Кафедра меңгерушісі

IMG_9874

Эфендиев Имдат Мусаевич

м.ғ.к., “Балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Денсаулық сақтау үздігі. Кафедра қызметінің барлық түрлеріне жауапты. Докторанттар мен магистранттардың ғылыми жетекшісі. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – балалардағы жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеудің республикалық клиникалық хаттамаларын әзірлеуші. 2016 жылдан – ШҚО балалар бас инфекциялық маманы.

Денсаулық сақтау саласының үздігі. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі; «Семей медицина университеті сіңерген еңбегі үшін» төсбелгісі; Республикалық Отан партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі; «Шапағат» медалінің иегері.

E-mail: imdat.efendiyev@nao-mus.kz

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Жұқпалы аурулары кафедрасы 1957 жылы құрылған; кафедраның бірінші меңгерушісі доцент Бороновский Л.М. болған. Педиатрия факультеті ашылғаннан кейін (1963 ж.) госпитальді педиатрия кафедрасының меңгерушісі Коган М.Б. балалар жұқпалы аурулары курсын құрды (1971 ж.). Балалар жұқпалы аурулары курсына жауапты м.ғ.к. доцент Лопатина Ж.М. болды., курс ассистенттері ретінде: Неустроева И.П., Волоза Р.З., Құрманова Б.Р., Уалиханов Т.У., Бекенова М.Е. жұмыс істеді. Кейіннен балалар жұқпалы аурулары курсы жеке балалар жұқпалы аурулары кафедра ретінде құрылды, кафедраның меңгерушілері: доцент м.ғ.к. Шабалин В.В., профессор м.ғ.д. Булаткина З.Г., профессор м.ғ.д. Архипов Г.С., доцент м.ғ.к. Құрманова Б.Р. Сонымен қатар кафедрада доцент м.ғ.к.  Сафронов В.Р., м.ғ.д. Розенсон Р.И.,  м.ғ.к. Распопин В.Л.,  доцент м.ғ.к.. Бекенова М.Е., доцент м.ғ.к. Құрманова Б.Р.,  м.ғ.к. Аткенов С.Б., Қаржаубаева С.Р., Гатауллина Э.З., Набоков Е.В., Кабдуллина Ф.О., Мырзаханова Л.М., Салдырбаева М.О., Шалаганов Ж.Ф., Хамитова М.О., Ваулин С.С., Кумарбекова А.К.,  Сальменбаева М.А. жұмыс атқарды.

2002 жылдан    қазіргі кезге дейін балалар жұқпалы аурулары кафедраны «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санаттағы дәрігер, м.ғ.к. Эфендиев имдат Муса оглы басқарады. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының негізгі құрамы: ассистенттер: м.ғ.к  Мансурова А.А., м.ғ.м. Кумарбекова А.К., Сутормина А.В., Смаилов Е.С., Дәлелқанова Т.Д., лаборант Мурсалимбаева А.Т.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы ШЖҚ КҚК  Семей қалалық «Жұқпалы аурулар ауруханасы» (балалар бөлімі) клиникалық базада орналасқан.

Кафедра заманауи инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру үрдісін жүргізу үшін заманауи материалдық – техникалық базаға ие. Кафедрада оқыту үш тілде, әр түрлі деңгейде жүргізіледі: 1) «Балалар жұқпалы аурулары» пәні – 4 курс «Жалпы медицина» мамандығы, 3 курс  «Стоматология», интернатаруда «Педиатрия» мен «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандықтары, резидентурада «Жұқпалы аурулар ересектердегі, балалардағы», «Педиатрия», «Отбасы медицинасы», «Шұғыл медициналық көмек»  «Анестезиология және реаниматология» мен «Гастроэнторология, соның ішінде балалардағы»  мамандықтары. Клиникалық базаларда студенттер күнделікті науқастармен жұмыс істеуге барлық қажетті құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік алады. Интерн мен резиденттердің аралық аттестациялау сатыларының бірі науқастың төсегінің жанында емтихан тапсыру. 2020-2021 оқу жылында кафедра резидентураның  «Жұқпалы аурулар ересектердегі, балалардағы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті, кафедра қызметкерлері “Педиатрия” білім беру бағдарламасының  бастапқы аккредиттеуге арналған есеп жазуына қатысты.

Кафедра қызметкерлері Халықаралық, Республикалық ғылыми және әдістемелік конференциялар мен семинарларға тұрақты түрде белсенді қатысады; Қазақстан Республикасында, сондай ақ алыс және жақын  шетелдерде білімдерін жетілдіреді. 2007 жылы ассистент Мансурова А.А. АҚШ-да «Ғылыми зерттеулер менеджменті» саласы бойынша білімін жетілдірді. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М 2011 жылы Израильде «Мамандарды аттестациялау және лицензиялауды зерттеу» біліктілігін арттыру циклын оқыды. 2017 жылы ассстент Құмарбекова А.К. Израильде клиникалық бағыт бойынша білім алды; 2018 жылы ассистент Сутормина А.В. «Балалардағы щұғыл жағдайдайлары» бойынша Ресейде білім алды. ДДҰ бағдарламасы: «Аса қауіпті инфекцияларды анықтау стандарты», «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу» бойынша кафедра қызметкерлері білімдерін жетілдірді.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 3 докторлық, 17 кандидаттық диссертация, 3 магистрлік жұмыс қорғалды. Қазіргі уақытта «Медицина» мамандығы бойынша бір магистрлік  және 1 докторлық жұмыстары жасалуда. Кафедра «Бруцеллез және инфекциялық аурулардың өзекті мәселелері» ғылыми мектебінің мүшесі.

Кафедра ұжымы жұқпалы аурулары маңызды сұрақтар бойынша 50-ден аса оқу-әдістемелік жинақ жасалып, 400-ден аса ғылыми-әдістемелік мақала жарияланды. Эфендиев И.М. басқаруымен 2013 – 2021 жылдар аралығында балалардағы 33 түрлі инфекциялық аурулардың диагностикасы және емдеу клиникалық хаттамалары жасалынды.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі бар, оның мүшелері жыл сайынғы қорытынды ғылыми студенттер конференциясы мен Семей медициналық университетінің жас ғалымдарының конференциясына, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференцияларына қатысады. Студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасаған студенттер жыл сайын жүлделі орындарға ие болады. 2010-2011 оқу жылындағы «Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының арасындағы үздік түлек» байқауында интерн дәрігер – балалар инфекционисті К.Абдикаримова (ғылыми жетекшісі Эфенндиев И.М.) бірінші орынды иеленді.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері ШҚО және басқа облыстар дәрігерлеріне балалар жұқпалы аурулары маңызды сұрақтары бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыру циклдерін өткізеді.

2015-2016 жылдары Семей Медицина Университетінде  кафедралардың  рейтингі нәтижесі бойынша «Үздік кадедра меңгерушісі» Эфендиев И.М., «Үздік ассистент» – Сутормина А.В. номинациясына ие болды. 2015, 2016 және 2017ж. ғылыми рейтинг нәтижесі бойынша «Ғылыми –зерттеу жұмысымен айналысатын үздік ғалым» номинациясына кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. ие болды. «Үздік бейнедәріс» конкурсында ассистент Мансурова А.А. жүлделі орында ие болды.

COVID-19 эпидемиясының басталуымен Эфендиев И.М. COVID-19 профилактикасы бойынша облыстық (ШҚО) және қалалық (Семейде) штабтың мүшесі. Қазіргі уақытта, күн сайын, 24/7, Эфендиев И.М. COVID-19 бар науқастарға оларды қарау және емдеу туралы кеңес береді. Семей қаласында  контактілерді, күдікті жағдайларды сұрыптау бойынша кеңестік жұмыс жүргізеді. Пандемия кезінде кафедра қызметкерлері Эфендиев И.М.  жетекшілігімен  үнемі консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді: әдістемелік құралдар жазу, өлім жағдайларын зерттеу, дәрістер оқу, Семей өңірі мен Абай облысының практикалық денсаулық сақтау дәрігерлеріне COVID-19 диагностикасы, емі және алдын-алу бойынша семинарлар өткізу. Кафедра меңгерушісі Эфендинв И.М. және ассистенттер  Смаилов Е.С., Грибоедова А.А., Ержигитова Э.М., Сальменбаева М.А., Дәлелқанова Т.Д. «қызыл аймақта» орналасқан ШЖҚ КҚК «Семей қаласының жұқпалы ауруханасы»  – COVID бөлімінде жұмыс істеді және жұмысын жалғастыруда.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы белсенді түрде тәрбие жұмысына қатысады, ЖОО және қала деңгейінде іс-шаралар ұйымдастырады. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М КеАҚ «СМУ»  біріншілік «НұрОтан» партиялық ұйымының төрағасы бола отырып, университет  және Семей қаласы жастарына патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М 2005-2007 жж. аралығында СММУ педиатрия және стоматология факультетінің деканы; 2010-2012 жж. – СММУ интернатура деканы жұмысын бірлесіп атқарды. Сол уақытта 2011 жылы СММУ интерн – түлектері Мемлекеттік аттестация нәтежиесі бойынша барлық ҚР медициналық университеттерінің арасында ең үздік интерндер атанды.

Кафедра өзінің ең үздік оқытушыларымен және түлектерімен мақтанады: профессор Архипов Г.С., доцент м.ғ.к.. Бекенова М.Е., доцент м.ғ.к. Құрманова Б.Р., профессор Розенсон Р.И., Распопин В.Л.

Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М бастамасымен қызметкерлер күшімен 2019 жылдың сәуір айында кафедрада доцент Б. Р. Құрманова атындағы шағын-кітапхана құрылды. Кітапхана қорында 500-ге жуық оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік құралдардар, журналдар бар. Сонымен қатар кітапхана Интернетке шығатын заманауи компьютерлермен жабдықталған. КеАҚ «СМУ» кафедраларының ішіндегі 45 шағын кітіпханалар арасында доцент Б.Р.Құрманова атындағы шағын кітапханасы 2019-2020 жылдың «Ең үздік дизайн» номинациясын жеңіп алды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

IMG_9876

Мансурова Анаргуль Абдоллаевна

ассистент, м.ғ.к., «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Дипломнан кейінгі білім беріу бойынша оқу ісінің меңгеруші, кафедраның ғылыми жұмысына, интерндер мен резиденттерді оқытуға, ағылшын тілінде сабақ беруге жауапты

E-mail: anargul.mansurova@nao-mus.kz

IMG_9883

Сутормина Анна Васильевна

ассистент. “Балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша бірінші санатты дәрігер. Кафедраның емдеу жұмысына, интерндерді және резиденттерді  оқытуға жауапты.

E-mail: anna.sutormina@nao-mus.kz

IMG_9885

Смаилов Ернат Сеилханович

ассистент. Кафедрадағы СҒЗЖ және мемлекеттік тілде құжаттарды жүргізуге, шағын-кітапханаға, сонымен қатар кафедраның іс-шараларын әлеуметтік желілерде, ЖОО сайтында жариялауға жауапты. “Балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша екінші санаттағы дәрігер.

E-mail: ernat.smailov@nao-mus.kz

IMG_9878

Кумарбекова Айнур Кумарбековна

ассистент, м.ғ.м. «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Кафедраның емдеу жұмысына жауапты.

IMG_9887

Дәлелқанова Талшын Дәлелқанқызы

ассистент. Кафедраның тәрбие жұмысына және ағылшын тілінде сабақ беруге жауапты. “Балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша  дәрігер.

IMG_9888

Мурсалимбаева Айтолкын Токтархановна

кафедра лаборанты.

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Абайская область, город Семей, улица Гагарина, 254

Маршруты автобусов: 1, 44, 31 (остановка Гагарина)

Телефон

+7222-774473

Эл. пошта

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі – Жұма. 09:00 – 18:00

Фотогалерея