2022 жылғы 22 қарашада Профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында, оқытушы Бикажанова А. Е. 4416-топпен “Бастың топографиялық анатомиясы” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы “KEYPS” қосымшасындағы тақырыптық жоспарға, силлабусқа, блюпринттерге сәйкес келді. Сабақты өткізу әдістемесі: бірінші бөлімде сұрақ-жауап түрінде өткізілсе, екінші бөлімінде-операциялық блокта студенттер “косметикалық тігіс” салу техникасын көрсетті. Барлық студенттер тақырыпты талдауға белсенді қатысты. Сабақта анатомиялық муляждар, Kahoot, анатомиялық үстел қолданылды.
Ашық сабаққа қатысқандар: Т.А. Назаров атындағы физиологиялық ғылымдар кафедрасының оқытушысы, магистр А. К. Қанатбекова, Профессорлар Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедралары меңгерушісі Кожанова С. К., кафедраның аға оқытушысы Есболатова Г. М. және доцент, м.ғ.к. Темірбеков Д. А.