыла бастады, алғаш рет ангиохирургия және кардиохирургия бойынша резидентуралар ашылды.

2020 жылдың шілдесінде, коронавирустық инфекция пандемиясының өршуі кезінде, кафедра мен жүрек-тамыр хирургиясы бөлімінің ұжымы орны толмас шығынға ұшырады, жүрек-қан тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Буланов Бекжан Серікбосынұлы жұмыс орнында коронавируспен ауырып, осы ауруды жеңе алмады. 2021 жылдың наурыз айында университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен “Семей медицина университеті” КеАҚ университеттік госпиталінде жүрек-қантамыр және торакалды хирургия кафедрасына Бұланов Бекжан Серікбосынұлының есімі берілді.

Қазіргі уақытта Буланов Бекжан Серікбосынұлы атындағы жүрек-қан тамыры және торакалды хирургия кафедрасы дамуын жалғастыруда, тұрақты негізде мастер-класстар, біліктілікті арттыру, инновациялық технологиялар трансферті өтуде. Жүрек-қантамыр, гибридтік және торакалдық хирургия ғылыми мектебі құрылды, оның нәтижесі PhD докторы Е.Т. Сәбитовтың қорғауы болды, қорғау сатысында 2 PhD докторлық, PhD докторантурасында кафедраның 3 қызметкері оқиды.

Жүрек-қан тамыр хирургиясы кафедрасы мен бөлімшесінің әр жылдары жұмыс істеген қызметкерлері:

Фоняков Ю.П., Казанцев Ю.А., Банченко А.Э., Масалимов Е.О., Свитич Ю.М., Рахметов Н.Р., Хвостиков Е.И., Сазанбаев Д.К., Сагандыков И.Н., Аймагамбетов М.Ж.; Рахметов А.О., Калимулин А.В., Ленц О.Э., Васильев А.Э., Мухамедкалиев С.С., Ашимов Н., Сулейменов С.С., Буланов Б.С., Дюсупов А.А., Сулейменов Е.Т., Ыдрышева, Землянский В.В., Сабитов Е.Т., Айманов И.Е., Сальменбаев Е.А., Иманбаев М.Н., Адылханов Ф.Т., Искаков Ш.Е., Азизов Б.С., Казымов Е.М., Толеутаев Т.А., Кожахметов Ж.О., Мухаметханов Р.Б., Аманжолов Д.Б.

Ангиологтармен кардиологтар: Ахметова Р., Бергенева А., Маутбекова А.С.

 

Фтизиатрия

Семей медициналық институты ашылған сәттен бастап фтизиатрия кафедрасы жұмыс істеді, кафедра  өз жұмысын  И. Г. Пащенконың басшылығымен бастады.

1988 жылға дейін кафедраның   меңгерушісі болып  мғд, профессор  И. Зиновьев  болды.

1988 жылдан 1991 жылға дейін кафедраны  мғд  меңгерушісі, профессор  Бурлаченко М. А. басқарды.

1991 жылдан 1997 жылға дейін кафедраны  мғк, доцент Дивеева Л. М басшылық етті.

1997 жылдан 2002 жылға дейін кафедраны  мғк, доцент  Никульшина В. М басшылық етті

2002 жылдан 2008 жылға дейін кафедраны дмн, К. С. Игембаева басқарды.

2008 жылдан 2012 жылға дейін кафедраны    мғк,  Игембаева  Р.  С  басқарды.

2012 жылы фтизиатрия кафедрасы  балалар жұқпалы аурулары кафедрасымен біріктірілгеннен кейін, кафедра меңгерушісі    мғк ,  доцент  Эфендиев И. М  болды.

2018 жылы қайта құрылуына байланысты Фтизиатрия курсы факультеттік хирургия кафедрасына кіріп, кафедра меңгерушісі болып дмн, профессор Дюсупов Алт тағайындалды.А.

2019 жылы факультеттік  хирургия  кафедрасы   жүрек-тамыр және торакальды хирургия кафедрасы деп аталды. Қазіргі таңда  фтизиатрия  кафедрасында:  Кадирова Г.А.,  Чункаева Д.Д., Горковенко О.А.,  Сағат Б. Қ  жұмыс  істейді.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

IMG_7937

Горковенко Ольга Александровна

Ассистент

IMG_7934

Пономарева Василя Файзоллаевна

IMG_7936

Кадирова Гуля Асылбековна

Сағат Бұлбұл Қанатқызы

Сағат Бұлбұл Қанатқызы

Иманбаев Мерей Нуриденович

Иманбаев Мерей Нуриденович

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абайская область, город Семей, ул. Абая Кунанбаева, 103

Телефон

8(ХХХХ)ХХ-ХХ-ХХ (внутренний ХХХХ)

Эл. пошта

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі. – Жұма. 09:00 – 18:00 (Түскі үзіліс: 13:00 – 14:00)

Фотогалерея