Кафедра меңгерушісі

ksh

Құралай Шағанқызы Әмренова

Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты

1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. 1997-1999 жылдары «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 2001-2003 – Қарағанды ​​медицина академиясының жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті. 2003-2009 – Семей мемлекеттік медицина академиясының жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, 2009-2020 жж. – Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің жалпы дәрігерлік практика интернатура кафедрасының (дербестелген медицина кафедрасының) ассистенті, 2022 жылдың ақпан айынан бастап КЕАҚ «Семей медицина университетніңі» шкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі. 2004 жылы ҚММА-дағы Диссертациялық Кеңесте 14.00.25 – Фармакология, клиникалық фармакология коды бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 100-ден астам оқу және ғылыми басылымдардың, 7 оқу-әдістемелік құралының авторы және бірлескен авторы. Басым бағыты – жалпы медициналық практикадағы терапияның өзекті мәселелері, рационалды фармакотерапия. Жоғары санатты жалпы тәжірибелік дәрігер. Жоғары санатты терапевт. Қазақстан Республикасында Ауруларды басқару бағдарламаласы бойынша Тренер.

Эл. пошта

kuralay.amrenova@nao-mus.kz

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы 1955 жылы Семей қаласының 1-ші қалалық ауруханасының негізінде ұйымдастырылды. 1961 жылдан 1974 жылға дейін кафедраның негізгі орналасу орны қаланың темір жол ауруханасы болған, ал 1974 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедраның негізгі клиникалық базасы №2 қалалық ауруханада (бұрынғы ет комбинатының медициналық бөлімшесі) орналасқан.

Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарғандар: Спивак Р.Я. (1955 – 1957), Рахманова А.М. (1957 – 1690), Вайнцвейг П.М. (1961 – 1971), Бабаева Е.Қ. (1971 – 1976), Зверев М.Е. (1977 – 1989), Сағандықов Б.Б. (1990 – 1997), Жұмамбаева Р.М. (1997-2014), Дәуітов Д.Х. (2014 – 2020). Қазіргі уақытта кафедраның меңгерушісі м.ғ.к. Амренова Қ.Ш.

Кафедрада оқытылатын негізгі пән «Ішкі аурулар пропедевтикасы» (3 курс, жалпы медицина). Сонымен қатар, кафедрада ЖМ 2 курсы, «Стоматология» мамандығының 3 курсы, «Фармация» мамандығының 3,5 курсының студенттері оқиды.

Әр жылдардағы кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары болып келесі мәселелер болған – гипертониялық ауру, описторхоз, ревматизм, ревматизм кезіндегі бүйрек үсті безі қыртысының гормондары, ішкі аурулар клиникасында лазерлік терапия және т.б.

Кафедра қызметкерлері N2 қалалық аурухананың терапевтік, гинекологиялық және неврологиялық бөлімшелерінде клиникалық жұмыстарды атқарады, сонымен қатар қалалық емханаларда амбулаторлық қабылдаулар мен консультациялар жүргізеді..

Кафедра оқу-әдістемелік жұмысы және медициналық білім беруде инновациялық оқыту әдістерін енгізу бойынша вуздың рейтингінде бірнеше рет жоғары орындарға ие болған.

Кафедра штаттары келесі профессорлық-оқытушылық құраммен ұсынылған: кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. Амренова Қ.Ш., доцент, м.ғ.к Тоқабаев А.Қ., ассистент м.ғ.к. Жазықбаева Л.К., ассистент Зготова Н.С., ассистент/оқу ісі меңгерушісі Муфтиева Г.М., ассистент Қадысов Т.Б. Кафедраның докторанты Қайдарова С.Б. Лаборатория Уатханова А.К.

Тапсырмалар, фунциялар

  • Білім беру
  • Оқу-әдістемелік жұмысты жүргізу
  • Профессорлық-оқытушылық құрамының, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
  • Білім беру, мемлекеттік қызмет
  • Дәрігерлер мен мейірбикелерге біліктілігін арттыру курстарын өткізу
  • Қызметтің барлық салаларында инновациялық технологияларды енгізу
  • Академиялық ұтқырлық

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

ak

Азамат Кожагулович Токабаев

Доцент, медицина ғылымдарының кандидаты

Студенттерді оқыту, оқу-әдістемелік, емдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, СҒЗЖ басқару, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу, біліктілікті арттыру циклдерін өткізу.

1959 жылы 10 шілдеде ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген.

Жұмыс орны: Семей қаласының Мемлекеттік  медициналық университеті.

Атқаратын қызметі: Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі: Медицина ғылымының кандидаты. Мамандығы «Кардиология» (1991 ж.).

Ғылыми атағы: «Медицина» мамандығы бойынша доцент

 

Білімі:

1976-1982 ж.ж. Семей мемлекеттік медицналық институт. Мамандығы – дәрігер – емші.

1990-1991 ж.ж. – кандидаттық диссертацияны қорғауы және медицина ғылымдары кандидатының ғылыми дәрежесінің иегері.

 

Профессиналды (мамандырылған) тәжірибесі.

Жоғары дәрежелі дәрігер. Ғылыми – педагогикалық жұмысының стажы – 30 жыл. 1983 ж. интернатураны аяқтаған соң, Семей медициналық институтында жұмыс істеймін. Дәрігер – педагогтың жоғарғы мектебінің профессионалды өсуінің барлық сатыларынан өтті. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының аға лаборантынаң ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасынын ассистентінен  доцентке дейін. Семей қаласының 2-ші қалалық емханасында науқастарға кеңес беремін. Кафедрада емдеу ісіне және студенттердің өндірістік тәжірибесіне жауапты болып табыламын. 80 астам ғылыми жұмыс, 8 рационализаторлық ұсыныс және студенттер мен дәрігерлерге арналған 5 ғылыми – әдістемелік ұсыныстардың авторы болып саналамын. Компетентті және жауапты. Семей қаласының медициналық университетінің администрациясы және профсоюз ұйымдарында жақсы жұмыс атқарғаным үшін алғысқа иемін. 2010 және 2011 жылы «Университетің ең үздік доценті номинациясының жеңімпазы болды, Отличник здавоохранения белгiсi иегерi.

 

Квалификацияны жоғарлату

НАО МУС та специализация «Ішкі аурулар дағы маңызды сұрақтары».

Эл. пошта

azamat.tokabayev@nao-mus.kz
sb

Сая Балташевна Кайдарова

Докторант, медицина магистры

Студенттерді оқыту, оқу-әдістемелік, емдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, СҒЗЖ басқару, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу.

1974 жылы 2 наурызда ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген.

Ғылыми дәрежесі: Медицина  ғылымының магистрі. «Медицина» мамандығы бойынша.

Білімі: 1991-1997 жж. Семей мемлекеттік медицналық институты. Мамандығы – дәрігер – емдеуші.  Үздік диплом .

1997-1999 жж. – Клиникалық  ординатура «Жалпы тәжірибелік дәрігер».

2016-2018 жж. – Медицина мамандығы бойынша Магистратура.

Профессиналды (мамандырылған) тәжірибесі.

Жоғары санаттағы дәрігер-терапевт,гастроэнтеролог .Жалпы стаж-25 Ғылыми – педагогикалық жұмысының стажы – 17 жыл. 1997 ж. Клиникалық ординатураны аяқтаған соң, Семей Мемлекеттік медицина  институтында қызмет атқарады. Дәрігер – педагогтың жоғарғы мектебінің профессионалды өсуінің барлық сатыларынан өтті. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасынын оқу ісінің меңгерушісі қызметін 2014-2021жылдар аралығында  атқарған ,қазіргі уақытта 2021жылдан  «Медицина» мамандығы бойынша доктарантураның 2-ші жылында оқуда, ғылыми жұмыспен айналысады. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Аутоиммундық тиреоидиттер кезіндегі қалқанша безінің папиллярлық карциномасының клиникалық және патологиялық сипаттамасы».

Семей қаласының 2-ші қалалық ауруханасында науқастарға кеңес жүргізіп, емдеу ісімен айналысады. 60 астам ғылыми жұмысы бар, студенттер арналған 15 оқу– әдістемелік ұсыныстардың авторы болып саналады. Оқытудың жаңа технологияларын игерген.

Квалификацияны жоғарлату: тұрақты түрде қызметтің барлық түрлері бойынша.

Эл. пошта

saya.kaidarova@nao-mus.kz
Лашын Курмангалиевна

Лашын Курмангалиевна Жазыкбаева

Ассистент, медицина ғылымдарының кандидаты

Студенттерді оқыту, оқу-әдістемелік, емдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, СҒЗЖ басқару, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу, біліктілікті арттыру циклдерін өткізу, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауап береді, “кардиореспираторлық жүйе патологиясы” коммити бойынша директоры.

1967 жылы 3 қарашада Семей қаласында дүниеге келді, қазақ.

1985 жылы №1 орта мектепті алтын медальмен бітірді.

30.06.1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін үздік бітірді.

12.08.1991 Семей стансасының бөлімшелік ауруханасына бір жылдық интернатураға қабылданды. 14.09.1991 Клиникалық ординатураға түсуіне байланысты интернатурадан босатылды.

09.10.1991 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтына “ішкі аурулар” мамандығы бойынша “факультеттік терапия”кафедрасына клиникалық ординатураға түсті. 09.10 1993 жылы “ішкі аурулар”мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді.

10.10.1993 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының аспирантурасына “ішкі аурулар”мамандығы бойынша оқуға түстім. 01.09.1996 жылы “ішкі аурулар” мамандығы бойынша аспирантураны бітірді.

02.09.1996 жылдан бастап Семей мемлекеттік медицина институты жанындағы факультеттік терапия кафедрасының ассистенті лауазымына қабылданды. Жазықбаева л.к. Семей қ. демікпе орталығын құруға белсенді қатысты. 27.12.1997 жылы “созылмалы обструктивті бронхит кезіндегі клиникалық-функционалдық бұзылулар және оларды сараланған түзету”атты кандидаттық диссертация қорғады. 05.07.2000-01.10.2001 Семей қ.ММУ медициналық орталығының қабылдау бөлімінде терапевт дәрігер болып жұмыс істеді.

01.10.2001-01.08.2012 жж. аралығында радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми хатшы, клиникалық радиология бөлімшесінің меңгерушісі, менеджмент бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер лауазымдарында ғылыми жұмысын атқарды.

РМжЭ ҒЗИ консультациялық бөлімінде дәрігер пульмонолог, рмиэ ҒЗИ оңалту бөлімшесінде дәрігер терапевт болып жұмыс істеді.

07.02.2008 жылдан 02.08.2012 жылға дейін Семей қаласы бойынша ШҚО ІІД ІІБ емханасы бар госпиталінде терапевт дәрігер болып жұмыс істеді. 02.08.2012 жылдан 28.02.2014 жылға дейін Семей қаласы бойынша ШҚО ІІД ІІБ емханасы бар госпиталь бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді.

03.03.2014 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін “Семей медицина университеті”КЕАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті лауазымында жұмыс істейді.

Менде 120-дан астам ғылыми жұмыс, 3 туынды, 18 рационализаторлық ұсыныс, 1 оқу-әдістемелік құрал, 1 монография бар. Магистрлік диссертацияның жетекшісі, диссертация 2015 ж қорғалды. “Үздік куратор” номинациясы бойынша (2016 ж.) 5 жыл бойы “қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі” мамандығы бойынша кафедрааралық кеңестің мүшесі, “Мейіргер ісі”мамандығы бойынша МЕК мүшесі болған. Оқу жұмысы бойынша оқу ісінің меңгерушісі міндетін атқарған (2017-2018 ж.). “Кардио-респираторлық жүйе патологиясы” пәні бойынша кафедрада жауапты “кардио-респираторлық жүйе патологиясы”коммитиінің директоры.

Жалпы медициналық жұмыс өтілі 31 жыл, ғылыми-педагогикалық – 29 жыл, педагогикалық-19 жыл. Жоғары санатты дәрігер-терапевт, пульмонолог дәрігер.

“Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” атағымен марапатталған, 2020ж.

Эл. пошта

lashyn.zhazykbayeva@nao-mus.kz
ns

Нурбике Сагимуратована Зготова

Ассистент

Студенттерді оқыту, оқу-әдістемелік, емдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, СҒЗЖ басқару, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу, біліктілікті арттыру циклдерін өткізу, тәрбие жұмысына, стоматологиялық бөлімге жауапты.

СГМИ емдеу факультетін бітіргеннен кейін 1987 жылдан 1989 жылға дейін Талдықорған облысының Андреевка ауданында учаскелік терапевт болып жұмыс істедім. 1990-1992 жылдары Семей қаласының №3 емханасында учаскелік терапевт болып жұмыс істедім. 1992 жылдан 1994 жылға дейін Семей медициналық институтының госпитальдық терапия кафедрасында клиникалық ординатурада оқыдым, оны аяқтағаннан кейін осы ЖОО-ның ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті лауазымына қабылдандым. 1998 жылдан бастап отбасылық медицина кафедрасы эндокринология курсы кафедрасында, ЖТД бойынша интернатура (2018 жылдан бастап. – дербестендірілген медицина кафедрасында) – 30.08.21дейін жұмыс істедім. 01.09.21 осы ЖОО-ның ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасына ауыстым.

Эл. пошта

nurbike.zgotova@nao-mus.kz
gm

Гүлнұр Мейрамбекқызы Мүфтиева

Ассистент

Кафедра оқу ісінің меңгерушісі. Студенттерді оқыту, оқу-әдістемелік, емдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, СҒЗЖ басқару, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу.

Жалпы тәжірибелік дәрігері. 2016 жылы Семей қ. ММУ “Жалпы медицина” мамандығы бойынша бакалавриатын бітірді. 2018 жылы Семей қ.ММУ интернатурасын “жалпы тәжірибелік дәрігері” мамандығы бойынша аяқтады. 2021 жылы «СМУ» КеАҚ резидентурасын “отбасылық медицина” мамандығы бойынша тәмамдады. 2018-2019 жж. Семей қ. ММУ офис-тіркеушісі нұсқаушысы болып жұмыс атқарды. 2019-2021 жж. “эпидемиология және биостатистика” кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап “ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады. Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарады. Кафедрада құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізуге жауапты. Кафедрада “Клиникалық дағдылар – 2” пәні бойынша ЖМ 2 курсқа үйлестіруші. Университеттің терминологиялық комитетінің жұмысына, “Күміс университет” жобасына қатысты.

Эл. пошта

gulnur.muftyeva@nao-mus.kz
tb

Танатар Болатұлы Қадысов

Ассистент

Студенттерді оқыту, оқу-әдістемелік, емдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, СҒЗЖ басқару, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауап береді, шетел бөлімінің топтарында ағылшын тілінде сабақ жүргізу.

Ұлты қазақ, 1995 жылы 16 мамырда Семей қаласында дүниеге келді.

2013 жылы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебін бітірді, “биология” пәні бойынша облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері.

2019 жылы КЕАҚ “Семей медицина университетінің” жалпы медициналық факультетін, ағылшын бөлімін бітірді.

2021 жылы “МУС” КЕАҚ екі жылдық интернатурасын “Жалпы дәрігерлік тәжірибе” мамандығы бойынша бітірді.

2021 жылдан бастап Өскемен қаласының “Ана мен бала орталығы” ковидтік стационарында жұмыс істедім. 2021 жылдан бастап казіргі уақытқа дейін “Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасының ассистенті.

Оқыту барысында заманауи технологияларды қолданады, ағылшын тілінде еркін сөйлейді, Senior Expert Service сертификаты бар.

Шетелдік топтардың кураторы жазғы Медицина мектебін өткізді, ағылшын тілінде практикалық дағдылар бойынша бейнероликтер түсірді.

Эл. пошта

tanatar.kadysov@nao-mus.kz
ga

Ахметжан Маратович Галымжанов

Ассистент

Студенттерді оқыту, оқу-әдістемелік, емдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, СҒЗЖ басқару, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу, шетел топтарында ағылшын тілінде сабақ жүргізу.

2008 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина университетін үздік бітірді. 2013 жылы терапевт дәрігер біліктілігімен терапия мамандығы бойынша интернатураны бітірді. 2019 жылы «Кардиология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша резидентураны кардиолог біліктілігімен аяқтады. 2022 жылы «Медицина» мамандығы бойынша докторантураны аяқтады. Ғылыми мақаланың (соның ішінде Scopus және Web of Science жүйесінде индекстелген) авторы.

Эл. пошта

akhmetzhan.galimzhanov@nao-mus.kz

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Абай облысы, Семей қ., Мәңгілік Ел к-сі 3а

Телефон

Эл. пошта

propedeutics.of.id@nao-mus.kz

Жұмыс уақыты

Дс. – Жм. 08:00 – 17:00

Фотогалерея