Кафедра меңгерушісі

IMG_5620 - копия

Токтабаева Бакыткуль Жумагалиевна

м.ғ.к., м.а.доцент. Жоғары дәрежелі дәрігер-педиатр, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі». «Венера» клиникасының дәрігер-кеңесшісі. 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 11-і шет ел басылымдарында шығарылған. Өнертабысқа авторлық куәлігі бар. Оның жетекшілігімен 6М110100 «Медицина» мамандығы (2017) және 6М110300 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша (2013) екі магистрлік диссертация қорғалды. Қазіргі уақытта PhD докторанттың ғылыми жетекшісі. Дәрігерлер мен мейірбикелерге білімін жетілдіру курсын жүргізеді.

Кафедра туралы қысқаша ақпарат

Кафедра 1977 жылы «Балалар аурулары пропедевтикасы» болып құрылып, кейіннен «Балалар аурулары» кафедрасы болып өзгертілді. 2018 жылы «Балалар аурулары пропедевтикасы» болып қайта өзгертілді. Кафедраның меңгерушілері де жылдар өте ауысып отырды: м.ғ.к., доцент Н.С. Галяутдинова (1977-1979 ж), м.ғ.д. профессор Г.А. Тулеутаева (1979-1985ж және 1988-1993 ж), м.ғ.к., доцент С.А.Алтынбекова (1986-1987 ж), м.ғ.д. профессор Е.Т. Дадамбаев (1987-1988ж), м.ғ.к.,доцент Ф.М. Ашимова (1993-2001ж). м.ғ.к., доцент Ж.К. Жагипарова (2001-2018 ж). 2018 жылдан бастап кафедраның меңгерушісі м.ғ.к., доцент Токтабаева Б.Ж.

Кафедра қызметкерлерімен 9 диссертация (6 кандидатық, 3 докторлық), 2 магистрлік және 1 PhD докторантура бойынша қорғалды. Жылына орта есеппен 25 ғылыми басылым, оның ішінде ағылшын тілінде, соның ішінде импакт-факторы бар мақалалар жарияланды. Жалпы тәжірибелік дәрігерлермен және студенттермен бірлескен басылымдар тәжірибеленуде. Осы орайда СҒҚ жұмысының өнімділігін атап өту керек. Көптеген жылдар бойы ғылыми студенттік есептер тек алғашқы жүлделерге ие болды. Өнертабысқа патенттер, алдын-ала патенттер, рационализаторлық ұсыныстар бар. Оқытушылар мен студенттер халықаралық конференцияларға қатысты ( Қырғыз Республикасы , Бішкек қ., 22.04.11 ж., Ресей Федерациясы ,Мәскеу қ., – 21.03.13 ж, Жапония, Нагасаки қ., -2016 және т.б.). 2014-2016 жылдары «Семей ядролық сынақ полигон аумағында тұратын балалардың денсаулық жағдайы және экология» атауымен ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылды. Кафедра мүшелері әр түрлі жетілдіру жобаларына қатысады – «Семей қаласында дене және ақыл-ойы шектеулі балаларға көмек көрсету» -2015 ж, «Жұлдыздар 15» -2016 ж, «Анемия мен гипоксиясыз балалық шақ» -2017 ж. Университетіміздегі жетім студенттерге материалдық көмек көрсетіледі. Қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде балалар үйінде және ауруханаларда өткізіледі. 2017 жылы тәжірибе алмасу мақсатында университетке Германияның Штутгарт қаласынан Dr. med.StephanIlling шақырылды., Тұтастай алғанда, қызметкерлердің 40% алыс шетелдерде (АҚШ, Германия, Жапония) біліктіліктерін арттырды. 2018 жылы кафедра ұзақ мерзімді «Қауіпсіздік және бейбітшілік үшін ғылым» жобасына қосылды – НАТО, Норвегия, Бельгия (бірлескен жетекші, доцент Жагипарова Ж.К.).

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

IMG_7348

Жагипарова Жанат Каримовна

м.ғ.к., доцент, бірінші санаттағы педиатр. 2001 жылдан 2018 жылға дейін балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі. 80-нен аса ғылыми еңбектің авторы, оның 7-і шетелдік баспаларда жарияланды. Студенттер мен дәрігерлерге арналған 3 оқу-әдістемелік құралбаспаға шығарылған. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Семей Медицина Университетіне сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, ректордың  құрмет грамоталарымен, түлектердің алғыс хаттарымен марапатталған . ҒТП  және халықаралық жобаның ғылыми жетекшісі.

1-kopiya

Долинная Вилена Тимофеевна

м.ғ.к., доцент, жоғары санаттағы педиатр, 200-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде шетелдерде 6 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Практикалық медицинада бірқатар халықаралық сертификаттар бар. Ол Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарының білім беру қызметін тексеруге, типтік бағдарламаларды жасауға қатысқан. Балаларға арналған Халықаралық денсаулық сақтау бағдарламасының дамуына қатысты. Оқу – әдістемелік және медициналық бағыттағы республикалық түрлі жобаларды рецензиялайды. 2015 жылы рейтинг бойынша «Үздік доцент». Республикалық және басқа деңгейлердегі марапаттарға ие. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»  төс белгісімен, «Семей Медицина Университетіне сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

IMG_5613 - копия

Рахимбаева Салтанат Жанибеккызы

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі. Оқу-әдістемелік жұмысына жауапты. Бірінші санатты дәрігер-педиатр. Силлабус, тесттік тапсырмаларын құрастырұға қатысады. 6 жылдық білім беру бағдарламасын құрастыру бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді. ЖБ БББК мүшесі. 25-тен астам ғылыми еңбектері бар. Ғылыми-техникалық жобаға, әдістемелік құрал басып шығаруға қатысты. Жоғары оқу орны деңгейінде алғыс хаттары мен мақтау қағазы бар. Аурухана емдеу жұмысын ғылыми-зерттеу қызметімен табысты ұштастырады.

IMG_5625 - копия

Койшыбаева Куралай Жарылкасиновна

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер-педиатр. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы бойынша жауапты. 6 жылдық білім беру бағдарламасын құрастыру бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді, ЖБ БББК мүшесі. 20-дан астам ғылыми еңбектері бар. Стационарда емдеу жұмысын ғылыми-зерттеу қызметімен табысты ұштастырады. Университет деңгейінде алғыс хаттары бар.

IMG_7340

Смагулова Айман Ермековна

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, дәрігер-педиатр. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жауапты. 6 жылдық білім беру бағдарламасын құрастыру бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді. 5 ғылыми жұмыстың авторы. Силлабустарды, тәжірибелік дағдылардың қадамдық нұсқаулықтарын құрастыруға қатысады.

IMG_5616 - копия

Сәкім Дана Ғабдуллақызы

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті, дәрігер-педиатр. Кафедрада жұмыс өтілімі – 1 жыл 10 ай. Кафедрада «Клиникалық практика – 3» өндірістік тәжірибесіне және КІБ жауапты. Силлабустар, тесттік тапсырмалар, тәжірибелік дағдылардың қадамдық нұсқауларын құрастыруға қатысады. Шел бөлімі студенттеріне сабақ өткізеді. Кураторлық және ағымдағы топтармен тәрбие жұмысын жүйелі жүргізеді. IELTS сертификаты -5.0 балл

IMG_5617 - копия

Уалиева Кымбат Талгатовна

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті. Кафедрада инновациялық-оқытушылық қызмет және университет сайтына мақалалар мен ақпараттарды жүктеуге жауапты. КеАҚ «СМУ» Университеттік госпиталінің педиатриялық бөлімінде емдеу жұмысын атқарады. Студенттік ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі болып табылады. Тақырыбы: «Семей қ.жаңа туған нәрестелердегі кеш неонатальді сарғаю». 2 мақаланың авторы.

IMG_5631 - копия

Сакенова Дана Мураткановна

ассистент кафедры пропедевтики детских болезней, врач –  педиатр. Ответственная на кафедре за лечебную работу.  Участвует в разработке силлабусов, тестовых заданий. Выполняет лечебную нагрузку в педиатрическом отделении Университетского госпиталя «НАО МУС».

IMG_5636

Жангалиева Гулайым Медеткалиевна

ассистент кафедры пропедевтики детских болезней, врач-педиатр. На кафедре ответственная за студенческую науку. Участвует в разработке   тестовых заданий, пошаговых инструкций по практическим навыкам. Выполняет  лечебную работу в педиатрическом отделении УГ НАО «МУС».

IMG_5645 - копия

Кабдоллина Жансая Уалихановна

ассистент кафедры пропедевтики детских болезней, врач-педиатр, 2-категории. В 2014 году окончила резидентуру по специальности “Педиатрия”.  На кафедре ответственная за воспитательную работу и является профоргом кафедры. Участвует в разработке   тестовых заданий, блюпринтов.  Выполняет  лечебную работу в педиатрическом отделении УГ НАО «МУС».  Автор 8 тезисов.  Проводит занятия в  иностранных группах, на английском языке.  Уровень IELTS – 5.0

IMG_5642

Калиева Карлыга Капсаметовна

лаборант кафедры пропедевтики детских болезней. В 2004 году окончила Семипалатинского государственного университета им Шакарима по специальности биология.  С 2017 года работала лаборантом ассистентом кафедры пропедевтики детских болезней.

Кафедраның байланыс ақпараты

Мекенжайы

1. Университетет госпиталы– Сеченов көшесі, 1а; балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы, 1 этаж

12, 35, 5 – бағытындағы автобустар.

Бағытты таксилер – 23,54,24,39. Аялдама –  Облыстық аурухана.

Байланыс телефондары: 8 705 465 7742, 8 775 177 9227

 

2. МЖКК «Венера»- Рыскулов көшесі 1, 3 этаж.

38,6-бағытындағы автобустар.

Бағытты таксилер – 16,39,52   аялдама-Технологиялық институт

Бағытты  такси- 36аялдама -МЖКК «Венера».

 

3. Кабельный переулок көшесі, 1. № 2 қалалық аурухана, 2-қабат, 3 этаж.

№ 3,20,41,13,6 автобустармен және № 23,28. бағытты таксимен барып жетуге болады. Ет комбинаты аялдамасы

Телефон

8(ХХХХ)ХХ-ХХ-ХХ (внутренний ХХХХ)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі – Жұма. 09:00 – 18:00

Фотогалерея