Жалпы білім беру пәндер кафедрасының және «Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 21 сәуір күні «Ахмет Байтұрсынов – Ұлт көшбасшысы» атты студенттердің интеллектуалдық олимпиадасы болып өтті. Ақын, ғалым, түріктанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің бәйтерегі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген олимпиадаға Жалпы медицина мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен үш команда іріктеліп алынды. Олимпиаданы өткізудегі басты мақсат Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау және студенттеріміздің қоғамдық ғылыми білімдерін, тарихи ойлау дағдыларын жетілдіріп, қалыптастыру. Қатысушы командалар ішінде 1106 топ «Алаш» командасы, 1103 топ студенттері «Зияткерлер» командасы, 1103 топ студенттері «Алмас» командасы атаулы сайысқа барынша дайындықпен келгендіктерін көрсете білді. Үш кезеңнен тұратын сайыс қорытындысы бойынша «Зияткерлер» тобы жүлделі І орынды, «Алаш» тобы жүлделі ІІ орынды және «Алмас» тобы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды атаулы жеңістерімен құттықтаймыз және олардың болашақта ұлт болашағы мен мүддесі жолынды қызмет атқарушы білікті де білімді маман иесі атанатындықтарына сенімділік білдіреміз.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушысы Л.К. Садықова