Құрылымдық бөлімнің жетекшісі

IMG_9296

Крыкпаева Айнур Сериковна

Ғылыми-зерттеу бөлімінің бас маманы.

Жоғары медициналық білім,  6D 110100 Медицина мамандығы бойынша PhD докторы (2019 жыл)

Қызмет саласы:

Ғылыми-зерттеу бөлімінің негізгі қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, бағдарлау және бақылау;

ЖОО ішінде бөлім қызметін үйлестіру; ғылыми блок бойынша ЖОО комиссияларының жұмысын бақылау; ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметі туралы анализ жасау.

Бөлім туралы қысқаша ақпарат

2019 жылдың маусым айында  «СМУ» КЕАҚ құрылымының қайта құрылуына байланысты Ғылыми-эксперименталды зерттеулер департаменті құрылды, оның құрамына жұмыс істеп тұрған бөлімді қайта құрылымдау арқылы Ғылыми-зерттеу бөлімі анықталды.  Бөлімді құрудың мақсаты – әзірленген  білім беру  стандарттарының талаптарына сәйкес оқытудың барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен оқу процесінің интеграциясын қамтамасыз ету, сонымен қатар «СМУ» КЕАҚ ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын жоспарлы даярлауды қамтамасыз ету.

Бөлімнің қызметтері: дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білім алушылардың ғылыми жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, ғылыми қызметтің тиімділігі үшін «СМУ» КЕАҚ ғылыми комиссиялары мен комитеттерінің жұмысын бақылау және үйлестіру

Қызметкерлер

IMG_9297

Бекежан Айым Бекежановна

Ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, 6М 110200 Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша денсаулық сақтау магистрі

Қызмет саласы:

Магистранттардың ғылыми қызметін бақылау.

Кафедрааралық кездесулердің, этикалық комитеттің, орталық ғылыми-бақылау комиссиясының қызметін үйлестіру.

Сайттың толтырылуының мониторингі (магистратураға арналған ғылыми блок)

IMG_9299

Алпысбаева Жанар Ашкеновна

Ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, 6М020500 Филология

мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі

Қызмет саласы:

Докторанттардың ғылыми қызметтерін бақылау

Кафедрааралық отырыстарды, этика жөніндегі комитетті, орталық ғылыми-бақылау комиссиясының қызметтерін үйлестіру

Сайттың толтырылуының мониторингі (докторантура бойынша ғылыми блок)

IMG_9398

БЕЙСЕШОВА ЖАДЫРА ЕРМЕКҚЫЗЫ

Қызмет саласы:

  1. Патенттеу мен технологияларды коммерцияландыруды қолдау бойынша қызметтер кешенін ұсынуды қамтамасыз ету;
  2. Өңірдегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды патенттеу және коммерцияландыру саласында өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

Өтініш берушілерге және әлеуетті серіктестерге зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді сапалы дайындау және беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес беру.

IMG_4482

Музапарханов Гайса Бауыржанұлы

Ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

Қызмет саласы:

«СМУ» КеАҚ ғылыми-практикалық конференцияларын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу мониторингі

Сайтты толтыру мониторингі («СМУ» КеАҚ өткізетін конференцияларды ақпараттық сүйемелдеу)

IMG_4602

Сламбаева Мадина Жумагалиевна

Ғылыми-зерттеу бөлімінің жоба менеджері.

Жоғары техникалық білімі, Биотехнология магистрі, “Болашақ” бағдарламасының түлегі (2015 жыл)

Қызмет саласы:

Ғылыми-зерттеу бөлімінің жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу; Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми орталықтарының, университеттерінің қатысуымен оқыту семинарларын, ғылыми – техникалық бағдарламаларды, жобаларды іздестіруге және іске асыруға көмек көрсету; ғылыми қызметті жетілдіру және жобалық ғылыми іс-шараларды дамыту бойынша идеяларды ұсыну; Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға қажетті құжаттарды дайындау кезінде “СМУ” КeАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналына кеңес беру;

Байланыс ақпараты

071400, Абайская область, город Семей, ул. Абая Кунанбаева, 103, Кабинеты: 121

Телефон

8(7222)56-28-88 (ішкі 1091)

Эл. почта

Жұмыс уақыты

Дс. – Жм. 09:00 – 18:00