Семей қаласының ММУ Өскемен филиалы 2018 жылдың 19 маусымында Семей қ. ММУ қосымша медициналық білім беру факультетінің базасында ашылған. 2017 жылдың тамыз айына дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, адам экологиясы және қауіпсіздік Халықаралық Академиясы академигі Сұлтанбеков Зейнулла Қабдышұлы басқарды.

Қазіргі уақытта филиал директоры болып медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау мен неврологияны ұйымдастыру бойынша жоғары санаттағы дәрігер Мұқажанова Айжан Құмарқанқызы қызмет атқарады, жұмыс өтілі 20 жылдан астам. 1996 жылы Семей мемлекеттік медицна институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы «Протон-М» зымыран-тасығышы құлаған аумақтарда тұратын Абай облысы тұрғындарының денсаулығы мен аумағының әлеуметтік-гигиеналық мониторингі» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғады. 30 ғылыми жұмыс жариялады.

Декан орынбасары – Аймұхамбетов Ерзат Нұрсадықұлы, жұмыс өтілі 13 жыл

ОКО әдіскері – Бексеитова Альфия Нұртазақызы

ОКО шебері – Жимбекова Ғалия Тәуекелқызы

Жатақхана коменданты: Жимбекова Ғалия Тәуекелқызы

2013-2014 оқу жылында 89 интерн, 2017-2018 оқу жылында 242 интерн, 57 резидент білім алды. 2018-2019 оқу жылында 211 интерн, 65 резидент білім алып жатыр.

Филиалдың клиникалық базаларының қатарында Өскемен қаласының 16 емдік мекемесі бар: Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталық, Шығыс Қазақстан онкологиялық диспансері, Шығыс Қазақстан онкологиялық диспансері, Шығыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспансер, Шығыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансер, Шығыс Қазақстан облыстық психиатриялық диспансер, Өскемен қ. № 4 қалалық аурханасы, Өскемен қ. № 2 қалалық емханасы, Өскемен қ. № 1 емханасы, Меновное ауылының дәрігерлік амбулаториясы, «Көз микрохирургия клиникасы» ЖШС, Өскемен қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы, «Вита-1» ЖШС, Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансері, «Левобережная клиника» мекемесі. Филиал базалары жылдан-жылға артуда. Филиал жанында 35 орынға арналған жатақхана бар.

Ақылы қызметтерге бағалар тізімі