«Семей медициналық университеті» КЕАҚ тарихы мұражайы
1986 жылдың ақпанында мұражай қоғамдық негізде ашылды.
Мұражайдың негізін қалаушы доцент, медицина институтының жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі С.С. Шарипов.
Мұражай екі көрме залынан тұрады – «Университет тарихы» және «Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының Батыры әскери даңқ залы»
Мұражайда медициналық университеттің құрылуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі бүкіл тарихы мен қызметі, сонымен қатар Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерліктерін бейнелейтін түпнұсқа және фото құжаттар көрсетілген.
Мұражайда кафедралар мен курстардың, факультеттердің, кітапханалардың қызметі, студенттік өмір, көркемөнерпаздар үйірмелері, спорттық ерліктер, мемлекеттік университет марапаттары ұсынылған.
«СМУ» КЕАҚ базасындағы мұражай – ғылыми құндылықтарды мақсатты түрде жинайтын, сақтайтын, экспонаттайтын мәдени мекеме. Мұражай жұмысы үш бағытта жүзеге асырылады:
- тәрбиелік (студенттердің бойында патриоттық сананы қалыптастыру);
- ғылыми зерттеулер (Отан тарихын зерттеу);
- мәдени-сауық.
2009 жылдың қазан айынан бастап мұражай университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болды.
Бейбітшілік мұражайы
Бейбітшілік музейі 2007 жылы құрылды. Музейдің ашылуына жыл сайын өтетін «Экология. Радиация. Денсаулық» атты Халықаралық конференциясы себеп болды. Конференияны ұйымдастырушылар Хиросимо және Нагасаки қалаларының ғалым-дәрігерлері.
Музейдегі құнды экспонаттар қатарына ғалымдардың өз қолдарымен табыстаған Хиросимо, Нагасаки қалаларының қайғылары туралы туралы фотоқұжаттары мен макеттері кіреді. Сонымен қатар, музейде ғалымдардың ядролық сынақтың адам өміріне, қоршаған ортаға тигізер әсерлері туралы еңбектері сақталған.
Экспонаттар мынандай бөлімдерден тұрады:
- Семей ядролық сынақ полигоны
- Ядролық сынақтар саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Невада- Семей. Хирасима-Семей
- Хирасимо- Нагасаки атомдық бомбалары.
- Хиросима мен Нагасаки бүгінде
- Балалар бейбітшілік үшін.