Құрылымдық бөлім басшысы

kayrhanova-y.o.-dlya-sayta-foto.docx

Ынкар Окимхановна Кайрханова

Кайрханова Ынкар Окимхановна 2010 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының «Емдік-профилактикалық іс» факультетін үздік бітірді. 2010 жылы микробиология кафедрасына оқытушы болып қабылданды.

2015 жылы Жалпы генетика және цитология институтында «Жануарлар цитогенетикасының негіздері», «ДНҚ анализінің негіздері», «Радиобиологиядағы цитогенетикалық әдістер» біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2014 жылы магистр дәрежесін алды. 2019 жылы 6D110100 – Медицина мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды. 2017 жылдан микробиология кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі, 2020 жылдан бастап доцент қызметін атқарушы қызметінде болды.

Университеттің 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 жылдардағы ғылыми-зерттеу қызметі рейтингінің қорытындысы бойынша «Үздік жас ғалым» номинациясының жеңімпазы. 2021-2022 оқу жылында «Жалпы медицина» ББ бойынша 2 курс координаторы және ББК төрайымы болды. 2020-2021, 2021-2022 жж. жергілікті этикалық комитет мүшесі болды. 2020 жылдан бастап кафедрааралық мәжіліс пен терминологиялық комитеттің мүшесі. 2021 жылдан бастап 6D110100 «Медицина» диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы қызметін атқарады.

100-ден астам жарияланымның авторы, патенттік авторлық құқық және ұтымды ұсыныс иегері.

Эл. пошта

ynkar.kairhanova@nao-mus.kz

Бөлім туралы қысқаша мәлімет

Бөлімнің құрылу тарихы. 2008 жылы кредиттік оқыту технологиясы енгізілгенге дейін университетте 3 деканат: емдеу ісі және медициналық-профилактикалық іс, педиатрия және стоматология, шетел бөлімі және фармация факультеттері деканаттары жұмыс істеді.  Ректордың 26.05.2008 жылғы  №102  бұйрығы негізінде  емдеу ісі, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, фармация факультеттері мен қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі факультеттері  және жалпы медицина,  педиатрия факультеттері  біріктірілген 2 деканат құрылды. 2010-2011 оқу жылында  деканат кредиттік оқыту технологиясы, емдеу ісі, стоматология факультеттері және шетел бөлімі деканаты болып аты өзгертілді. 2012-2013 оқу жылында «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтарының жойылуына байланысты деканат кредиттік оқыту жүйесі (КОЖ),  стоматология  және шетел бөлімі, жалпы медицина деканаттары  болып аталды. Дипломға дейінгі білім беру деканаты (ДДББД) 2016 жылы ректордың 29.08.2016ж. №194-а бұйрығымен құрылып, барлық бакалавриат мамандықтарын «Жалпы медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация» және шетел бөлімін біріктірді.  Құрылу жылына қарамастан деканаттың көпжылдық тарихы бар.  03.06.2019ж. ДДББ деканаты қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі Мектебі болып құрылды.

Ғылымның жетістіктері мен практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес мамандықтардың жаңа білім беру стандарттарын оқу үдерісіне енгізудің толықтығын бақылау;

Студенттік ғылымды дамыту (Эпидемиология және биостатистика кафедрасымен бірге) және студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығы (кафедра меңгерушілерімен, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілерімен – ЕП) кафедраларын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

Оқу процесінің орындалуын бақылау және емтихандарды ұйымдастыру, студенттердің сабаққа қатысуын бақылау, сабақ кестесін бақылау және оқыту тілдерін ескере отырып, педагогикалық қызметкерлердің жүктемесін бөлу;

Ғылымның жетістіктері мен практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес мамандықтардың жаңа білім беру стандарттарын оқу үдерісіне енгізудің толықтығын бақылау.

Қызметкерлер

ngt-foto

Галия Турсынгазыевна Нурмадиева

«СМУ» КеАҚ» стоматология және фармация мектебі деканының орынбасары

Екінші біліктілік санатты дәрігер-онколог

Индекс-Хирша (Google Academy – 3.0)

Міндеттері: студенттердің оқу жетістіктерін талдау, оқу орынын ауыстыру, оқуды қалпына келтіруді, академиялық айырмашылықтарды жоюды және жазғы ақылы семестрді ұйымдастыру.

 

Білімі

2005-2011 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Дәрігер-терапевт» біліктілігі бойынша үздік дипломмен бакалавр.

2011-2012 – Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының БҚМП базасында «терапия» мамандығы бойынша интернатураны үздік дипломмен дәрігер-терапевт біліктілігімен бітірген.

2012-2014 – Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы базасында «Онкология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша онколог-дәрігер біліктілігімен резидентураны бітірген.

2017-2020 – Семей Мемлекеттік медицина университетінің патологиялық физиология кафедрасы базасында 6D110100 «медицина» мамандығы бойынша PhD докторантураны бітірді.

 

Жұмыс тәжірибесі

2014-2019 – Семей Мемлекеттік медицина университетінің Патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы.

2021-2022 –   КЕАҚ «МУС», Клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының ассистенті. ЦЯМиО «химиотерапия» бөлімінде химиотерапевті.

15-тен астам ғылыми еңбектің, Қазақстан Республикасының өнертабысқа 3 авторлық куәлігінің және 1 пайдалы модельге патентінің, 3 енгізу актісінің авторы болып табылады.

IMG_9458

Шуакбаева Жулдуз Рамазановна

Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі мектептері деканының орынбасары

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрі

Міндеттері: Студенттердің оқу жетістіктерін талдау,  оқу орынын ауыстыру, оқуды қалпына келтіруді, академиялық айырмашылықтарды жоюды және жазғы ақылы семестрді ұйымдастыру.

 

Білімі:

2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірді.

2017 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогика ғылымдары» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды, ҚИГЗУ.

Эл. пошта

zhulduz.shuakbayeva@nao-mus.kz
IMG_9454

Хасенова Кундыз Жылкыайдаровна

Әдіскер

“Физика және информатика” бакалавры

Міндеттері:

  • сессияның қорытындылары бойынша статистикалық есеп дайындайды;
  • стипендияны тағайындау туралы статистикалық есеп дайындайды; шәкіртақыны тиісті түрде тағайындау;
  • студенттердің оқуын қалпына келтіру және ауыстыру туралы ақпаратты дайындайды.

 

Білімі: 2004 ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Физика-информатика» мамандығы бойынша бітірді.

Эл. пошта

kundyz.khassenova@nao-mus.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі 103, 215, 217 кабинеттер

Телефон

8(7222)56-28-88 (ішкі 1046)

Эл. пошта

school.of.ph@nao-mus.kz

Жұмыс уақыты

Дс. – Жм. 09:00 – 18:00