2022 жылдың 20 маусымда «Фармация» (МАК) мамандығы бойынша бітірушілердің қорытынды Мемлекеттік аттестациялаудың 1-кезеңі өтті. Бірінші кезең – «Фармация» мамандығының барлық пәндері бойынша кешенді тестілеу. Тестілеу ҰТЕО платформасында Proctoring арқылы жүргізілді (20.06.2022 АТО-да)
2022 жылдың 23 маусымда II кезең- объективті құрылымдық емтихан ҰТЕО тапсырмаларына сәйкес келесі тәжірибелік дағдылар бойынша: «Дәрілік заттардың фармацевтикалық технологиясы», «Дәрілік шикізаттың фармакогностикалық талдауы», «Дәрілік заттардың сапасын бақылау», «Дәрілік заттарды қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыру», «Коммуникативтік дағдылар» өткізілді.
МАК төрағасы: Турубаева Наталья Евгениевна – ЖК «Турубаева Н.Е.» дәріхана директоры.
МАК орынбасары: Омаркулова Римма Ахметкаримовна – ЖШС «Орталық дәріхана», фармацевт, хатшы Абленова А.Т.
Емтиханның екі кезеңінің қорытындысы бойынша студенттер өте жақсы нәтиже көрсетті, орташа балл жоғары болды.