18 қарашада 2022 жылы балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті С. Ж. Рахимбаева Жалпы медицина мамандығының 3 курс студенттерімен, № 1 жатақханада электронды темекі шегудің зияны туралы дөңгелек үстел өткізді. Алдымен презентация көрсетілді. Олардың денсаулыққа зиянды әсері туралы мәселелер талқыланды. Іс-шараның мақсаты: Электрондық темекіні пайдаланудың теріс әсері мен салдары, олардың құрамы мен ағзаға әсері туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. Тыңдаушылар ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады. Жалпы студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жаңа білім алды.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу