Кафедра меңгерушісі

Зав. каф. фармакологии

Тулеутаева Райхан Есенжановна

медицина ғылымының кандидаты, жоғары санаттағы терапевт, жоғары санатты нефролог, клиникалық фармаколог, терапия және нефрология бойынша тәуелсіз аккредиттелген сарапшы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры, Қазақстанның медицина саласының үздігі, Еңбегі сіңген ғылым және білім қайраткері. 100-ден астам ғылыми басылымдар, Клиникалық фармакология бойынша қазақ тілінде шығарылған 7 оқулық бар. Қызмет саласы терапия, нефрология, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, фармакоэпидемиология, фармакогенетика.

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Фармакология кафедрасы Семей мемлекеттік медицина институтында 1955-1956 оқу жылдары ашылды (Гребнева Л.А, А.А.Алтымышев кейін атақты ғалымдар, медицина ғылымдарының докторлары, профессорлары, Қырғыз ғылыми Академиясының академиктері атанған). 1962 жылдан бастап кафедраны м.ғ.к., доцент К.О.Оралбаев, 1971 жылдан бастап – м.ғ.д., профессор М.Д.Гаевый басқарды. Олардың жетекшілігімен бірнеше диссертациялар қорғалды, негізгі бағыттары ми қанайналымының фармакологиясын зерттеу болды. 1975 жылдан 1979 жылға дейін кафедраны м.ғ.к., доцент Е.О.Омарханов, 1979 жылдан 1980 жыл аралығында С.П.Трофименко басқарды.

1980-2015 жылдар аралығында Семей қаласының ММУ фармакология кафедрасын м.ғ.д., профессор, ҚР медициналық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Мусин Марат Нукенұлы басқарды. 1975 жылы Киев қаласында «Фармакологическое изучение полифенольного препарата, полученного из мяты перечной» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 1993 жылы Мәскеу қаласында КСРО МҒА фармакология институтының базасында «Фармакологическое изучение противоаритмических свойств нового класса соединений – 1,2-замещенных пирролов» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Мусин М.Н. жетекшілігімен 2 докторлық және 5 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазақ тіліндегі фармакология бойынша кітаптардың авторы.

Клиникалық фармакология және клиникалық лабораторлы диагностика кафедрасы 1989 жылы ашылды. Алғаш негізін қалап , кафедра меңгерушісі болған м.ғ.д., профессор Жангелова Майра Бельгибаевна. СММИ емдеу факультетін 1964 жылы бітірген. СММИ биохимия кафедрасында ассистент, Харьков медициналық институтының биохимия кафедрасының аспиранты (1966-1968 ж.ж.), ассистент, доцент, профессор.  Жетекшілігімен 1 кандидаттық диссертация қорғалған. Дүниежүзілік алтын медальмен, «Еңбек ардагері» медлімен  марапатталған. ҚР Жоғарғы Совет депутаты болған (1990-1994ж.ж.).

2000 жылдан 2009 жж аралығында клиникалық фармакология курсын  СММА профессоры Байсугуров Ж.Б. басқарды. Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін 1969 жылы бітірген. 1984 жылы «Лечение больных гонореей мужчин бензилпенициллином и иммунопрепаратами в комплексе с адъювантами при вялотекущем процессе» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 45 жазба жұмысының, студенттерге, интерндергежәне дәрігерлерге арналған 6 оқу құралының авторы.  1983 жылы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, ал 1987,1995 жылдары ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Мақтау қағазымен» марапатталған.

Әр түрлі жылдары кафедрада доцент Мальцев В.Г., доцент Кулубеков Р.Е., доцент Капанова Г.К., Пчелинцева Т.М., Доланбекова М.А., Рахимгалиева Г.Б., Алиева С.А., Нугманова З.Е., Сундеева Е.А., Махатова А.Р., Мусина А.Е. ассистенттер жұмыс істеді.

Кафедра құрылғалы Акимжанова Есенгайша Фаруазбекқызы лаборант қызметін атқаруда.

2015 жылдан бүгінгі күні кафедра меңгерушісі қызметін Тулеутаева Райхан Есенжанқызы атқарады, 1988 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Институтын үздік бітірді. Дәрігер-нефролог және жоғары категориялы терапевт, нефрология және терапия бойынша тәуелсіз аккредиттелген эксперт, Астана Медициналық Университетінде және ҚазҒЗИ кардиология және ішкі аурулары резидентура мамандығы бойынша ұлттық эксперт ретінде аккредитациялауға қатысты. 2005 жылы «Патогенетические механизмы пневмонии на фоне хронической обструктивной болезни легких и вопросы совершенствования лечения» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылдан бастап жалпы және клиникалық фармакология кафедрасында ассистент қызметін атқарды, 2009 жылдан – клиникалық фармакология дисциплинасына жауапты болды. 2013 жылы АҚШ, 2015 жылы Австралияда өндірістік тәжірибеден өтті.

2012 жылы «ҚР Денсаулық Сақтау Үздігі» төс белгісімен марапатталды, 2013 жылы Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері. 2016 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының Профессоры атағын иеленді, «Ғылым және білім саласының еңбек сіңірген қайраткері» төс белгісімен, «Фармация кафедрасына адалдығы үшін» медальмен марапатталды. 70 астам ғылыми публикациялар, клиникалық фармакология бойынша қазақ тілінде 5 оқу әдістемесі, клиникалық фармакология және фармакотерапия бойынша орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде 1 терминологиялық сөздік, 4 рационализаторлық ұсыныс, зерттеу жұмыстарын жүргізуге 1 авторлық куәлік бар. Клиникалық фармакология мамандығы бойынша 3 резидент дайындады, 2 магистрант, PhD докторанттарына жетекшілік етеді. Медицинаның әр түрлі саласы бойынша ҚР диагностика және емдеу клиникалық протоколдарының құрастырушысы ретінде 2015 жылдан бастап жұмыс тобының құрамында қызмет етеді.

Қазіргі таңда кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысындағы негізгі бағыт жас ғалымдар (Мусина А.Е. және Махатова А.Р.) жұмыс істеп жатқан -фармакоэпидемиология және фармакогенетика,  заманауи фармацевтикалық технологиялар және жаңа дәрілік заттар, биопленкаларды қолдану (Ожмухаметова Э.К.).

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

no-photo-female

Әлиева Сәуле Абусофияқызы

ассистент, жұмыс тәжірибесі 30 жыл, клиниқалық фармаколог,терапевт.ТЖ дәрігері болып жұмыс істеген, отставкадағы майор

no-photo-female

Серікболқызы Еңлік

оқытушы. Еңбек өтілімі 2 жыл, жалпы тәжірибелік дәрігер

no-photo-female

Битебаева Дина Мухамматовна

оқытушы. Еңбек өтілімі 8 жыл, педиатр, PhD

no-photo-female

Шерстобитова Мария Игоревна

оқытушы. 9 жыл еңбек өтілі, жалпы тіс дәрігері

no-photo-female

Желдібаева Үміт Токтагазыевна

жалпы тәжірибелі дәрігер,еңбек өтілі 10 жыл

no-photo-female

Ташпаева Ляззат Дулатовна

оқытушы, еңбек өтілімі 2 жыл, жалпы тәжірибелік дәрігер

no-photo-female

Ожмухаметова Эльвира Келгембаевна

еңбек өтілімі 20 жыл, педиатр,  медицина магистрі

no-photo-female

Махатова Асем Рамазановна

PhD докторанты, бірінші санаттағы терапевт, клиникалық фармаколог, 20-дан астам ғылыми басылымдар бар. Қызмет саласы терапия, фармакоэпидемиология, фармакогенетика

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

Общая фармакология: 071400, Абайская область, город Семей, ул. Абая Кунанбаева, 103

Клиническая фармакология: УГ  НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, ул. Сеченова, 1

Телефон

8(ХХХХ)ХХ-ХХ-ХХ (ішкіы ХХХХ)

Эл. пошта

pharma.smu@gmail.com

Жұмыс уақыты

Пн. – Пт. 09:00 – 18:00

Фотогалерея