17 қарашада Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен практикалық денсаулық сақтау өкілдерімен Қоғамдық денсаулық кафедрасында Erasmus+ “Harmonee/ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану” жобасының қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында жұмыс берушілерге жаңа 2023-2024 оқу жылына арналған магистратураның элективті пәндерінің каталогы ұсынылды. Элективті пәндер каталогында 9 модуль бар: Қоғамдық денсаулыққа кіріспе; Жаһандық денсаулық және аурудың ауыртпалығы (жетілдірілген курс); Бірыңғай денсаулық; Еңбек гигиенасы (жетілдірілген курс); Экологиялық және кәсіптік токсикология (жетілдірілген курс); Жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы (жетілдірілген курс); Тамақтану саласындағы түсініктер мен келіспеушіліктер (жетілдірілген курс); Қоғамдық денсаулық сақтаудың әлеуметтік-мінез-құлық аспектілері (жетілдірілген курс) және денсаулық сақтауды басқару. Әрбір пән бойынша оқуға арналған пререквизиттер мен постреквизиттер белгіленді және оқытудың мақсаты мен түпкілікті нәтижелері ұсынылды. Жалпы, мүдделі тараптар бұл пәндерді енгізудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысқандары үшін барлығына алғыс айтамыз!