Ғылыми кеңес Семей медицина университеті басқарманың жоғарғы органы болып табылады. Ғылыми кеңестің өкілетті мерзімі – 3 жыл.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, Жоғары оқу орындарындағы Ғылыми кеңес қызметінің типтік ережелерін, СМУ Жарғысын және СМУ Ғылыми кеңесі туралы ережені басшылыққа алады.

Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді.

– университет құрылымын бекітеді;

– университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

– университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді;

– университеттің құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, институт, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

– университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

– университет ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпараттық, қаржы-шаруашылық, әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;

– университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;

– бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;

– жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды;

– диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың тақырыбы мен ғылыми жетекшілерін бекіту;

– оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;

– студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;

– ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;

–  ҚР мемлекеттік аттестациялау ұйымдарының алдында қауымдастырылған профессор (доцент)  және профессор ғылыми атақтарын беру туралы ұсыныстар жасау

  • университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады;

– алқалық шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.

Ғылыми кеңестің шешімдері хаттама түрінде жазылып Ғылыми кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды.


Оразалина Айнаш Сапарқызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Университеттің Ғылыми кеңесінің хатшысы. 1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі  факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.  СММИ биология кафедрасында  іштей аспирантурада

1999 жылы «Антигельминтиктерді енгізу фонында эксперименттік эхинококкоз кезінде иммунды жүйенің функционалдық жағдайы»  тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1998 жылдан биология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 2004 жылдың ақпан айынан молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының доценті. 2002 жылдан 2007 жылға дейін СММА шетел бөлімінің деканы болып қызмет атқарған. 2007 жылдан 2018 жылға дейін – кредиттік оқу жұйесінің, стоматология  және шетел бөлімі деканы, дипломға дейінгі білім беру деканы. 90 баспа жұмысының және екі рационализаторлық ұсыныстың, емдеу ісі, педиатрия, медициналық-профилактикалық іс факультеттерінің 1-курс студенттеріне арналған «Медициналық генетика негіздері» оқу құралының авторы. Ағылшын тілін меңгерген, IELTS сертификатының иегері. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 21 жыл.  2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін университетте KazMSA (студент медиктер Қазақстандық ассоциациясы) басшысы.

Оқытудың жаңа әдістері, кредиттік технологиямен оқыту, медициналық білім беруде  интеграцияланған бағдарламаларды құрастыру және жоспарлаудың халықаралық тәжірибесін зерттеу және білім беру менеджментінің инновациялық білім беру технологияларын зерттеу бойынша халықаралық шеберлік кластарына, семинарларға қатысып, Қазақстан жоғары оқу орындарында, Жапония мен Америка, Туркия, Үндістанның медициналық мектептерінде біліктілігін жоғарылатқан.

2009 жылы «Астана Университеті» АҚ Мемлекеттік Аттестациялық комиссиясының, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының» қызметін тексеру бойынша аттестациялық комиссия (сәуір, 2010) мүшесі. «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі», «Стоматология», «Фармация» мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламаларының өңдеушісі (2008).

Университеттің Ғылыми кеңесінің хатшысы, Академиялық кеңес мүшесі, білім беру бағдарламаларының  және университеттің әртүрлі жұмыс топтары мен комиссиясы құрамының мүшесі.

СММА  55 жылдық мерейтойында СММА  ректорының мақтау қағазымен (тамыз, 2008 ж.) және медициналық қызметкерлер күніне орай Абай облысы Семей қаласының әкімі М. Айнабековтің алғыс хатымен (мамыр, 2009 ж.)  марапатталған. Денсаулық сақтау үздігі – төс белгісі ҚР ДСМ (2011ж). Семей қ. ММУ 60 жылдығына Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімене марапатталған.